Популярные темы

«Тойымыз 3 жылға созылып кеткенін білмей қалыппыз». «Жұлдыздың жары» жобасында — Толқын Тұрарбек 05 февраля 2022, 18:00

Дата: 05 февраля 2022 в 18:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбек «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама қонағы Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында жарымен қалай танысқанын айтып, тойы неге кеш өткенін түсіндірді.

Толқын Төреғалимен қалай танысқанын әңгімелеп берді.

«Төрешпен ол студент кезден таныспыз. Ол кезде айтысқа шығып жүрді. Мен айтыс көруге баратынмын. Сол уақыттан бері бір-бірімізді танитынбыз. Бірақ жақын араласпадық. Арада 5-6 жыл өткен соң, өзімнен кейінгі інімнің тойына дайындық барысында етене жақын араласып кеттік. Алланың қалауымен қазір отбасымыз», — деді ол.

Ол үлкен той неге 3 жылдан кейін болғанын түсіндірді. 

«Ұзатылып келдім, беташар өтті. Үлкен тойымыз болған кезде халықпен бөлісеміз деген ұйғарым болды. 3 жылдан кейін осылай бұйыртқан шығар. Бірақ 3 жылға дейін арамызда «тойым болмай қалды», «неге той жасамай жатырмыз?» деген сұрақтар туындаған жоқ. Үйленгесін оның гастрольдік сапарлары басталып кетті. Менің де балаларым қатар-қатар болды. Сол өмірімізге көңіліміз толып жүріп, тойымыз 3 жылға созылып кеткенін білмей қалыппыз. Ол «сені қарапайым ұзата берсін. Сол жерде өзім үлкен той жасап беремін» деді. Отау құрып жатқан кезде, ондай жағдайы болмады. Үлкен тойымызды өзі уәде еткен Rixos-та жасап берді», — деді ол.

Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында өзге де жұлдыздардың жұбайлары болады.

Бүгін сағат 10:00-де «Жетінші арнадан» «Жұлдыздың жары» шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Әр сенбіде «Жұлдыздың жары» жобасын «Жетінші арнадан» сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова — Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы «Арман. Когда ангелы спят» фильміне түскен. 2020 жылы «Әлем ханымы — 2020» атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы «Сезін» кітабын шығарды.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями