Популярные темы

Президент мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керегін мәлімдеді 01 сентября 2021, 11:36

Дата: 01 сентября 2021 в 11:43 Категория: Новости экономики


Президент мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керегін мәлімдеді
                01 сентября 2021, 11:36
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент Ұлттық банк пен үкіметтің басты міндеті — инфляцияны 4-6 пайызға қайтару екенін айтты. 

«Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру нәтижесінде экономикада жалпы 6,3 триллион теңге артық ақша пайда болды. Бірақ бұл қаржы түспейтін салалар бар. Екінші деңгейлі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылдарда инвестиция құймайды. Сондықтан микроқаржы ұйымдарды тартқан жөн», — деді Мемлекет басшысы. 

Жолдауында стресстік активтерді түсіруге аса мән берілуі тиіс екені де айтылды. 

«Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек деп шештік. Оған қоса тоқтау салынған активтерді экономикалық айналымға қайтару керек. Бірақ тек нарық негізінде. Ол үшін заңнама базасы болуы қажет. Үкімет Қаржылық реттеу агенттігімен бірге жыл соңына дейін заң жобасын Парламентке ұсынуы тиіс», — деді Тоқаев. 

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

Тоқаев былтыр, 2020 жылы 1 қыркүйекте де Жолдау жасаған болатын. Ол кезде коронавируспен күрес, мемлекеттік басқару тәсілдерін өзгерту, мемлекеттік аппаратты қысқарту, квазимемлекеттік секторды реформалау, жолдарды жасау, жауапсыз несие беру мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы педофилдер үшін жазаны қатаңдату, қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беруді тапсырылды.

Ал 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауын 2 қыркүйекте жариялады. Бұл оның алғашқы үндеуі еді.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями