Крыша,
19 февраля 2024
в 18:17
«Отау» бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады. 30 сәуірге дейін ел тұрғындары Баспана маркет (otbasybank.kz) порталы арқылы өтініш бере алады. Оның уақыты маңызды емес.— Алматы мен Астанада ең көбі — 30 млн теңге, басқа өңірлерде 18 млн теңге беріледі. — Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында ҚТК кепілдік берген ғимарат құрылысына үлестік қатысуды қоса алғанда, тек жаңа үйден баспана алуға мүмкіндік бар; — басқа аймақтарда кез келген үйді рәсімдеуге болады.— «Отау» бағдарламасы жұмыс істейтін жастарға, жас отбасыларға және Отбасы банк салымшыларына арналған.
Arna Press,
19 февраля 2024
в 12:28
Әріптестермен жұмыс орнында туған күн немесе қызмет бойынша жоғарылауды атап өту салдары айыппұл немесе тіпті әкімшілік қамауға алу болуы мүмкін — егер үстелде алкоголь болса, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда ішімдік ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға шығу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатыны белгілі.
Arna Press,
16 февраля 2024
в 12:58
2-топтағы мүгедектігі бар әйел өз еркімен жүріп-тұра алмаған. Ол реабилитациядан өту үшін «Алматы-Бангкок» рейсі арқылы Таиландқа ұшқан. Дегенмен әуежайға жеткенде мүгедектер арбасын таппай қалған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Ұшаққа мінер кезде әуежай қызметкерлері оны мүгедек арбасын багажға өткізуге міндеттеген.
Arna Press,
16 февраля 2024
в 11:18
Жалған «полиция қызметкерлері» ер адамды алдап, ақшасын иемденіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Олар азаматтың жеке деректерін біліп алып, содан кейін оның шотынан 925 мың теңге шешіп алған.Жарма ауданының тұрғынын белгісіз адамдар тоқтатып, олар тәртіп сақшылары болып танысып, одан жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған.
Arna Press,
10 февраля 2024
в 15:28
Facebook-те қазақстандықтарға мемлекеттен 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленетіні туралы жарнамалық ақпарат тағы да шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды. Бұл хабарландыру – фейк.Бұл белгілі алаяқтық схема.
Arna Press,
10 февраля 2024
в 14:18
ҚМА елордалық департаменті Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алынды.
Arna Press,
09 февраля 2024
в 11:08
Алматы облысында мектеп есепшісі 90 миллион теңге жымқырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.
Arna Press,
29 января 2024
в 19:48
Тұрғындардың көптеген шағымдары бойынша прокуратура облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, «Семей.Мурат.Доверие» және ПКСЛ «Бобровка» саяжай кооперативтерінің қызметін тексерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тексеру барысында соңғысының тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз монополиялық қызметті жүзеге асырғаны, электр энергиясына жоғарылатылған тарифтер белгілегені, электр желілерін жалға алғаны үшін негізсіз төлем алғаны және т.б. құқық бұзушылықтар анықталды.«Осылайша, кооперативтер электр энергиясын өндіруші болып табылмайтындықтан, энергия өндіруші компаниядан 1 кВт-қа 14,202 теңге сатып алып, оны жоғарылатылған тариф бойынша (1 кВт үшін 18 теңге, яғни 4 теңгеге қымбат) 8,5 мыңнан астам тұрғындарына сатты.
Arna Press,
26 января 2024
в 12:48
Қазақстанда 220 триллион теңгенің қаржылық операциялары тексеріліп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысаны, соның ішінде шетелде 131 нысан анықталғаны айтылды. Жалпы құны 448 миллиард теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды.
Крыша,
25 января 2024
в 14:47
Көп адам зейнетке шыққаннан кейін қордан ақша алу мүмкін емес деп ойлайды. БЖЗҚ төлемдері бірнеше жылға созылады және негізгі зейнетақыға қосымша ретінде қызмет етеді. Krisha.kz олай емес екенін анықтады. Қазіргі зейнеткерлер жылжымайтын мүлік және т.б. сатып алу үшін жиналған зейнетақысын ала алады.Қалай алуға болатынын және зейнетақы мөлшері өзгере ме, айтып береміз.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) түсіндіргендей, зейнетке шыққандар жинағының бір бөлігін ала алады.Бұл мүмкіндік міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) құралған зейнетақы қоры бар адамдар үшін ғана қолжетімді.Маңызды шарт — зейнетақының жалпы сомасы бұрынғы табыстың, яғни зейнетке шыққанға дейінгі жалақының кем дегенде 40%-ын құраған жағдайда ғана ақша алуға болады.Алуға болатын соманы есептеу үшін зейнетақы қорының кеңесшісіне хабарласу керек.Әркімге жеке есептейді, БЖЗҚ мамандарына хабарласыңыз.Барлық соманы ала алмайсыз, жинағыңыздың 50%-дан аспайтын бөлігін ала аласыз.
Крыша,
24 января 2024
в 15:17
Қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматы мен облыста жалға берілетін үйге сұраныс күрт артты. Бірақ бұл бағаға әсер еткен жоқ. 24 қаңтардағы мәлімет бойынша нарықта басқа өзгеріс жоқ. Пәтер сататындардың саны артпады, халықтың жаппай Астанаға ағылып жатқаны да байқалмайды.Талдаушылар берген мәлімет бойынша қысқа мерзімге жалға берілетін үй, саяжай алатындар көбейген.
Arna Press,
22 января 2024
в 15:58
Премьер-министр Әлихан Смайылов БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет басшысы сенатор Бекболат Орынбековтың сауалына берген жауабында қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы азаматтардың барлық табысына 10 пайыздық мөлшерлемемен есептелетінін айтты.
Arna Press,
18 января 2024
в 19:58
2023 жылы қазақстандықтар көліктерінің VIP нөмірлерін алуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың 18 қаңтарындағы есеп бойынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл ішінде 30 мыңға жуық сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін берген.«Көлік иелері олар үшін 10 миллиард теңгеден астам төлеген.
Arna Press,
18 января 2024
в 13:48
Астанада жеке сот орындаушылары мүмкіндігі шектеулі жандарды жәрдемақыдан айырып, есепшоттарын заңсыз басып алған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларымен мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарына тыйым салынғанын анықтады.Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді.Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.
Arna Press,
17 января 2024
в 11:58
2023 жылы арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істерді тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өткен жылы арнайы прокурорлар атышулы істерді қарады. Олар бойынша сотталған:Сонымен қатар жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар — ҰҚТ жетекшісі Жұмагелдиев, ҰҚК 5–ші департаментінің бұрынғы бастығы Ысқақов, Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Құдайбергенов, бандитизм мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін-Махатов (Қорғас қылмыстық ісі бойынша «агент Саныч» деген атпен белгілі), Алматы қаласында метро құрылысына арналған жабдықтарды сатып алу кезінде 5 млрд. теңге жымқырған «Метрополитен» басшылығы, сөндіру барысында орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапқан Абай облысындағы орман өрті үшін «Семей Орманы» резерватының басшылары бойынша істер сотқа жолданды.Сондай-ақ Абай облысындағы өрттер бойынша Экология министрлігінің және бірыңғай энергия жүйесіндегі іркіліске алып келген «KEGOC» пен 3-ЖЭС-тегі апат фактісі бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде.Қарағанды қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы мекемеде 14 мүгедек баланың улану және Алматыдағы жатақханада 13 адамның өмірін қиған өрт жағдайлары тергелуде.Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталуда.
Arna Press,
12 января 2024
в 13:28
Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады.Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды.Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді.Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау). ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.Сурет: Polisia.kz
Arna Press,
12 января 2024
в 12:18
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ төлемдері 5%-ға өсті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Әдістемеге сәйкес зейнеткерлікке шығатын азаматтарға төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді қабылдаудың бірінші жылында жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне 6,5% көбейтіліп, 12-ге бөлінеді», — деп хабарлады БЖЗҚ.Белгілі бір санаттағы алушыларға: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жалпы сомасы кемінде алпыс теңгені құрайтын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдарға ай сайын, әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін ұлғайту факторларын түзету қарастырылған.«Жоғарыда аталған шарттардың біреуінен артық қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәнді түзету коэффициенті қолданылады», — делінген хабарламада.Бұл ретте, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің (2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің) кемінде 70%-ы мөлшерінде жүзеге асырылады. (Минимум 43 407 теңге).
Arna Press,
10 января 2024
в 16:08
Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді. Оның мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекстің 80-ші бабында айқындалады және ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сай, 1 АЕК — 3 мың 692 теңге болып белгіленген.
Крыша,
10 января 2024
в 15:17
Алматыда 13 мыңнан аса лифт тіркелген. Оның 200-ге жуығының жұмыс істеп тұрғанына 25 жылдан асып кеткен. Krisha. kz жаңа лифт қанша тұратынын, оны бөліп төлеу арқылы рәсімдесе тұрғындар қанша жыл ақша төлейтінін анықтады.Жолаушы таситын жеделсаты — қымбат дүние. Оның құны өндіруші мен техникалық сипаттамасына байланысты бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін.
Arna Press,
10 января 2024
в 14:18
Ұлттық банк Қазақстанда айналымда қанша қолма-қол теңге бар екенін және азаматтар тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде банкноттарды қаншалықты жиі пайдаланатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша айналыстағы қолма-қол теңге көлемі 3,5 триллион теңге болғанын хабарлады.Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр.
Arna Press,
08 января 2024
в 12:58
2024 жылы АЕК 3 692 теңгеге дейін өсті. Соған байланысты қазақстандықтарға салынатын айыппұлдар да өзгерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жол қозғалысы ережесін бұзу.2024 жылы автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 18 460 теңге болады.
Arna Press,
03 января 2024
в 15:18
1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы төлемі өсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомство мәліметінше, 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы төлемі Ұлттық банк анықтаған болжамды инфляция деңгейіне сәйкес жеті пайызға, ынтымақты зейнетақы тоғыз пайызға өсті, яғни инфляция деңгейінен екі пайызға озды.«Бюджеттен төленетін зейнетақының орташа жиынтық мөлшері (Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді есепке алмағанда) 2024 жылы 130 414 теңге (2023 жылы – 120 838 теңге) болады», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны жыл сайынғы кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ең жоғарысын 120 пайызға дейін арттыру жүзеге асырылады.
Tengrinews,
29 декабря 2023
в 13:03
Бүгінде Жетісу өңірі табысты инвестициялау үшін жаңа мүмкіндіктер мен орасан зор әлеуетті ұсынып отыр. Облыста 5 стратегиялық бағыт бойынша жаңа инвесторларды тарту, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде: агроөнеркәсіптік кешенді, көлік және логистиканы, туризмді, баламалы энергетика мен өнеркәсіпті дамыту.
Крыша,
27 декабря 2023
в 12:17
Krisha.kz-тің аналитика қызметі биыл Қазақстанда жалға берілетін пәтер бағасы біршама тұрақты болды деп хабарлады.Қаңтар мен сәуір аралығында 3.5 % арзандаса, мамыр мен қыркүйек аралығында 12.8 % өсім көрсетті. Қазан айында баға тағы түсті.Қыстың алғашқы айында қарашамен салыстырғанда 2 % арзандады.Бұл құбылыс Krisha.kz мониторинг жүргізетін 13 қаланың (2024 жылы қала саны артады) 8-інде байқалды.Жалға берілетін пәтер құны түскен қалалар:Ақтау, Павлодар, Көкшетауда баға бірқалыпты болды.Петропавл мен Ақтөбеде 1 және 2 % қымбаттады.Ең қымбат баспана Алматыда: 1 шаршы метрі 5.7 мың теңге тұрады.
Tengrinews,
27 декабря 2023
в 09:33
Павлодарда бюджет қаражаты су болып ағып жатыр. Қалалық әкімдік 53 миллион теңге жұмсап, салып жатқан мұз қалашық еріп кетті. Кеше ауа темпратурасы +3 градусты көрсетіп, жер көк көлшікке айналған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Крыша,
26 декабря 2023
в 15:17
Қазақстан тұрғындарына жаңа жеңілдікті ипотека қажет екені былтырдан бері айтылып келеді, бұған құрылыс пен банк секторында жылдам ақша жоқтығы қатты әсер етті.Krisha.kz жағдайды зерттеп, қазіргі жеңілдікті ипотекалар қалай жұмыс істейтінін біліп, Қазақстанда жаңа жеңілдікті ипотека іске қосыла ма, жоқ па, анықтады.Krisha.kz сайты қарашаның аяғында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен жаңа ипотеканы іске қосу туралы сұраған еді, ведомство былай жауап берді:— Бүгінгі таңда министрлік өз құзыреті шеңберінде нарықтық ипотекалық бағдарламалар әзірлемейді.
Tengrinews,
21 декабря 2023
в 21:13
В столице состоялась церемония награждения лучших спортсменов года по национальным видам спорта «Алтын тұғыр-2023», организованная Национальной спортивной ассоциацией при поддержке партии Amanat. Наградами удостоены спортсмены, участвовавшие в соревнованиях внутри страны и на международном уровне. Открывая мероприятие, спикер Мажилиса, председатель партии Amanat Ерлан Кошанов зачитал приветственное слово Президента Касым-Жомарта Кемелевича Токаева участникам церемонии награждения премии «Алтын тұғыр».
Костанайские Новости,
21 декабря 2023
в 10:21
«Үшіншіге орын жоқ», неліктен берешекті реттеу кезінде делдалға жүгінудің қажеті жоқ! Қаржы нарығының сарапшылары 90 күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылардың санының артуына байланысты қазақстандықтарға берешекті реттеу, қарызды азайту немесе оны толық есептен шығару сұрақтары бойынша өз қызметтерін ұсынатын делдалдардың хабарландыруының саны артып келе жатқанын атап өтті.
Arna Press,
20 декабря 2023
в 16:38
20 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы зейнетақысы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз.
Arna Press,
20 декабря 2023
в 12:28
Қазақстанның Қарулы күштерінің қатарында әскери борышын өтеп жүрген 5 мыңнан астам сарбаздың несие бойынша төлемі кейінге қалдырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі кезде 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініштері қаралу үстінде.