Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "қытай"

Қытай елшісімен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 11:02

Қытай елшісімен кездесті Дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Кездесу барысында екіжақты әлеуметтік-экономикалық, білім, мәдени қарым-қатынастар жайы сөз болып, аймақ басшысы Ақтөбеге алғаш рет келіп отырған Чжан Сяоға облыстың қарқынды дамушы өңірекендігін жеткізді.— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің алтыншы отырысының ашылуында Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда және экономикалық әріптестерінің бірі екендігін айтты.Мәселен, тек биылғы жылдың 8 айының өзінде Ақтөбе облысы мен Қытай арасындағытауар айналымы 664,6 миллион АҚШ долларын құрап отыр.

Актюбинского активиста Алибека Молдина арестовали на 15 суток

Источник: Радио "Азаттык" Дата: 08 ноября 2019 в 10:13

Актюбинского активиста Алибека Молдина арестовали на 15 суток 7 ноября суд в городе Актобе отправил под административный арест гражданского активиста Алибека Молдина. По данным областного суда, суд назначил ему 15 суток ареста: пять суток – в связи с его участием в начале сентября в митинге за прекращение реализации совместных с Китаем проектов на территории Казахстана и ещё 10 суток – «за неповиновение требованию полиции».По материалам суда, 3 сентября у здания акимата в Актобе активист держал плакат с надписью «Қытай экспансиясына жол жоқ» («Нет экспансии Китая») и восклицал «Қазақтар, ояныңдар» («Пробудитесь, казахи»).

Ақтөбенің инновациялық жобалары: хром оксидін өндіретін цехтан жел электр станциясына дейін…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:52

Ақтөбенің инновациялық жобалары: хром оксидін өндіретін цехтан жел электр станциясына дейін… Кез келген мемлекеттің, соның ішінде облыстың негізгі тіні — экономика екені сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан, экономиканың өсіміне айрықша мән беріп, ішкі жалпы өнімнің көлемін жыл сайын 5 пайызға арттыруды тапсырғаны белгілі. Бұл — Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса айтылған мәселелердің бірі.

Әлем елдерінде ерлер мен әйелдердің зейнет жасы қандай?

Источник: TengriNews Дата: 06 ноября 2019 в 13:33

Әлем елдерінде ерлер мен әйелдердің зейнет жасы қандай? Соңғы кездері еліміздегі зейнетақы жүйесіне қазақстандықтар жиі назар аударатыны рас. Себебі еліміздегі зейнетақы жүйесіне енгізілетін ережелерге байланысты жаңа өзгерістер жиі болып тұрады. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық және шетелдік зейнетақы жүйелерін салыстырып көрді. Ұлттық экономика министрлігі, Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылғы есеп бойынша Қазақстанда 2 192 549 зейнеткер бар.

39 адамның мәйіті. Еуропа жұртының жағасын ұстатқан оқиғаның мән-жайы

Источник: TengriNews Дата: 04 ноября 2019 в 16:43

39 адамның мәйіті. Еуропа жұртының жағасын ұстатқан оқиғаның мән-жайы Биыл 23 қазанда Ұлыбританияның Эссекс графтығында жүк көлігінен 39 адамның мәйіті табылды. Оның сегізі — әйел адам болса, қалған 31-і ер адам екені анықталған. Алғашқы деректер бойынша, қаза тапқандардың барлығы Ұлыбританияға заңсыз өтпекші болған қытай азаматтары. Оқиға бойынша 25 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Солтүстік Ирландиялық Мо Робинсон адам өлтірді деген күдікпен ұсталған.

Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Ақтөбе облысы 3-орында тұр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 ноября 2019 в 12:32

Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Ақтөбе облысы 3-орында тұр Өңір экономикасына тартылған инвестициялар, соңғы қолданыстағы аймақтық жобалар облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен инвесторларды тарту және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысында талқыланды. Кеңеске қазақстандық және шетелдік инвесторлар, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Шекаралас аймақтар арасында ынтымақтастық арта түсті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 11:52

Шекаралас аймақтар арасында ынтымақтастық арта түсті Бүгінде Ақтөбе мен Орынбор өңірлерінің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы екі ел арасындағы келісімнің аясында тиімді жүзеге асырылып келеді. Өткен аптада облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің Ресей Федерациясының Орынбор өлкесіне жасаған алғашқы ресми іссапары шекаралас өңірлер арасындағы осындай ынтымақтастықты одан әрі бекіте түсті.

Жинақ жүйесі — тиімді жоба

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 октября 2019 в 11:32

Жинақ жүйесі — тиімді жоба 31 — қазан — Бүкіләлемдік жинақ күні. 1924 жылы Милан қаласынан бастау алған Жинақ күнін қаржы жинақтау жүйесі қалыптасқан кез келген мемлекет атап өтеді. Қазақстанда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» іске асырып отырған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі — еліміздегі бірегей жоба. Бұл — әлемдегі ең «жас» және ТМД аумағындағы жалғыз қаржы институты.

Орынбасарға сөгіс, Көк-Жайлауға тыйым, әкімнің өтініші — Тоқаев Алматыда не мәселе көтерді?

Источник: TengriNews Дата: 29 октября 2019 в 15:23

Орынбасарға сөгіс, Көк-Жайлауға тыйым, әкімнің өтініші - Тоқаев Алматыда не мәселе көтерді? Әкім орынбасарына сөгіс, Көк-Жайлау құрылысына тыйым, Сағынтаевтың өтініші, Алматыдағы проблемалар — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астанадағы сапарында бірқатар мәселені көтерді. Тengrinews.kz тілшісі Президенттің Алматыдағы сапарының бірінші күнінде қандай мәселелер көтерілгенін шолып шықты. Қала жолдары жөнделіп жатырМемлекет басшысы Алматыға келісімен бірінші болып қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті. Өңір басшысы Алматыдағы барлық ауданның тұрғындарымен кездесу өткізгенін айтты.

Базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейде сақтау туралы

Источник: Banker.kz Дата: 28 октября 2019 в 15:21

Базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейде сақтау туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пайыздық дәлізді +/ — 1 п.т. деңгейде сақтай отырып, базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады. Қыркүйекте 5,3% болған іс жүзіндегі жылдық инфляция серпіні Ұлттық Банктің алдыңғы болжам қорытындысы бойынша жасалған бағалауына сәйкес қалыптасуда.

Көліктен түкіру, қоқыс тастау, былапыт сөйлеу. Жиі жасалатын ұсақ бұзақылықтың жазасы қандай?

Источник: TengriNews Дата: 24 октября 2019 в 13:53

Көліктен түкіру, қоқыс тастау, былапыт сөйлеу. Жиі жасалатын ұсақ бұзақылықтың жазасы қандай? Қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, яғни өзге адамдардың намысына тиетін сөздер айту, онда түкіру, рұқсат етілмеген жерде шылым шегу, мас күйде шу шығару және жүргізушілердің бірін-бірі басып озуы сияқты ұсақ бұзақылықтардың жазасы бар екенін білмейтін адам жоқ. Алайда ұсақ бұзақылыққа жатпайтын әрекеттер де бар. Қала өмірінде тағы қандай әрекет үшін жазалануыңыз мүмкін?

Тұранның ұлы қолбасшысы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 10:52

Тұранның ұлы қолбасшысы Ақтөбе қаласында Жалаңтөс баһадүрге ескерткіш ашылғалы отыр. Түркі халықтары тарихына есімін алтын әріппен жазып кеткен әмірші әрі ұлы қолбасшы Жалаңтөс Сейітқұлұлына алғашқы ескерткіш Арал қаласында, одан соң 2010 жылы Қызылорда қаласында, одан соң 2018 жылы Шымкентте, 2019 жылы Самарқанда қойылған еді.

Бұрынғы және қазіргі мемлекет басшыларына ұқсайтын қарапайым адамдар

Источник: TengriNews Дата: 22 октября 2019 в 14:23

Бұрынғы және қазіргі мемлекет басшыларына ұқсайтын қарапайым адамдар Көшеден танымал тұлғаға ұқсас адамды көрсеңіз таңғалып, сол ма, жоқ па деп ойлана кетесіз. Күні кеше Украина президенті Владимир Зеленскийге ұқсайтын өзбекстандық азамат желі қолданушыларын таңғалдырды. Tengrinews.kz тілшісі қазіргі және бұрынғы мемлекет басшыларына ұқсас адамдар жайлы мәлімет жинады.Нұрсұлтан НазарбаевБұл — 2016 жылы Instagram желісінде қызу талқыланған суреттердің бірі.

Архив қоры Орынбордан әкелінген құжаттармен толығады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 13:02

Архив қоры Орынбордан әкелінген құжаттармен толығады Ең алдымен тарихыңды тану, тарихи сананы қалыптастыру арқылы ғана ұлттық сана қалыптаспақ. Жазба ескерткіштерде, деректер мен құжаттарда қалған ата-бабалардың ерлік істеріне, ізгілікті, елдікті қорғау жолындағы ұшан-теңіз еңбегіне, яғни өз тарихыңа деген мақтаныш ұлттық рухты көтеруге жол ашады. 1995 жылы қабылданған «Тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы», 1998 жылдың Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық тарих жылы болып жариялануы, 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» және 2013 жылғы «Халық тарих толқынында» бағдарламалары елімізде о бастан-ақ қазақтың тарихын зерттеуге бағытталған жұмыстарды жандандыру мақсаты алға қойылғанын көрсетеді.

Абырой биігі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 10:22

Абырой биігі Атқа мінгеннің бәрі азаматтық жүгін абыроймен алып жүре алмайды. Ол үшін айқын мақсат, жігерлі жүрек, берік бағдар болуы тиіс. Өмірлік ұстанымын осылайша бекемдеген біздің кейіпкеріміз түрікпенбай айжарықовты облыс аумағындағы көпшілік жақсы біледі. өйткені, ол қашанда жұртшылықпен жақын жүретін азамат. Әке үлгісіменБайғанин өңірінде Жұбан Айжарықовтың есімі күні бүгінге дейін құрметпен аталады. Өткен ғасырдың екінші он жылдығының орта тұсында дүниеге келген ол кісінің өмірбаяны таза жанкешті еңбектен құралған десе де болады.

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Елдің қолдағанына, жігер бергеніне ризамын!»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 октября 2019 в 11:02

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Елдің қолдағанына, жігер бергеніне ризамын!» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың 11 қазан күні «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Бүкпесіз әңгіме барысында Елбасы өз өкілеттігін тоқтатқаннан кейінгі өмірі, жаңа жұмыс кестесі және елдің даму болашағы туралы сауалдарға ашық жауап беріп, еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктері, жаңа сайланған Президент туралы ойын айтты.Халық үшін қабылданған дұрыс шешімЖурналистер сұхбатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатуы туралы 2019 жылғы 19 наурыздағы шешіміне қатысты сұрақпен бастады. «Содан бері жарты жыл өтті. Қабылдаған шешіміңізге өкінбейсіз бе?» деген сауалға орай Елбасы бұл шешімнің әбден ойлас­тырылып барып қабылданғанын, оған өкінбейтінін жеткізді.– Бұл әр қырынан әбден ойластырылған шешім болатын.

Тайлақ батырдың тегі қандай?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 октября 2019 в 10:12

Тайлақ батырдың тегі қандай? Қазақ елінің Көшбасшысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында былай деп жазған болатын: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады.

«17 жыл бұрынғы қылмыс ашылған». Тоқаев айтқан қытайлық адам тану камералары несімен пайдалы?

Источник: TengriNews Дата: 14 октября 2019 в 14:03

8 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында елорданы дамыту жөнінде өткен кеңесте Қазақстанда цифрландырудың қытайлық тәжірибесін қолдану керектігін атап өтті. Президент атап өткен Hikvision компаниясы Қытайдың біршама қаласына бақылау камераларын орнатқан. Ал Watrix компаниясы аспан асты елінде 2018 жылдың қарашасынан бастап адамдардың жүріс-тұрысы мен дене бітіміне қарап, ол туралы ақпарат беретін жаңа жүйені сынақтан өткізе бастаған.

«Көне ғұндардың салт-дәстүрлерін біздің заманға қазақтар жеткізді»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:22

«Көне ғұндардың салт-дәстүрлерін біздің заманға қазақтар жеткізді» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді», — деп жазған еді. Бұл сөздің, әсіресе, ежелгі ғұндар тарихына қатысты екені бүгінде көзі ашық әр адамға аян. Ғұндар тарихын зерттеу ісімен 40 жылға жуық уақыт бойы айналысып келе жатқан ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Мадрид университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Өтениязовпен жуырда Ақтөбеге келген сапарында сұхбаттасудың сәті түскен еді:— Самат Көшенұлы, біз оқып жүрген орыс тіліндегі еңбектерде хун да, гун да бар.

Қазақстанға қай елдерден турист көп келеді? Топ-10

Источник: TengriNews Дата: 02 октября 2019 в 18:13

Қазақстанға қай елдерден турист көп келеді? Топ-10 ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың бірінші жартысында туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны шамамен — 3 миллион 840 мың адам. Бұл былтырғы көрсеткішпен шамалас. Tengrinews.kz тілшісі елімізге қай мемлекеттерден туристер көп келетінін және қазақстандықтар жиі баратын елдерді анықтап көрді.Қазақстанға қай елден туристер көп келеді?Қазақстанға келетін туристердің көшін ТМД елдері арасында Өзбекстан бастап тұр.

Депутаттық сауал: Ақтөбе — Нұр-Сұлтан пойызы қашан шығады?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 октября 2019 в 11:12

Депутаттық сауал: Ақтөбе — Нұр-Сұлтан пойызы қашан шығады? Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, жерлесіміз Мұхтар Жұмағазиев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Мазмұны төмендегідей: Құрметті Асқар ҰЗАҚБАЙҰЛЫ!Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамды толғандыратын негізгі мәселелер Парламентте талқыланып, олардың шешімдері табылуы тиіс екендігін атап өтті.

Қазақстан құрамасы — үздік төрттікте

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 октября 2019 в 10:02

Қазақстан құрамасы — үздік төрттікте Шахматтан халықаралық Владимир Дворкович кубогында бақ сынаған Қазақстан құрамасы турнирдің екі күндік және рапидтің 9 тур қорытындысы бойынша әлемнің он үздік жасөспірімдер командаларының ішінде жалпыкомандалық есеп бойынша төртінші орынға ие болды. Алтын медальді Белоруссия құрамасының жасөспірімдері иеленді. Қытайлық шахмат шеберлері екінші орынды місе тұтса, үздік үштікті ресейлік команда түйіндеді.«Турнир біздің құрама үшін сәтсіз аяқталды деп айта алмаймын», — деді балалар мен жасөспірімдерден құралған Қазақстан құрамасын жаттықтыратын Әнуар Есмағамбетов, — алтыншы турда біз турнирдің басты көшбасшыларының бірі — Ресей құрамасын жеңдік.

Дәрігердің қатесі үшін қандай жаза бар? Шетелмен салыстырамыз

Источник: TengriNews Дата: 26 сентября 2019 в 18:03

Дәрігердің қатесі үшін қандай жаза бар? Шетелмен салыстырамыз Ата Заңымыз бойынша, адам өмірі — ең құнды қазыналардың бірі. Соған сәйкес адам өмірі мен денсаулығын сақтау — ең басты міндет. Дегенмен соңғы кездері медицина қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы мәселесі жиі көтерілетін болған. Дәрігердің қатесі үшін елімізде және шетелде қандай жаза қарастырылған?

Ақтөбе су көздері мен өзен-көлдерін қалай қорғаймыз?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 11:22

Ақтөбе су көздері мен өзен-көлдерін қалай қорғаймыз? Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсыАқтөбе облысының жерасты және өзен-көлдерін қорғау тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған қоғам және мемлекет қайраткері Олжас Сүлейменов, Амангелді Айталы, экс-депутаттар Ирак Елекеев, Сабыр Қасымов, Төлеген Қуанышев, жергілікті табиғат қорғау мекемесінің басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.ЖЕРҮСТІ СУЛАРЫНА ҚАУІП ТӨНДІ«Байтақ болашақ» экоальянс бірлестігінің президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңес мүшесі Азаматхан Әміртай:— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлықтау кезінде еліміздегі су ресурстарын қорғауға, соның ішінде ауызсу мәселесіне ерекше көңіл бөліп, Табиғат қорғау министрлігін құратынын айтты.

40 шахматшы жиналды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:32

40 шахматшы жиналды Халықаралық турнирӨнер орталығында жасөспірімдер арасында шахмат төрешісі Владимир Дворкевичті еске алуға арналған халықаралық командалық турнир басталды. Жыл сайын ФИДЕ аясында өтетін шахмат турнирі биыл Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.Турнир барысында 16 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар қыркүйектің 22-26 қыркүйек аралығында өзара әлемнің үздік құрамаларын анықтайды.

Желілерде Қытай туралы ең көп таралған жалған ақпараттар

Источник: TengriNews Дата: 20 сентября 2019 в 17:13

Желілерде Қытай туралы ең көп таралған жалған ақпараттар Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қытай экспанциясы деп бағаланған түрлі жаңалық таралып жүр. Оның ішінде фейк-жаңалықтар да бар. Тengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың Қытайға қатысты сенген қауесеттерін жинап шықты. «Қазақстанда қытайлық 55 зауыт салынады«Қыркүйектің басында WhatsApp мессенджері арқылы Маңғыстау облысында Қытайдың 55 зауыты салынады деген ақпарат тараған.

Екі мыңнан астам мұнайшының еңбек жағдайы жақсарады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 сентября 2019 в 12:42

Екі мыңнан астам мұнайшының еңбек жағдайы жақсарады Кәсіподақтар федерациясы облыстың жұмыс берушілерімен жүйелі келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде мұнай-газ саласының 2000-нан астам қызметкері үшін еңбек жағдайын жақсартуға және жалақыны арттыруға қол жеткізілді.Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Дәулеталин Қазақстанның батыс облыстарындағы бірқатар жұмыс берушілермен кездесулер өткізді.Ол Ақтөбеде «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.«Ұлы қабырға» ҚҚБК» ЖШС жоғары білікті қызметкерлері, бәсекеге қабілетті технологиялары мен озық жабдықтары бар және ұңғымаларды бұрғылау, бекіту және күрделі жөндеу саласындағы тапсырыс берушілерге кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін жетекші мамандандырылған бұрғылау кәсіпорындарының бірі болып табылады.

Шымкент әкімдігі Қытай туы ілінді деген видеоға жауап берді

Источник: TengriNews Дата: 13 сентября 2019 в 13:03

Шымкент әкімдігі Қытай туы ілінді деген видеоға жауап берді Желіде кейбір қолданушылар Шымкентте құрылысы жүріп жатқан үйде ілінген қызыл матаны Қытайдың туы деп ойлаған. Қала әкімдігінің өкілдері даулы видеоға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Шымкент қалалық әкімдігінің ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаеваның айтуынша, бұл видеода ілініп тұрған Қытай туы емес, өлшем белгісі ретінде ілінген қызыл мата.«Желіде жүрген видео, бұл жерде ешқандай Қытай туы емес, өлшем белгісі ретінде ілінген қызыл түсті мата болатын.

«Юаньмен инвестиция құю». Тоқаевтың Қытайға сапары қалай өтті

Источник: TengriNews Дата: 12 сентября 2019 в 17:33

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға екікүндік сапармен барып қайтты. Tengrinews.kz тілшісі Президенттің сапар барысындағы кездесулері мен келіссөздеріне шолу жасайды. Қытайға мемлекеттік сапары барысында жоспарланған кездесулердің бәрінде Президент баяндамасын қазақ тілінде оқыды.«Қазақстан бұл сапарға үлкен мән береді«Ал оның мемлекеттік сапары ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚКП Сыртқы істер жөніндегі басқарушы топ Канцеляриясының бастығы Ян Цзечимен кездесуден басталды.© akorda.kz«Біз Қытайды көршілес әрі достық қарым-қатынастағы мемлекет деп есептейміз.

Шымкентте түсірілген даулы видео: Ырымдап ілген қызыл матаны Қытай туы деп ойлаған

Источник: TengriNews Дата: 11 сентября 2019 в 17:33

Шымкентте түсірілген даулы видео: Ырымдап ілген қызыл матаны Қытай туы деп ойлаған Желіде кейбір қолданушылар Шымкентте құрылысы жүріп жатқан үйде ілінген қызыл матаны Қытайдың туы деп ойлаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Facebook желісінде Шымкентте Қытай туы ілінді деген атаумен видеоролик жарияланған. Кадр сыртындағы дауыс салынып жатқан үйдің төбесінде Қытай туы ілінді дейді.
Показано 30 новостей из 590