Популярные темы

Семейдегі Зияткерлік мектеп халықаралық статусын растады

Дата: 19 декабря 2023 в 14:48


Семейдегі Зияткерлік мектеп халықаралық статусын растады
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (CIS) Халықаралық Мектептер Кеңесі аккредитациясынан сәтті өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

(CIS) — халықаралық білім беру жүйесіндегі мектептерді аккредиттеу және оқытудың озық әдістерін әзірлеумен айналысатын ұйым. Аталған ұйым 112 елден 697 мектеп пен 508 университет пен колледжді қамтитын  халықаралық білім беру қауымдастығының коммерциялық емес ұйымы.

Бүгінгі таңда  халықаралық Мектептер Кеңесі әлемдегі ең үздік 50 университетпен ынтымақтасады.

Мектеп бұған дейін 2017 жылы дәл осы аккредидитациядан өткен болатын. CIS мүше білім мекемелері әр 5 жыл сайын өз статустарын растап отырады.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями