Популярные темы

Сәуірден бастан зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты

Дата: 23 мая 2022 в 15:38


Сәуірден бастан зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты
Стоковые изображения от Depositphotos

Сәуірден бастан зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артты, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Осы жылдың сәуір айынан бастап зейнетақы мөлшері төрт пайызға, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш пен базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасының өзгеруіне байланысты жәрдемақы төлемдерінің мөлшері артты. 

1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге, ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге мөлшерінде бекітіліп отыр.

«Осыған орай, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден төрт пайызға және айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты жәрдемақы төлемдерінің мөлшері арттырылды», − дейді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыстық департаментінің басшысы Серік Саятов.

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері елімізде ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап көтерілді. Ескеретін жайт, өтіп кеткен екі айдың қосылған ақылары маусым айының төлемдеріне қосылып төленеді. Осы ретте, шілде айында зейнетақы мен жәрдемақыларды алған кезде «Өткен айдан неге аз?» деген сұрақ туындамас үшін, департамент мамандары бәрін тәптіштеп түсіндіріп берді.

Мысалы, егер толық көлемде еңбек өтілі бар зейнеткердің жасына байланысты зейнетақысының мөлшері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 70 000 теңгені құраса, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап төрт пайызға арттыруды ескере отырып, 72 800 теңгені құрайды (70 000 теңге*4% – 2 800 теңгеге ұлғаяды). Ал шілде айынан бастап қалыпты зейнетақы беріле бермек.

Фото: ашық дереккөз

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями