Популярные темы

2024 жылы зейнетақы жинағын кімдер ала алады

Дата: 29 января 2024 в 12:18


2024 жылы зейнетақы жинағын кімдер ала алады
Стоковые изображения от Depositphotos

Tengrinews.kz 2024 жылы зейнетақы жинақтарын кімдер ала алатынын білді — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Tengrinews.kz редакциясы сұрауына берген жауабы бойынша, Зейнетақы жинақтарын зейнеткерлік жасқа толғанға дейін (жеке табыс салығын шегергенде) Қазақстаннан тыс жерлерге кеткен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар толық көлемде ала алады. Ол үшін олар қорға (жеке, пошта арқылы немесе сенім білдірілген өкіл немесе заңды өкіл арқылы) БЖЗҚ сайтында көрсетілген құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Осыдан кейін зейнетақы он жұмыс күні ішінде төленеді.

Сондай-ақ, зейнетақы жинағын төлық көлемде тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан қазақстандықтар пайдалана алады, атап айтқанда:

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдардың толық тізбесі әлеуметтік кодекстің 212-бабында айқындалған.

БЖЗҚ мәліметінше, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнеткерлер Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі басқа банктерге жүгіне алады. Емдеу ақысын төлеу үшін болса, тек Отбасы банкіне.

Сондай-ақ, өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан, сол арқылы ай сайынғы зейнетақы төлемдерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес қамтамасыз еткен қазақстандықтар тұрғын үйге және емделуге өздерінің барлық зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алады. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар тұлғалардың толық тізімі және бұл үшін қажетті құжаттар топтамасы қордың ресми сайтында да көрсетілген.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар пайдалана алады:

2024 жылы зейнетақы жинағын толық немесе ішінара ала алатын азаматтар тізімін кеңейту жоспарланып отыр ма деген сұраққа БЖЗҚ былай жауап берді:

«Зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар тұлғаларды Әлеуметтік кодекс белгілейді. Заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бастамасы Үкімет құзыретінде».

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями