Популярные темы

«28 миллион теңге төле». «Болашақ» түлегі елге қайта алмай отыр 22 сентября 2023, 14:58

Дата: 22 сентября 2023 в 15:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Редакциямызға «Болашақ» бағдарламасының түлегі Саян Абдихайранов қазіргі таңда елге қайта алмай отырғанын айтып, хат жолдады. Ол осы бағдарлама арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Рединг университетіне түсіп, Құқық мектебінің магистратурасын бітірген. Massaget.kz тілшісі заңгермен хабарласып, сұхбаттасты.

«Онлайн жұмыс істедім»

Қазіргі таңда халықаралық банк құқығы мамандығы бойынша заң магистрінің Қазақстанға қайта алмай отырғанына «Болашақ» бағдарламасындағы бірнеше заңсыздықтар себеп болып отыр.

«Оқуды шетелде үздік аяқтадым. «Болашақ» орталығымен жасалған шартқа сәйкес маған 3 міндет жүктелді. Біріншісі, оқуды бітірген соң 15 күннің ішінде Қазақстанға қайту. Екіншісі, елге қайтқанымды растау үшін паспортымның көшірмесін «Болашақ» орталығына тапсыру. Үшіншісі, Қазақстан Республикасының ұйымдарында 5 жыл (яғни 1825 күн) жұмыс істеу. Оқуды бітірген соң, 2017 жылы ақпанда Қазақстанға қайтып келдім. Еңбек өтілі бойынша міндеттемені орындау үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, содан соң «Цеснабанк» акционерлік қоғамында және кейін Астана халықаралық қаржы орталығының Биржасында жұмыс істедім. Жұмыс істеп жүрген кезде 2021 жылдың сәуір айында пандемия бойынша шектеулер алынғаннан кейін отбасыммен еңбек демалысын өткізу үшін Америка Құрама Штаттарына туристік мақсатта шықтым. Еңбек демалысын АҚШ-та 30 күн өткізуді жоспарлаған болатынбыз. Алайда, отбасылық жағдайға байланысты еңбек демалысы аяқталған кезде мен Қазақстанға қайта орала алмадым. Бірақ, Астана халықаралық қаржы орталығындағы жұмысымды қызметімді басшының келісімімен бұрынғы лауазымда еңбек шартын ешбір өзгертусіз онлайн қашықтан жұмыс істеуімді жалғастырдым», — деді Саян.

Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями