Популярные темы

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қалай өсті?

Дата: 03 января 2024 в 15:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қалай өсті?
Стоковые изображения от Depositphotos

1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы төлемі өсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы төлемі Ұлттық банк анықтаған болжамды инфляция деңгейіне сәйкес жеті пайызға, ынтымақты зейнетақы тоғыз пайызға өсті, яғни инфляция деңгейінен екі пайызға озды.

«Бюджеттен төленетін зейнетақының орташа жиынтық мөлшері (Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді есепке алмағанда) 2024 жылы 130 414 теңге (2023 жылы – 120 838 теңге) болады», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны жыл сайынғы кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ең жоғарысын 120 пайызға дейін арттыру жүзеге асырылады.

Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60-тан 65 пайызға дейін өсті, бұл — 28 215 теңге, ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100-ден 105 пайызға дейін, бұл — 45 578 теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақыларды көтеру мысалы:

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7 пайызға ұлғайтылды. Бұл төлемдерді бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы жүзеге асырады.

«Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу және табысты ауыстыру өтілі», — деп толықтырды Еңбек министрлігі.

Фото:depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями