Популярные темы

Абай облысының оқушылары халықаралық чемпионатта топ жарды

Дата: 25 марта 2024 в 14:48 Категория: Новости спорта


Абай облысының оқушылары халықаралық чемпионатта топ жарды
Стоковые изображения от Depositphotos

Сингапур елінде өткен «Singapore FIRST Championship 2024» халықаралық жарыста Абай облысының «Ro-Alemi» құрама командасы чемпион болып елімізге оралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роботтар ойнында жоғары балл шегі 550 болса, «Ro-Alemi» құрама командасы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 540 ұпай жинады. «Robot Design» бағытында чемпион атанса, жалпы 4 бағыт қорытындысы бойынша алты елден топ жарды.

Сондай-ақ «Ro Alemi» командасы инновациялық жобаларын көрсету кезінде шетелдік төрешілерге ұлттық ойындар көрсетті. Атап айтқанда, асық ататын робот дайындап, ұлттық ойынымызды жаңа қырынан ашты. «Қазақ Барысы» және «Жамбы Ату» ойындарының бета нұсқасын көрсетіп, үздік инновациялық жобалар қатарына кірді.

Айта кетейік, 14-16 наурыз аралығында өткен халықаралық чемпионатқа Қазақстаннан 3 команда аттанды. Малайзия, Польша, Корея, Индонезия, Қытай, АҚШ елдерінен 20 команда, жалпы 80 команда қатысты.

Сурет: Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями