Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдондағы «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші айналымында жеңіліс тапты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыстың 10-нөмірлі сеянныйы атанған қазақстандық теннисші әлемнің жетінші ракеткасы, турнирдің алтыншы нөмірлі сеянныйы америкалық Тейлор Фрицпен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Бубликтің 6:7 (1:7), 4:6, 4:6 есебімен жеңілісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 41 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 13 эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және иеленген үш брейк-пойнттың біреуін ғана сәтті пайдаланды.
Осылайша, Қазақстанның үздік теннисшісі шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына бір қадам қалғанда тоқтады. Сонымен қатар, Бублик Уимблдон-2026 турнирінің төртінші айналымына шыққаны үшін рейтинг қоржынына қосымша ұпайлар қосты.
По сообщению сайта SportInfo