Популярные темы

Семейдегі Шәкәрім ескерткіші орталық саябақтан көшіріледі

Дата: 30 января 2023 в 20:48


Семейдегі Шәкәрім ескерткіші орталық саябақтан көшіріледі
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев журналистермен кездесу барысында Семейдің орталық саябағы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айында өңір басшысы Нұрлан Уранхаев осы лауазымына келгенде бірден қалалық нысандарды аралауға кірісті. Сол кезде орталық саябақты бизнеске сенімгерлік басқаруға беру туралы ұсыныс айтты. Облыс әкімі басқарушы компания тендер арқылы таңдалатынын түсіндірді. Бірақ, соған қарамастан саябаққа кіру ақысыз қалатынына сендірген.

Бүгін журналистермен кездесу барысында өңір басшысы бұл мәселе әлі де қаралу сатысында екенін айтты.

«Бұл мәселе әлі де қаралу үстінде. Біз онымен айналысамыз. Мәселе келесіде, белгілі бір нюанстар бар, олар тез шешілмейді. Біздің саябақтың аумағында жерді сатып алған көптеген компаниялар бар. Ертең олармен қалай жұмыс істеу керектігін түсіну керек. Біз қазір жөндеу жұмыстарын жүргізе алмаймыз, өйткені оның соңғы күрделі жөндеуден бес жыл өткен жоқ. Біз оны сенімгерлік басқаруға береміз. Саябақтың ішін толтыру бойынша бізде көптеген сұрақтар бар, біз оны аздап жандандырғымыз келеді», — деді Нұрлан Уранхаев.

Саябақтың нақты жоспарларына келетін болсақ, әзірге Шәкәрім ескерткішін көшіру ниеті ғана белгілі болды.

«Біз Шәкәрім ескерткішін сол жерден алып тастаймыз, оны Шәкәрім даңғылына көшіреміз, өйткені ол сәл дұрыс орнатылмаған. Мұны мойындау керек. Біз оны жақсы, әдемі етіп жасаймыз», — деді облыс әкімі.

Ескерткішті көшіру мәселесі 2017 жылы көтерілді, бірақ ол кезде бәрі сөз жүзінде қалды.

Сонымен қатар, Нұрлан Уранхаевтың айтуынша, қазір саябақ бойында орналасқан гүл дүңгіршектерінің иелерімен мәселе шешілуде.

«Егер олар толық жөндеуден өтіп, сай көрініс жасаса, біз оларға саябаққа кіріп, сол жерде біржола тұруға мүмкіндік береміз. Себебі бұл тротуарды халыққа ашу үшін қажет», — деді әкім.

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями