Популярные темы

зейнетақы: новости — страница 2

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу не тұрғын үй сатып алуға ала алады

Arna Press, 29 мая 2023 в 14:18

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу не тұрғын үй сатып алуға ала алады
Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу мен тұрғын үй сатып алу үшін ала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында еңбек өтілі бар зейнеткерлерге жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсау құқығы берілгені хабарланды.«Былтырғы 1 шілдеден бастап еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған қаражатқа жүгіне алады.Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану үшін жоғарыда аталған интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ғана жүгіну қажет», — делінген хабарламада.Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделіп, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығын берді.Бұл құқықты келесі санаттағылар пайдалана алады:Бұл ереже жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.Сурет: Tengrinews.kz

Қосымша ай сайынғы төлем енгізу: БЖЗҚ ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Arna Press, 29 мая 2023 в 13:38

Қосымша ай сайынғы төлем енгізу: БЖЗҚ ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Тараған ақпаратта Қазақстанда 1 маусымнан бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы айтылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.БЖЗҚ мәліметінше, зейнет жасына толған адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

1 шілдеден бастап Қазақстанда такси жүргізушілері салық төлей бастайды

Arna Press, 17 мая 2023 в 17:18

1 шілдеден бастап Қазақстанда такси жүргізушілері салық төлей бастайды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Яндекс» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады.«Ол үшін Азаматтарға «e-salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет», – деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Пилоттық жоба шеңберінде жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына («Яндекс.Такси») жүктеледі.«Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады әрі операторға такси жүргізушілерінің табыстары бойынша есептелген салық және әлеуметтік төлемдер сомалары туралы мәліметтерді береді», – делінген хабарламада.Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізетін болады.Сурет: pixabay

Әлеуметтік желілерде БЖЗҚ зейнетақы жинағына қатысты жалған ақпарат тарауда

Arna Press, 10 мая 2023 в 16:18

Әлеуметтік желілерде БЖЗҚ зейнетақы жинағына қатысты жалған ақпарат тарауда
Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинағын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан алуға болатыны жайында ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.БЖЗҚ бұл ақпараттың жалған екенін ескертті.«Заңнамаға сәйкес, жинақталған зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады», – делінген хабарламада.5 мамыр күні Қазақстан Ұлттық банкі халыққа үндеу жолдап, инвестициялық жобалар саласында алаяқтықтың жаңа түрлері шыққанын ескертті.Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 120 мың теңге болды

Arna Press, 24 апреля 2023 в 13:58

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 120 мың теңге болды
Жыл басталғалы қазақстандықтарға базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам.2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды.

Бір реттік төлем мөлшерлемесіне міндетті зейнетақы жарналарының үлесі белгіленді

Arna Press, 28 февраля 2023 в 19:38

Бір реттік төлем мөлшерлемесіне міндетті зейнетақы жарналарының үлесі белгіленді
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау (жинақтау) және аудару және олардан өндіріп алу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Атап айтқанда, Қағидалардың 5-тармағына және Ұлттық зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау (жинақтау) және аудару мерзімдеріне толықтырулар енгізілді.Осылайша, бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі зейнетақы жарналарының үлесі:2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 %;2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5%;2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42%;2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3%;2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8%;2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38%.Бұл ретте салық салу объектісіне қолданылатын бірыңғай төлем ставкасы:2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 20%;2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5%;2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8%;2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8%;2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8%;2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3%.Қаулы 2023 жылдың 9 наурызында күшіне енеді және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.Жалақыдан бір реттік төлемді дара кәсіпкерлер және арнаулы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар қолдана алады:Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимдері; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимдері.Олар қызметкерлердің табысынан бір реттік төлемді аудару бөлігінде де салық агенттері қызметін атқарады.Бірыңғай төлемге мыналар кіреді:Қызметкерлердің кірістерінен жеке табыс салығы,міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ),әлеуметтік аударымдар,міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен аударымдар.Бір реттік төлемді аударудың соңғы мерзімі есепті күннен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына түсуі шарт.

Қазақстанда зейнетақы өсті

Arna Press, 20 февраля 2023 в 12:38

Қазақстанда зейнетақы өсті
ҚР Еңбек министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ал 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа зейнетақы 108 761 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.

Қаржы министрлігі «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қалай іске асырылатынын айтты

Arna Press, 14 февраля 2023 в 22:58

Қаржы министрлігі
Дәурен Темірбеков Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірлегенін атап өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Оның айтуынша, осы жоба бойынша ұсынылған тәсілдер әртүрлі алаңдарда, соның ішінде Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте және сарапшылар қауымдастығында талқылануда.«Әзірленіп жатқан тетікке және болжамды есептеулерге сәйкес мыналар жоспарлануда. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балаларға бөлінеді.

Зейнетақы жинақтарын алу: министрге «әділетсіз жеткілікті шек» туралы сұрақ қойылды

Arna Press, 14 декабря 2022 в 17:48

Зейнетақы жинақтарын алу: министрге
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға зейнетақы жинақтарын алудың әлеуметтік маңыздылығы мен мәні туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Жеткілікті шекке жалақысы жоғары, қазірдің өзінде баспана алуға мүмкіндігі бар азаматтар жетсе, зейнетақы жинақтарын алудың әлеуметтік мәні неде» деген сауал министрге Мәжіліс кулуарында қойылды.Министр қазақстандықтар жинақтарынан 3,5 триллион теңге алғанын, оларды ипотекалық несиесін жабуға және баспана сатып алуға бағыттағанын айтты.«Сондықтан оны тек табысы жоғары адамдар алды деп айта алмаймын.

Қазақстанда жинақталған зейнетақы қаражатын алу үшін барабарлық шектері өзгертілді

Vera.kz, 13 декабря 2022 в 17:59

Қазақстанда жинақталған зейнетақы қаражатын алу үшін барабарлық шектері өзгертілді
Қазақстанда жинақталған зейнетақы қаражатын алудың сәйкестік шегі өзгерді, деп хабарлайды vera.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.Биылғы 30 қарашада зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға мерзімінен бұрын пайдалану шеңберінде 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарының жаңа ең төменгі жеткіліктілігінің шегі (ЕТЖШ) жарияланды.

За пять месяцев этого года казахстанцы более 150 тыс. раз оформили пособие по рождению ребёнка и уходу за ним по SMS

EKaraganda.kz, 18 июля 2022 в 19:05

За пять месяцев этого года казахстанцы более 150 тыс. раз оформили пособие по рождению ребёнка и уходу за ним по SMS
Одной из самых востребованных госуслуг в социальной сфере является оформление пособий по рождению ребёнка и уходу за ним. После родов маме приходит SMS для подачи заявления. Нужно дать положительный ответ и указать номер банковского счёта. После чего пособия по рождению ребёнка и уходу за ним до одного года будут оформлены проактивно.

Қазақстанда банктер экожүйесі ШОБ-қа қалай көмектесіп жатыр? 05 июля 2022, 16:00

Tengrinews, 05 июля 2022 в 16:13

Қазақстанда банктер экожүйесі ШОБ-қа қалай көмектесіп жатыр?
                05 июля 2022, 16:00
Бизнеске көмектесетін банктер өз ісіңді бастауға арналған несие ғана берумен айналыспайды. Заманауи интернет-банкингтер бизнес жүргізуге арналған құралдар жиынтығы ретінде де пайдалы — мұнда кәсіпкерлер бухгалтериясын жүргізіп, салық пен жалақы төлеп, барлық операция тарихын сақтай алады. Jusan Bank өкілдері кәсіпкерлер операциялық шығындарды қысқартып, бизнесті кеңсе мен қалаға байланыстырмай қалай жүргізе алатыны туралы айтып берді.

Сәуірден бастан зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты

Arna Press, 23 мая 2022 в 15:38

Сәуірден бастан зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты
Сәуірден бастан зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.Осы жылдың сәуір айынан бастап зейнетақы мөлшері төрт пайызға, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш пен базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасының өзгеруіне байланысты жәрдемақы төлемдерінің мөлшері артты.

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді? 30 апреля 2022, 08:00

Tengrinews, 30 апреля 2022 в 08:03

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді?
                30 апреля 2022, 08:00
1 мамырдан бастап қандай өзгерістер болады? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. Талап етілмеген кепілдік өтем қаржысы БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ шоттарына аударылады 2022 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорындағы (ҚДКБҚ) кепілдік берілген депозиттер бойынша бір жыл бойы талап етілмеген кепілдік өтем қаржысы ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аудару үшін БЖЗҚ-ға аударылады.

Қазақстанда кейінгі аптада болған басты тағайындаулар 18 февраля 2022, 16:19

Tengrinews, 18 февраля 2022 в 16:23

Қазақстанда кейінгі аптада болған басты тағайындаулар
                18 февраля 2022, 16:19
Өткен аптада елімізде бірнеше тағайындау болды. Көбіне әкімшілік басшыларының орынбасарлары тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы ауыс-түйістер топтамасын жасады. 14 ақпанда Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалды. Календеровтің қызметі Президент Әкімшілігімен келісе отырып Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша тағайындалған.

2022 жылы қандай ипотекалық бағдарламалармен үй алуға болады? 01 февраля 2022, 16:17

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 16:23

2022 жылы қандай ипотекалық бағдарламалармен үй алуға болады?
                01 февраля 2022, 16:17
2022 жылы мемлекеттік Нұрлы жер немесе 7-20-25 бағдарламасымен әлі де пәтер алуға мүмкіндік бар. Тұрғын үй сарапшысы Нұрсейіт Мұратов Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтар биыл тағы қандай ипотекалық бағдарламаларға қатыса алатынын және олардың шарттары мен талаптарын айтты. 50/50. Нарықтан үй алу бойынша 50/50 бағдарламасы көп банкте бар.

Депутат мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды 26 января 2022, 11:15

Tengrinews, 26 января 2022 в 11:33

Депутат мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды
                26 января 2022, 11:15
Депутат Жамбыл Ахметбеков Мәжілістің жалпы отырысында мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Өтке жылдың сәуірінде мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендету туралы мәселе көтердік. Мүгедектігі бар ҚР азаматтарының еңбек етуге құқығы бар және олардың кейбіреуі зейнет жасына жеткеннен кейін жұмысын жалғастырғысы келеді.

Новогоднее обращение Президента Токаева к казахстанцам 01 января 2022, 00:00

Tengrinews, 01 января 2022 в 00:13

Новогоднее обращение Президента Токаева к казахстанцам
                01 января 2022, 00:00
Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с новым, 2022 годом, передает Tengrinews.kz. Новый год наступил на большей части Казахстана. Посмотреть эту публикацию в Instagram. Публикация от TengriNews (@tengrinewskz). Полные текст поздравления Президента: Қадірлі отандастар! Ардақты ағайын!

2021 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді? 31 декабря 2021, 10:37

Tengrinews, 31 декабря 2021 в 10:43

2021 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді?
                31 декабря 2021, 10:37
Спорттағы сәтсіздік, халық санағы және вакцинация. Бұл елімізде болған айтулы оқиғалар. Жалпы 2021 жыл — елімізде түрлі жаңалыққа толы болды. Биыл қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді? 2021 жылы болған есте қаларлық оқиғаларға шолу жасадық. Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану 2020 жылдың қыркүйегінде Президент Тоқаев халыққа жолдау жасады.

2022 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді? 30 декабря 2021, 12:49

Tengrinews, 30 декабря 2021 в 13:03

2022 жылы қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді?
                30 декабря 2021, 12:49
2022 жылы Қазақстанда АЕК пен ең төмен күнкөріс деңгейі өседі. Осылайша, бірнеше миллион қазақстандықтың жалақысы артады. Tengrinews.kz тілшісі 2022 жылдағы өзгерістер туралы баяндайды. Айлық есептік көрсеткіш деңгейі өседі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) деңгейі өседі. Желтоқсанның басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңге болады.

«Цой», «кешірім сұрау», «вакцина». Қазақстанда жыл сөзі қандай? 28 декабря 2021, 10:34

Tengrinews, 28 декабря 2021 в 10:43

Жыл аяқталар тұста дүние жүзінде түрлі ұйым «жыл сөзін» таңдайды. Бұл сөз күнтізбедегі бір жылдың бейнесі іспеттес. Биыл көп жерде жыл сөзі ретінде вакцина танылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі биыл дүние жүзінде аталған жыл сөзі туралы жазып, оның қазақша нұсқасын да анықтап көрді. Оксфорд ағылшын тілі сөздігі биыл қолданыста ең көп қолданыста болған сөзді таңдады.

Бес күннің ішінде enpf-otbasy.kz платформасына БЗТ қолдану туралы 30 мың өтініш түскен

Banker.kz, 23 декабря 2021 в 00:11

Бес күннің ішінде enpf-otbasy.kz платформасына БЗТ қолдану туралы 30 мың өтініш түскен
Жолданған өтініштердің жалпы сомасы 190 млрд теңгеге тең. Олардың дені «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» атты жаңа мақсатқа тиесілі. Бұл батырма 2021 жылдың 16 желтоқсанында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін www.enpf-otbasy.kz порталында қолжетімді болды.

«Бір бөлмелі пәтерді жалдау құны — 200 мың теңге». Алматыда жалдамалы баспана қашан арзандайды? 30 сентября 2021, 13:01

Tengrinews, 30 сентября 2021 в 13:13

Алматыда жалға берілетін пәтер қымбаттап кетті. Бұған дейін алматылық жастар осы мәселені көтеріп, Желіде қызу талқы болған еді. Tengrinews.kz тілшісі алматылық риэлторларға хабарласып, пәтер ақысы қашан төмендеуі мүмкін екенін сұрады. «Бір бөлмелі пәтерді жалдау құны 180-200 мың теңгеге жетті» Интернетте түрлі хабарландыруға қарасаңыз, бір бөлмелі пәтер 120-150 мың теңгеге жалға берілетінін көруге болады.

S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады

Banker.kz, 06 сентября 2021 в 00:41

S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады
2021 жылғы 3 қыркүйек күні S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты». S&P сарапшыларының бағалауынша, Қазақстанның рейтингін қолдаған негізгі факторлар – бұл тұрақты фискалдық және сыртқы резервтер. S&P сарапшылары өзгермелі айырбас бағамының режимі экономиканың 2020 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты пайда болған сыртқы қысымға бейімделуге көмектескенін атап көрсетті.

Тоқаев «мемлекеттен ала берсем» дейтін адамдар туралы пікір білдірді 01 сентября 2021, 12:12

Tengrinews, 01 сентября 2021 в 12:23

Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында қоғамда патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық үрдісі белең алғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақстан — әлеуметтік мемлекет. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету — басты міндеттердің бірі.

ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет — Тоқаев 01 сентября 2021, 11:46

Tengrinews, 01 сентября 2021 в 11:53

ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет - Тоқаев
                01 сентября 2021, 11:46
ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының айтуынша, коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. «Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес.

Президент мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керегін мәлімдеді 01 сентября 2021, 11:36

Tengrinews, 01 сентября 2021 в 11:43

Президент мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керегін мәлімдеді
                01 сентября 2021, 11:36
Мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Ұлттық банк пен үкіметтің басты міндеті — инфляцияны 4-6 пайызға қайтару екенін айтты. «Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру нәтижесінде экономикада жалпы 6,3 триллион теңге артық ақша пайда болды.

Шымкент тұрғыны 6 жылдан бері еркін тыныстай алмай жүр

Vera.kz, 09 июля 2021 в 11:39

Шымкент тұрғыны 6 жылдан бері еркін тыныстай алмай жүр
Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны 6 жылдан бері далаға шығып, таза ауамен тыныстай алмай жүр, деп хабарлайды vera.kzБассейнге сәтсіз секірудің соңы І топ мүгедектігімен аяқталды. 46 жастағы азамат содан бері кереуетке және мүгедектер қоларбасына таңылған. Тек 4-қабаттағы шағын пәтерінің ішінде әрең қозғалады.

35 жыл өмірі қиындықпен өтіп келеді

Vera.kz, 02 июля 2021 в 17:19

35 жыл өмірі қиындықпен өтіп келеді
Мухабат Садықованың 35 жыл бойы оңалтусыз өтіп келе жатқан өмірі туралы vera.kz жазады35 жастағы Мухабат үшін тамақтану бала күнінен нағыз сынаққа айналған. Бас ауруы, қозғалыстың қиындығы – бала шақта алған жарақаттың салдары. Мухабат 7 айлық кезінде ойнап жүріп, бас-ми жарақатын алған. Содан өмір бойы мүгедек болып қалған қызына бүгінде анасы қамқорлық жасайды.

Банктердің кредиттеуіндегі үрдістер және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дағдарысқа қарсы шаралары туралы

Banker.kz, 10 июня 2021 в 18:31

Банктердің кредиттеуіндегі үрдістер және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дағдарысқа қарсы шаралары туралы
2020 жылдан бері Агенттік Ұлттық Банкпен және Үкіметпен бірлесіп бизнеске және халыққа қолдау көрсету, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы шаралар кешенін іске асыруда. Пандемияның банк секторының орнықтылығына әсерін барынша азайту үшін 2020 жылғы наурыздан бастап капитал мен өтімділіктің жеткілікті көлемін беруге бағытталған уақытша пруденциялық реттеу шаралары қабылданды.
Показано 30 новостей из 60