Популярные темы

Қытаймен шекарадағы кешен мемлекетке берілді

Дата: 02 февраля 2023 в 12:48


Қытаймен шекарадағы кешен мемлекетке берілді
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-не қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

«Аталған заңды тұлға Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген. Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-ның бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 км) заңсыз жолмен қымбаттатқан», − делінген хабарламада.

Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд. теңгені құрады.
Тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд. теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті.

Фото: Vlast.kz

 

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями