Популярные темы

Сарапшы: «Абай облысында жүк өндейтін және оны сақтайтын жақсы терминалдар салу керек»

Дата: 25 января 2023 в 22:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Сарапшы: «Абай облысында жүк өндейтін және оны сақтайтын жақсы терминалдар салу керек»
Стоковые изображения от Depositphotos

Үкімет отырысында Абай облысының кешенді жоспары бекітілгеннен кейін, «Khabar24» телеарнасының «Күн тәртібі» бағдарламасында жаңа өңірлердің даму әлеуетін талқыланды, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Толысбаевтың айтуынша жоспар өте ауқымды, алдағы уақытқа қойылған міндет те айқын. Десе де, жоспарланған қаржының көп бөлігі инвестиция арқылы тартылады. Сондықтан, өңірге қызығушылықты арттырып, инвесторларды тарту үлкен жұмыс.

Тоғыс жолдың торабында орналасқан Семей, Шар, Аягөз қалаларында көлік-логистиканы да дамытуға мүмкіндігі бар.

«Мұнда жүк өндейтін, жүк сақтайтын жақсы терминалдар салу керек. Геосаяси байланыс та нығаяды, табыс табуға да болады» — деді сарапшы.

Соны ескере отырып кешенді жоспарға «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу жобасы енгенін еске саламыз.

Туризм саласын дамыту аясында Семейде екі жаңа сауда ойын-сауық орталығы мен қонақ үй кешенін, сондай-ақ, Алакөл жағалауында демалыс базасын салу жоспарланып отыр.

«Бұған қатысты, ескеретін бір жағдай бар. Алакөлде демалатын уақыт өте аз. Сондықтан бұл тек қана маусымдық бизнес. Ал ішкі туризмді дамыту үшін сол орындарды жан-жақты пайдалану қажет» — деді Бауыржан Толысбаев

 

Фото: tideworks.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями