Популярные темы

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды

Дата: 10 августа 2023 в 17:38


Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды
Стоковые изображения от Depositphotos

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 092 теңге, базалық зейнетақы – 37 831 теңге, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,9 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.

«Республикалық бюджеттен 1 триллион 924,5 миллиард теңге зейнетақы төленді, оның 590,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 333,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді», деді  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінде.

Еңбек министрлігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы бұйрығымен Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, іске асыру, тоқтату және тағайындау туралы шешімді қайта қарау қағидалары бекітілді.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями