Популярные темы

ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет — Тоқаев 01 сентября 2021, 11:46

Дата: 01 сентября 2021 в 11:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет - Тоқаев
                01 сентября 2021, 11:46
Стоковые изображения от Depositphotos

ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысының айтуынша, коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды.

«Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған адамдарымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтіп жатыр. Біз уақыт жоғалтпай, індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан — коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір Qazvac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Вакцина қоры жеткілікті. Азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр», — дейді Тоқаев.

Алайда, елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көбі айтылды.

«Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде, соның кесірінен қаншама адамды адастыруда. Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Сондықтан екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн. Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойғанын ұмытпауымыз керек. Алдағы уақытта коронавирустың жаңа штамдары шығуы мүмкін. Біз оның қашан болатынын күтіп отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек», — деген Мемлекет басшысы қазір бустерлік вакцинаны сатып алу өте маңызды екеніне тоқталды.

«ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Сонымен қатар, бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындаған жөн. Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуға тиіс. Бұл шара қазіргі заң жобасында қарастырылған. Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес. «Дені сау ұлт» жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажет. Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейді. Коронавирусқа қатысы жоқ аурулар ахуалын нашарлатып алмауымыз керек», — деді Тоқаев. 

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

Тоқаев былтыр, 2020 жылы 1 қыркүйекте де Жолдау жасаған болатын. Ол кезде коронавируспен күрес, мемлекеттік басқару тәсілдерін өзгерту, мемлекеттік аппаратты қысқарту, квазимемлекеттік секторды реформалау, жолдарды жасау, жауапсыз несие беру мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы педофилдер үшін жазаны қатаңдату, қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беруді тапсырылды.

Ал 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауын 2 қыркүйекте жариялады. Бұл оның алғашқы үндеуі еді.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями