Популярные темы

Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды

Дата: 12 июня 2023 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды», — делінген Жарлықта.

Аружан Саин Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып 2019 жылы тағайындалған болатын.

Оның орнына президент өкімімен Зәкиева Динара Болатқызы тағайындалды.

Динара Зәкиева 1982 жылы дүниеге келген.

Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001 жылы), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002 жылы), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004 жылы); MBA Hult international business school (Дубай 2013 жылы) бітірген.

2021 жылғы 15 қаңтардан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болды.

Сурет: zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями