Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "зейнетақы"

«Қолма-қол ақшадан бас тартуға техникалық жағынан дайынбыз» — Экономист

Источник: TengriNews Дата: вчера в 16:53

Зерттеушілердің сөзінше, қазақстандықтар соңғы уақытта қолма-қол ақшадан бас тартып жатыр. Ал Қазақстан халқы қолма-қол ақшадан толықтай бас тартуға дайын ба? Бұл сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі мамандардан біліп көрді.Экономист Арман Байғановтың пікірінше, Қазақстан толығымен қолма-қол ақшадан бас тартуы керек.«Бұл — ең алдымен бюджет шығынының қысқаруына себеп болады және салық 100 пайыз төленіп тұратын болады.

«Көпбалалы аналарға 500 мың теңге». Жұртты әуре-сарсаңға салған фейк-ақпараттар

Источник: TengriNews Дата: 08 ноября 2019 в 15:13

Соңғы кездері алаяқтар желі қолданушылары көбіне мессенджерлерді қолданатынын аңғарғандай. Мессенджерлер арқылы таралатын фейктер көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге қатысты екен. Жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жазаланғандары да бар. Себебі аталған іс-әрекет үшін ҚР Қылмыстық кодексінің «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жаза тағайындалады.

Бірыңғай жиынтық төлем: кім және қанша төлейді?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:02

Бірыңғай жиынтық төлем: кім және қанша төлейді? Бұл — елімізге биылдан бастап енгізілген жаңа салық түрі.Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл 10 190 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеуі тиіс. Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не?Бұл — жылына 1 175 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын табысы бар, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтардың кәсібін тіркеу тәртібін жеңілдетуді қарастыратын жаңа режим.

Әлем елдерінде ерлер мен әйелдердің зейнет жасы қандай?

Источник: TengriNews Дата: 06 ноября 2019 в 13:33

Әлем елдерінде ерлер мен әйелдердің зейнет жасы қандай? Соңғы кездері еліміздегі зейнетақы жүйесіне қазақстандықтар жиі назар аударатыны рас. Себебі еліміздегі зейнетақы жүйесіне енгізілетін ережелерге байланысты жаңа өзгерістер жиі болып тұрады. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық және шетелдік зейнетақы жүйелерін салыстырып көрді. Ұлттық экономика министрлігі, Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылғы есеп бойынша Қазақстанда 2 192 549 зейнеткер бар.

Ақтөбеге үкіметтің жұмыс тобы келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 ноября 2019 в 11:02

Ақтөбеге үкіметтің жұмыс тобы келді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келіп, аймақтың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап, қоғам белсенділерімен кездесті. Кездесулер Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Мәдениет және спорт Вице-министрі Елдос Рамазанов, Ақпарат және Қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова және облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өтті.

Ақпараттық топ екі ауданды аралады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 11:32

Ақпараттық топ екі ауданды аралады «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының төртінші бағыты бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы ақпараттық топтар Мәртөк, Ойыл аудандарын аралап, тұрғындармен кездесулер өткізді.Мәртөк ауданында 1367 тұрғынды қамтыған 12 кездесу өттіҚұрамында мемлекет қызмет ардагерлері ұйымының төрағасы Серік Ботағарин, филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Миров, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының кеңесшісі Талант Әділханұлы және облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов бар ақпараттық топ Мәртөк ауданының Сарыжар, Мәртөк, Қаратоғай, Саржансай, Родниковка, Жайсаң ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті.Кездесулер барысында топ мүшелері ҚР Президентінің биылғы Жолдауын, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы қоры жүйелері және т.б. мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Нәтижелі жұмыспен қамтудың жаңа қырлары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 октября 2019 в 10:22

Нәтижелі жұмыспен қамтудың жаңа қырлары Ақтөбе қаласында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Бұл — елімізде қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жемісі. Биыл көпбалалы, жалғызбасты және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды қолдау мақсатында гранттар бөлініп, жаңа мамандықтарды меңгеруге жол ашылды.

Жобаның тоғызыншы кезеңі басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 12:42

Жобаның тоғызыншы кезеңі басталды Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырудың тоғызыншы сатысы басталды. 7-24 қазан аралығында топ мүшелері облыстың 6 ауданында жұмыс жасап, түрлі кездесулер өткізеді.Жобаға жауапты мамандардың айтуынша, халықпен жұмыс жасау кезінде негізгі басымдық өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, діни экстремизмді болдырмау, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру, өңірдегі бизнес ортаны дамыту сияқты жұмыстарға берілмеді.Жалпы жоба аясында 15 000-ға жуық адамды қамтитын 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, нәтижесінде бірнеше азаматқа түрлі бағытта көмек көрсетілу жоспарлануда.1-бағыттың 1 жұмыс тобымен мешіт жамағаттары арасында 70-ке жақын шара өткізу көзделсе, 1-бағыттың 2-ші жұмыс тобының негізгі мақсаты кәсіпкерлік ортаға тарту бойынша жүйелі проблемаларды анықтауға, ауыл кәсіпкерлеріне нақты көмек көрсетуге бағытталған.

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Елдің қолдағанына, жігер бергеніне ризамын!»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 октября 2019 в 11:02

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Елдің қолдағанына, жігер бергеніне ризамын!» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың 11 қазан күні «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Бүкпесіз әңгіме барысында Елбасы өз өкілеттігін тоқтатқаннан кейінгі өмірі, жаңа жұмыс кестесі және елдің даму болашағы туралы сауалдарға ашық жауап беріп, еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктері, жаңа сайланған Президент туралы ойын айтты.Халық үшін қабылданған дұрыс шешімЖурналистер сұхбатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатуы туралы 2019 жылғы 19 наурыздағы шешіміне қатысты сұрақпен бастады. «Содан бері жарты жыл өтті. Қабылдаған шешіміңізге өкінбейсіз бе?» деген сауалға орай Елбасы бұл шешімнің әбден ойлас­тырылып барып қабылданғанын, оған өкінбейтінін жеткізді.– Бұл әр қырынан әбден ойластырылған шешім болатын.

Педагогтер мүддесін қорғайтын ұйым

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:22

Педагогтер мүддесін қорғайтын ұйым Облыстағы ірі кәсіподақ ұйымдарының бірі — Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы. 13 мыңға жуық мүшесі бар қоғамдық бірлестік жұмысшы мүддесін, педагогтер мүддесін қорғауда үлкен іс тындырып жатыр. Бір ғана мысал, 2016 жылдан бастап бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенде балабақшалардағы тәрбиешілердің көмекшілеріне бұрынғы еңбекақыларынан тым төмен жалақы есептелінген.

Еңбек қауіпсіздігін сақтап жүрміз бе?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 10:52

Еңбек қауіпсіздігін сақтап жүрміз бе? Биыл — Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы. Атаулы жыл аясында өткен аптада Ақтөбе қаласында «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ақмади Сарбасовтың төрағалығымен өткен семинарға Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан мемлекеттік еңбек инспекторлары, ірі және орта компаниялардың өкілдері, еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдері қатысты.

Ауылдың алаңы — табиғаттың тазалығы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 октября 2019 в 11:32

Ауылдың алаңы — табиғаттың тазалығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын насихаттау жұмыстары жалғасуда. Төрт-бес адамнан құралған ақпараттық-насихат тобы Шалқар ауданына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Олардың ішінде еңбек ардагерлері, жоғары оқу орнының ұстаздары және басқарма басшылары бар. Сонымен қатар Шалқар ауданының мәслихат хатшысы Сқақ Бигеев пен бірқатар бөлім басшылары бірге жүрді.

Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 октября 2019 в 12:42

Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді Ақтөбе қаласындағы «Алтай» және «Мега шығыс» базарларының басшылығына мыңдаған ақтөбелік отбасы жоғары әлеуметтік жауапкершілік және «Мейірімді істер дүкені» қайырымдылық жобасына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді. Айта кету керек, маңызды жоба жүзеге асырылып жатқан үш жыл ішінде сауда орталықтарының басшылығы ақысыз негізде дүкен-дүңгіршектерін ұсынады.

Елімізде зейнеткердің салымын қандай заң қорғайды?

Источник: TengriNews Дата: 03 октября 2019 в 11:13

Елімізде зейнеткердің салымын қандай заң қорғайды? Зейнет жасына келген және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар азаматтарды зейнетақы төлемінің қалай сақталатыны алаңдататыны сөзсіз. Осы орайда зейнетақы қорында салымы бар азаматтарда «Зейнетақы қорындағы қаражат қалай қорғалған?» деген сұрақ туындайды. Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрағына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» мамандары жауап берді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: нені білу керек?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 11:22

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: нені білу керек? «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады.Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңгебөлінеді.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесіндамытуға қосымша 2,3 триллионнан астам теңге бөлінеді.Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет».ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қалалық мешіт ауласындағы қабылдау

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 сентября 2019 в 10:42

Қалалық мешіт ауласындағы қабылдау Несие, атаулы әлеуметтік көмек алу, жер телімін иелену, зейнетақы қорындағы қаржыны алу жолдары — Ақтөбе қалалық мешіт ауласындағы қабылдауға келген 50-ге жуық азаматтың ең жиі қойған сауалдары болды.Өткен жұмада «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша кәсіпкерлік басқармасы мен кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, Алматы ауданы әкімшілігі қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Даму» КДҚ» АҚ, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары жұртшылыққа тегін кеңес өткізді.Мәртөк ауданының «Россовхоз» ауылының тұрғыны Нұралы Нұрғалиев Алға қаласындағы «Өз атыма алынған 8 сотық жер телімін мемлекет қайтарып алмай ма?» деген сұрақ қойды.

Мүмкіндіктер көбейді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 сентября 2019 в 13:02

Мүмкіндіктер көбейді Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқортпа зауытының ұжымымен кездесті. Мақсат —ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жан-жақты түсіндіріп, талқылау, ұжым қызметкерлерінің өндіріс саласы жөніндегі ойларымен бөлісу.

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 сентября 2019 в 13:32

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті.Жалпыұлттық жоспар азаматтық қоғамды дамыту, ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық заңнаманы қатаңдату, әкімшілік юстицияны енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару, тауарлар мен қызметтердің құнын төмендету, бәсекелестікті дамыту, әлеуметтік саясатты оңалту, білім беру сапасын арттыру, қазақстандықтардың өз зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беру және т.б. бірқатар салалар бойынша нақты іс-шараларды қамтиды.Сондай-ақ Жолдауда жарияланған бастамаларды қаржыландыруға бағытталған шаралар қарастырылған, оның ішінде Ішкі істер министрлігін реформалауға, педагогтар мен мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысын өсіруге, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруға, инфрақұрылымды дамытуға және т.б.Жолдаудың барлық бағыттарының іске асырылуын нормативтік қамтамасыз ету үшін Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс, 17 заң, Президенттің 4 Жарлығы мен Үкіметтің 16 қаулысы әзірленіп, қабылданатын болады.Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып Үкімет жаңа мемлекеттік бағдарламаларды бекітіп, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады (индустриалды-инновациялық дамыту, «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, білім және ғылымды дамыту, «Нұрлы жер» және т.б.).Іс-шаралардың басым бөлігін ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарлануда.Мемлекет басшысының барлық бастамаларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын Президент Әкімшілігі қадағалайтын болады.akorda.kz сайтынан.

Жаңғырудың жаңа талабы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 сентября 2019 в 13:02

Жаңғырудың жаңа талабы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік музыкалық колледжінде «Халық қауіпсіздігін қамтамасы зету» жобасы бойынша студенттермен кездесу өткізілді. Бұл шараға облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов, тарихшы Дулат Әбенов, МЭМС қоры облыстық филиалының өкілі Айман Болатқызы, зейнетақы қоры облыстық филиалының жетекші маманы Айгүл Түменбаева, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің»жетекші кеңесшісі Тұрар Байлиевтер қатысты.Шара барысында Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған мәселелер түсіндіріліп, осы құжаттағы бірқатар тақырыптар талқыланды.

26 кездесу өтіп, 3509 адам қамтылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 сентября 2019 в 13:12

26 кездесу өтіп, 3509 адам қамтылды «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірінші бағытының төртінші ақпараттық тобының өкілдері 20 тамыздан бастап Ақтөбе қаласы мен қала маңындағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Жұма күні жұмыс тобы Қарғалы елді мекеніндегі «Геолог» мәдениет үйінде болып, кездесу өткізді.Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов жиылған қауымға ақпараттық топтың негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған бірде-бір сұрақтың жауапсыз қалмайтындығын айтты.Жиында алдымен сөз алған Қазақ-орыс халықаралық университетінің доценті, экономика ғылымдарының кандитаты Ұбайдолла Мәмбетов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басты бағыттарына тоқталып, Президент жүктеген негізгі міндеттерді бірлесе орындауға шақырды.

Қарапайым халықтың игілігі көзделген

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 сентября 2019 в 12:42

Қарапайым халықтың игілігі көзделген Айгүл ДҮЙСЕНОВА, Ақтөбе облысы бойынша үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президентіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында қарапайым адамдардың игілігіне, өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар көп.Мысалы, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы өседі, сондай-ақ, Үкіметке мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту тапсырылды.

Басты міндет — жолдаудағы тапсырмаларды сапалы және уақтылы жүзеге асыру

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 сентября 2019 в 12:32

Басты міндет — жолдаудағы тапсырмаларды сапалы және уақтылы жүзеге асыру Кеше облыс әкімдігінде «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Президенттің халыққа Жолдауын талқылау және ақпараттандыру бойынша облыстық актив мәжілісі өтті.Оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов, мемлекеттік мекеме басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, т.б. қатысты.Жиынды ашқан облыс әкімі бүгінгі күні елімізге дамудың жаңа кезеңіне шығу мүмкіндігі беріліп отырғанын жеткізіп, биылғы Жолдаудың ерекшелігіне тоқталды.— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономика, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын, білім сапасын жақсарту, медицина және бюджеттік қызметкерлерді қолдау, әлеуметтік көмек көрсету, зейнетақы жүйесін жетілдіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету бағыттарында жаңа бастамалар көтеріп, нақты тапсырмалар берді.

Этномәдени бірлестік өкілдері Президент жолдауын қолдайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 сентября 2019 в 11:52

Этномәдени бірлестік өкілдері Президент жолдауын қолдайды Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында этномәдени бірлестік өкілдері бас қосып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады. Жиында «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақытгүл Снабаева Жолдаудың негізгі бағыттарын тағы бір атап өтіп, қоғамдық келісімді нығайту тұрғысында айтылған бөліміне жіті тоқталды.— Бұл жолғы тарихи құжатта тек қана еліміздің әлеуметтік жағдайына ғана емес, экономикалық жағдайына да ерекше мән берілген.

Оң септігін тигізетініне үміттенеміз

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 сентября 2019 в 10:12

Оң септігін тигізетініне үміттенеміз Надежда ШАБАЕВА, «Глобал» компаниялар тобының президентіЖолдауды мен басшылық ететін компанияның барлық жұмысшылары тыңдады. Президенттің инновацияны дамытуға, сапалы өсімді қамтамасыз етуге ерекше тоқталғаны көңілімнен шықты.Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз сөзінде шағын және орта бизнес өкілдеріне деген қамқорлықты күшейтіп, тарифтерді реттеу жайын тапсырғаны бізді, кәсіпкерлерді қуантты.

Зейнетақыға үй алу. Президент Жолдауынан соң не өзгереді?

Источник: TengriNews Дата: 03 сентября 2019 в 17:43

Зейнетақыға үй алу. Президент Жолдауынан соң не өзгереді? 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғаш рет Жолдау жариялады. Еліміздегі зейнетақы төлемдерінің жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер қазу талқыға түсіп жатыр. Осы ретте Мемлекет басшысы үкіметке зейнетақы мәселелерін шешуге қатысты бірқатар тапсырма берген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 сентября 2019 в 11:22

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар!Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын!Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады.Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын.Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне сәйкес, біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады.Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз.Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз.Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінжаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес.

«Жер сатылмайды, митингке рұқсат, зорлық жазасы күшейеді». Тоқаев Жолдауында не айтты

Источник: TengriNews Дата: 02 сентября 2019 в 14:13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында халыққа Жолдау жариялады. Жолдау барысында Президент ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін айтты.

Полный текст Послания Токаева казахстанцам

Источник: TengriNews Дата: 02 сентября 2019 в 13:43

Полный текст Послания Токаева казахстанцам Полный текст Послания Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана был опубликован на сайте Президента, передает Tengrinews.kz.В нашей работе следует исходить из необходимости полной реализации Пяти институциональных реформ и Плана Нации, разработанных Елбасы. Следует возобновить работу созданной им Национальной комиссии по модернизации.Хотел бы высказать свои соображения по реализации наших общих задач, в частности, моей предвыборной платформы.І.

Халық қауіпсіздігі: жұмыс жалғасып жатыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 августа 2019 в 11:22

Халық қауіпсіздігі: жұмыс жалғасып жатыр «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қала маңындағы ауылдарда жалғасып жатыр. Сәрсенбі күні жобаның бірінші бағытының төртінші жұмыс тобы бойынша құрылған ақпараттық топ Құрашасай ауылында болып, тұрғындармен кездесті. Құрамында облыстық ішкі саясат басқармасының және аудандық әкімдіктің қызметкерлері, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы бөлімінің, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы облыстық филиалының өкілдері мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мамандары бар жұмыс тобы ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын өткізіп, сұрақтарына жауап берді.Жиында алдымен сөз алған ҚР Бейбітшілік пен келісім кеңесінің облыстық филиалы төрағасы Келдібай Еспағамбетов ауыл тұрғындарымен Конституция күні қарсаңында және жаңа оқу жылының алдында кездесіп жатқандығын жақсылыққа балап, қос мерекемен құттықтады.

Зейнетақы жайлы қазақстандықтар сенетін 5 жаңсақ пікір

Источник: TengriNews Дата: 26 августа 2019 в 17:13

Зейнетақы жайлы қазақстандықтар сенетін 5 жаңсақ пікір Еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер әлі де талқыланып, қазақстандықтар арасында түрлі сауалдар туып жатыр. Біреулер «зейнетке неғұрлым кеш шықсаң, соғұрлым зейнетақы жинағы көбірек болады» десе, тағы біреулері «зейнетақы аударымы көбірек шығу үшін ең басты еңбек өтілі көп болуы тиіс» деп жатады.
Показано 30 новостей из 212