Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "2017 ЖЫЛ"

Мұғалім, асаба, сценарист. Танымал жайдарманшылар қазір немен айналысып жүр?

Источник: TengriNews Дата: 15 ноября 2019 в 17:13

Мұғалім, асаба, сценарист. Танымал жайдарманшылар қазір немен айналысып жүр? Өткен аптада Tengrinews.kz тілшісі Жайдарман түлектерінің қазір немен айналысып жүргенін баяндаған еді. Көбі өнер саласынан алыстамаған — актер, сценарист, режиссер. Назарларыңызға жайдарманшылардың қазіргі қызметі жайлы материалдың екінші бөлімін ұсынамыз. Шенеунік, актер, режиссер. Танымал жайдарманшылар қазір немен айналысып жүр?Еркебұлан МырзабекЕркебұлан Мырзабек © instagram.com/rollanulyЭкс-жайдарманшы Түркістан қаласы «Жарайсыңдар жігіттер» командасының капитаны болған.

«Ақтөбе» газеті — батырлар мекенінде

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 10:02

«Ақтөбе» газеті — батырлар мекенінде Сәрсенбі күні «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газеті 95 жылдық мерейтойы аясында Қобда ауданына барып, оқырмандарымен кездесіп қайтты. Жуырда ғана өзінің 90 жылдық тойын тойлаған батырлар мекені ғасырға жуық тарихы бар газет ұжымын зор ықыласпен қарсы алды.1929 жылы шілде айында құрылған елдік пен ерліктің мекені — Қобда ауданында бүгінде 20 мыңға жуық халық тұрады.

«Айына 10-12 мың теңге». Алматылық жастар қандай бағдарламамен баспана ала алады?

Источник: TengriNews Дата: 13 ноября 2019 в 13:13

Қазір мемлекеттік бағдарламалар аясында баспананы тиімді алуға болады. Алайда олар туралы көбі нақты ақпарат біле бермейді. Алматылық жастарға баспана алудың қандай жолдары бар? Бұл Tengrinews.kz тілшісі материалында.Бағдарлама қашан іске қосылған еді?Алматылықтарға арналған «Алматы жастары» бағдарламасы «2020 жылға дейін жастарды қолдау жол картасы» аясында 2017 жылы іске қосылған.

Біздің фристайлшы әлем чемпионатына қатысады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 ноября 2019 в 11:02

Біздің фристайлшы әлем чемпионатына қатысады Ақтөбелік Нұрсейіт Досмағамбетов фристайл футболынан 13 қарашада Майамиде өтетін әлем чемпионатына қатысады. Жерлесіміз 2014 және 2017 жылдары Қазақстан чемпионатында күміспен күптелсе, 2015, 2016 жылдары алтын медаль иеленген. Сегіз жылдан бері осы спорт түрімен кәсіпқой деңгейде айналысып жүр. Күнделікті 4-5 сағатын жаттығу жұмыстарына арнайды.

«Адалдық сағаты» өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 18:22

«Адалдық сағаты» өтті Сәрсенбі күні облыстағы барлық білім ордаларында бір мезетте республикалық «Адалдық сағаты» өтті. Қаладағы №56 мектепте ұйымдастырылған шараға Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Досанов қатысты.Кездесу барысында парасаттылық пен адалдық ұстанымдары туралы сөз болып, мектеп оқушылары «Адал ұрпақ» жобасы аясында атқарылған жұмыстары туралы әңгіме өрбітті.— Сыбайлас жемқорлық — әлемдегі барлық елде бар.

«Таныстарым минадан жарылып кетті». ДАИШ құрамында снайпер болған жігіттің оқиғасы

Источник: TengriNews Дата: 05 ноября 2019 в 13:23

Бақтияр Ибраев Ауғанстанда бірнеше жыл соғысып, кейін Сирияда снайпер болған. Террористік ұйымның қатарында болған ол елге оралған соң кешірім сұрады. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Бақтиярдың Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.Ибраев — бес баланың әкесі.

Ақтөбеге үкіметтің жұмыс тобы келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 ноября 2019 в 11:02

Ақтөбеге үкіметтің жұмыс тобы келді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келіп, аймақтың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап, қоғам белсенділерімен кездесті. Кездесулер Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Мәдениет және спорт Вице-министрі Елдос Рамазанов, Ақпарат және Қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова және облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өтті.

Қымыз палатасы, ортақ әліпби және той кортеждеріне рұқсат — Іске аспай қалған даулы ұсыныстар

Источник: TengriNews Дата: 04 ноября 2019 в 12:53

Қымыз палатасы, ортақ әліпби және той кортеждеріне рұқсат  - Іске аспай қалған даулы ұсыныстар Елімізде «Асханасы мен әжетханасы ортақ жатақхана салу» туралы не «әлеуметтік желіде рұқсатсыз тіркелген балалардың ата-анасына айыппұл салу» туралы депутаттық ұсыныстар қызу талқыланған еді. Алайда депутаттардың бұл ұсыныстары тек идея түрінде қалды. Tengrinews.kz тілшісі қоғам талқысына түсіп, іске аспай қалған ұсыныстарға шолу жасады.Асханасы мен әжетханасы ортақ жатақхана салу2017 жылы сәуірде депутат Азат Перуашев ауылдан шыққан жастарға асхана мен әжетханасы ортақ жатақхана салуды ұсынған болатын.

Джеки Чан, Роналду және Тайсон — Қазақтың шапанын киген әлем жұлдыздары

Источник: TengriNews Дата: 01 ноября 2019 в 15:33

Джеки Чан, Роналду және Тайсон - Қазақтың шапанын киген әлем жұлдыздары Қазақта шапан жабу — үлкен құрметтің белгісі. Соңғы кездері осы дәстүрдің ізін суытпай жалғап жүрген әлемге танымал әнші — Димаш Құдайберген. Барған жеріне қазақтың домбырасы мен шапанын алып жүретін әнші күні кеше «Вечерний Ургант» бағдарламасында жүргізушіге сыйлады. Tengrinews.kz тілшісі қазақтың шапанын киіп көрген танымал адамдарға шолу жасады.

«Маған өлім жазасын берді». Сирияда әкесі мен ағасынан айырылған жігіттің оқиғасы

Источник: TengriNews Дата: 01 ноября 2019 в 14:03

Абзал Амангелді бала кезінде отбасымен бірге Сирияға аттанған. Террористер қатарына қосылған отбасы елге екі мүшесінен айырылып оралған. Абзал елге келгеннен кейін Adil ukim YouTube-арнасына сұхбат берген. Тengrinews.kz тілшісі Абзал Амангелдінің Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.Абзал бала кезінде әкесі мен Нұрдәулет есімді ағасының ықпалымен Сирияға аттанған.«Ағам жиһадтың не екенін түсіндірді, әкем «мақұл» деп келісе кетті.

Камзол кию, садақа бергендерге айыппұл, еденде оқыту — Іске аспай қалған даулы ұсыныстар

Источник: TengriNews Дата: 30 октября 2019 в 18:43

Камзол кию, садақа бергендерге айыппұл, еденде оқыту - Іске аспай қалған даулы ұсыныстар Қыздарға күнделікті өмірде қамзол киіп жүруге міндеттеу не Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп ауыстыру немесе оқушыларға мүшеқап тарату туралы ұсыныстар қызу талқыланған еді. Алайда депутаттардың бұл ұсыныстары тек идея түрінде қалды. Tengrinews.kz тілшісі қоғам талқысына түсіп, іске аспай қалған ұсыныстарға шолу жасады. Қазақстанды «Қазақ елі» деп атау2019 жылы 23 қаңтарда мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев үкімет басшысының атына «Қазақ Республикасы» атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынды.

«Бесбармақтың түрі ұнамады». Әлемге танымал спортшылар Қазақстан туралы не деген?

Источник: TengriNews Дата: 23 октября 2019 в 14:43

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берген болатын. Бұған дейін де әлем спортының танымал өкілдері Қазақстан туралы ойларын бөліскен. Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан мен оның спорты туралы пікір білдірген атақты спортшыларға шолу жасады.«Қазақстанда бокс ғажап дамыған«© vesti.ruUFC жұлдызы Конор МакГрегор Киевке барып, сонда баспасөз мәслихатын өткізген.

«Ағам мұнда өлу үшін келдім деді». Сирияға 14 жасында кеткен жігіттің оқиғасы

Источник: TengriNews Дата: 18 октября 2019 в 11:33

Диас Амангелді 14 жасында Сирияға аттанып, ДИАШ құрамында төрт жыл өткізген. Биыл ол отбасымен бірге «Жусан-2» операция кезінде елге қайтарылды. Амангелді Сирияға баруы жайлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне айтып берген. Тengrinews.kz тілшісі Диас Амангелдінің Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.

Әзілкеш Жасын Қанбаев әке атанды

Источник: TengriNews Дата: 17 октября 2019 в 16:33

Әзілкеш Жасын Қанбаев әке атанды Белгілі тележүргізуші, әзілкеш Жасын Қанбаев әке атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қуанышты хабарды әзілкеш Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. «Туған күнімізбен!», — деп жазған әзілкеш. Кейін тележүргізуші бұл мәліметті телефон арқылы тілшімізге растады. Посмотреть эту публикацию в InstagramТуған күнімізбен! ????

Архив қоры Орынбордан әкелінген құжаттармен толығады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 13:02

Архив қоры Орынбордан әкелінген құжаттармен толығады Ең алдымен тарихыңды тану, тарихи сананы қалыптастыру арқылы ғана ұлттық сана қалыптаспақ. Жазба ескерткіштерде, деректер мен құжаттарда қалған ата-бабалардың ерлік істеріне, ізгілікті, елдікті қорғау жолындағы ұшан-теңіз еңбегіне, яғни өз тарихыңа деген мақтаныш ұлттық рухты көтеруге жол ашады. 1995 жылы қабылданған «Тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы», 1998 жылдың Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық тарих жылы болып жариялануы, 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» және 2013 жылғы «Халық тарих толқынында» бағдарламалары елімізде о бастан-ақ қазақтың тарихын зерттеуге бағытталған жұмыстарды жандандыру мақсаты алға қойылғанын көрсетеді.

Мектеп құрылыстары неге кешіктіріліп жатыр?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 12:32

Мектеп құрылыстары неге кешіктіріліп жатыр? Облыстық тамыз кеңесінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудан әкімдеріне, облыстық білім басқармасының басшысына кезек күттірмей шешілуі тиіс бес міндетті жүктеген болатын. Сол міндеттердің бірі — жылдарға созылған, дер уақытында тапсырылмаған құрылыс жұмыстарын аяқтау. Облыс басшысы: «Құрылыс жүріп жатқан мектептердің ішінде жұмыс көлемі 65-80 пайыз аралығында орындалған нысандардың уақтылы пайдалануға берілмеу қаупі бар» деп жұмыстарды бақыламаған тиісті мекемелердің басшыларын сынға алған-ды.

Балалар футболы қайтсе дамиды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 12:13

Балалар футболы қайтсе дамиды? Оқушылар арасында спортты дамыту мақсатында облыстың көптеген мектептерінде аула клубтары құрылып, жекелеген және командалық спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істей бастады. Негізінен көпшілік аула клубтарында балалар футболының дамуына басым бағыт берілді. Шетел тәжірибелерінен де үйрену жоспарланды.

Қазақстандық боксшылар биыл қандай чемпиондық белбеу жеңіп алды?

Источник: TengriNews Дата: 15 октября 2019 в 17:13

Қазақстандық боксшылар биыл қандай чемпиондық белбеу жеңіп алды? 2019 жылы қазақстандық бірқатар боксшы чемпиондық белбеу иеленді. Бірі басты ұйымдардың әлем чемпионы титулын алса, кейбірі өңірлік және екінші дәрежелі белбеулер жеңіп алды. Тengrinews.kz тілшісі 2019 жылы чемпиондық белбеу иеленген боксшыларға шолу жасады.Геннадий Головкин© instagram.com/gggboxingҚазанның басында орта салмақта өнер көрсететін Геннадий Головкин өзіне әлем чемпионы атағын қайтарып алған.

Сиыр еті, тезек және кондиционер. Қазақстандық шенеуніктер алған ерекше паралар

Источник: TengriNews Дата: 15 октября 2019 в 15:13

Сиыр еті, тезек және кондиционер. Қазақстандық шенеуніктер алған ерекше паралар Қазақстанда кей шенеунік параны ақшалай ғана емес, тауар ретінде де алады. Бүгін Маңғыстауда мемқызметші пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінген. Тengrinews.kz тілшісі параны ақшалай емес, тауар ретінде алып, істі болған шенеуніктерге шолу жасады.КондиционерМаңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінді.Қазір оған қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқаны айтылады.«Ол шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша комиссияның төрағасы бола тұра осы аталған мемлекеттік мекемедегі бөлім басшысынан пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінді.Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында аталған ММ-нің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысына қатысты облыс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматтарға жұмыс визаларын кедергісіз бергені және ұзартқаны үшін бірнеше рет 500-ден 1000 долларға дейін пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.Үш бөлмелі пәтерБиыл шілдеде «Астана су арнасының» бұрынғы басшысы Уәлихан Досаев пара ретінде үш бөлмелі пәтер иемденгені үшін жазаланған.

Ақтөбелік 40 кәсіпкер арнаулы курстан өтпек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 октября 2019 в 10:32

Ақтөбелік 40 кәсіпкер арнаулы курстан өтпек Дүйсенбі күні Ақтөбе қаласында «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында қолға алынған «Іскерлік байланыстар» жобасы өз бастауын алды. Аталған шара бойынша 40-тан астам ақтөбелік кәсіпкер тегін оқып, шетелдік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алмақ. Мұндағы мақсат —экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткізіліп жатқан «Іскерлік байланыстар» жобасының алғашқы кезеңі өңірлік деңгейде болады.

«500 мыңға жуық адам қаза тапқан». Әлем тарихындағы жойқын тайфундар

Источник: TengriNews Дата: 14 октября 2019 в 17:23

Осыдан екі күн бұрын 12 қазанда Жапонияға ең қуатты тайфун келе жатқаны хабарланған. Табиғи апаттан төніп тұрған қауіпке байланысты 12 қазанда сағат 10:00-ден пойыздар тоқтатылған. Сонымен қатар, Japan Airlines-тың 513 рейсі жұмысын тоқтатқан. Метеорологтардың айтуынша, Хагибис тайфуны соңғы 60 жылдағы ең ірі әрі қуаттысы екен.

Ойыл ауданының Бестамақ ауылына газ берілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 октября 2019 в 12:02

Ойыл ауданының Бестамақ ауылына газ берілді Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Ойыл ауданына барып, сондағы шаруа қожалықтары басшыларымен кездесті, асылтұқымды малдардың жай-күйімен танысты. Бұдан бөлек, жаңа мектеп ғимаратына бас сұғып, Саралжын ауылдық округіне қарасты Бестамақ ауылы тұрғындарының қуанышымен бөлісті. 18 мыңнан астам тұрғыны бар аудандағы негізгі мәселенің бірі — көгілдір отын.

«Өмірге қайта келгендей болдым». Қатерлі ісікті жеңген зағип музыкант

Источник: TengriNews Дата: 11 октября 2019 в 11:13

Саида Қалықова 9 жасында көз жанарынан айырылған. Музыка әлеміне енді қанат қағып келе жатқан оның арманы бір сәтте күл болғандай көрінді. Себебі 8 жасында оның миында қатерлі ісік бар екені анықталып, ота жасалған. Саиданың айтуынша, басына жасалған ота салдарынан оның көру жүйке жүйесі зақымдалған.

Ауылға барды, баспана алды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:32

Ауылға барды, баспана алды «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын.ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.Бүгінгі күні облыста «Дипломмен — ауылға» бағдарламасымен елді мекендерге барып, білім беру, медицина, спорт саласында абыройлы еңбек етіп жүрген жастар көп.

Мүгедек балалар неге көп?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:12

Мүгедек балалар неге көп? Газетіміздің өткен сандарының бірінде мүмкіндігі шектеулі екі баласын бағып отырған әке туралы жазғанбыз. Нағыз асыр салып ойнайтын шағында сал боп жерде домалап жатқан балаларды көргенде ол жерде көп тұра алмадық, біразға дейін жүрегіміз ауырды. Мүгедек бала — бір отбасының ғана емес, қоғамның мәселесі. Әсіресе, туа біткен генетикалық кемістікті емдеу қиынға соғады екен.

«Іздеп жүргенімді білсін». GGG-ге тіс қайрап отырған боксшылар

Источник: TengriNews Дата: 09 октября 2019 в 14:33

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақта IBF және IBO белбеулерін иеленгеннен кейін жанкүйерлерді келесі қарсыласының кім болатыны қызықтырады. Әзірше түрлі болжам бар. Ал промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшының ықтимал қарсыластарын атады. Tengrinews.kz тілшісі GGG-дің қарсыласы болуы мүмкін боксшыларға шолу жасады.Сауль АльваресСауль Альварес. © ReutersГоловкиннің карьерасындағы ең азулы қарсыласы, басты бәсекелесі — мексикалық Сауль Альварес.

Тізерлеп алғыс айту, террорист-шыбындар мен жезөкше. Божконың қызу талқыланған мәлімдемелері

Источник: TengriNews Дата: 08 октября 2019 в 18:33

Тізерлеп алғыс айту, террорист-шыбындар мен жезөкше. Божконың қызу талқыланған мәлімдемелері Таяуда Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко үй кезегінде тұрған жетім балалардың көшеге шықпайтынын айтып, оларға пәтердің аз беріліп жатқанын сөз еткен. Бұл сөзін қазақстандықтар қызу талқылады. Шенеунік бұған дейін де мәлімдемелерімен ел талқысына түскен. Tengrinews.kz тілшісі Владимир Божконың бүгінге дейін айтқан мәлімдемелерін еске түсірді.«Жетім балалар алаңға шықпайды«Кеше Божко жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету туралы пікірін айта отырып, олардың алаңға, көшеге шықпайтынын үлгі етті.«2019 жылы пәтерлердің басым бөлігі көпбалалы аналарға берілді.

Батырлар мекенінің 90 жылдық тойы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 октября 2019 в 11:22

Батырлар мекенінің 90 жылдық тойы Өткен аптада Қобда ауданының іргесі қаланғанына 90 жыл толуы салтанатты түрде аталып өтті. 1929 жылы шілде айында құрылған елдік пен ерліктің мекені — Қобда ауданында бүгінде 20 мыңға жуық халық тұрады. 14,2 мың шаршы шақырымды алып жатқан киелі өлкенің өткен тарихы қаншалықты бай болса, болашағы соншалықты жарқын. Қобдадағы 31 елді мекеннің 11-і Ақтөбе агломерациясы аймағына кіреді.

«Соққысы шошытты». Головкин — Деревянченко жекпе-жегі жайлы бокс әлемі не дейді?

Источник: TengriNews Дата: 07 октября 2019 в 16:03

Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жегінің нәтижесі бокс әлемінде көптеген сұрақ туғызды. Бірі GGG әділетті жеңді десе, кейбірі тең есеп не Сергейдің жеңісі тіркелуі керек еді деп санайды. Tengrinews.kz тілшісі белгілі спортшылар мен сарапшылардың Головкин — Деревянченко жекпе-жегі жайлы пікірін жинап шықты.«Деревянченко тек құрметке лайық«Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде кездесудің әдемі болғанын айтты.Енді ол екі боксшымен де жекпе-жек өткізуге ниетті.«Деревянченкомен жұдырықтасқым келеді, GGG-мен де.

Кәсіпкерлік қызметті қолдаудың «жол картасы» бекітілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 октября 2019 в 11:12

Кәсіпкерлік қызметті қолдаудың «жол картасы» бекітілді Облысқа жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов ақтөбелік бизнес өкілдерімен кездесті. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер жан-жақты талқыланып, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметті қолдаудың «Жол картасы» бекітілді. «Капитал Плаза» бизнес орталығының мәжіліс залында өткен басқосуға «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің өңірлік қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржановалар қатысты.Бүгінгі таңда облыста белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 58 мыңнан асқан.
Показано 30 новостей из 596