Arna Press,
05 марта 2023
в 22:38
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бүгін Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді.
Arna Press,
05 февраля 2023
в 23:28
Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі Қазақстанның 3 өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі nur.kz сайтына сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамынша, 6 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде тау асуларында күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Arna Press,
11 января 2023
в 15:28
Абай облысының Абай ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасынның мониторингі бойынша жұмыс тұрақты бақылауда, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бақылау жүргізетін жұмыс тобының құрамында Абай ауданы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің мамандары бар.
Arna Press,
10 января 2023
в 13:48
Абай облысының әкімдігі «Абай жастары» бағдарламасына кімдер қатыса алатының айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.18 жастан 35 жасқа дейінгі қоса алғанда журналистер (тұрақты БАҚ қызметкерлері). Мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт қызметкерлері (18 жастан 35 жасты қоса алғанда).
Arna Press,
06 января 2023
в 11:18
ШҚО-да құтқарушылар Ресей Федерациясының 12 азаматын қар құрсауынан эвакуациялады, деп хабарлайды Arnapress.kz.Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd) Шемонаиха ауданында «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолда қалған 12 адам қолайсыз ауа-райының кепіліне алынды.
Arna Press,
09 декабря 2022
в 19:48
Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Дархан Сейтханов қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша тендер қорытындысы неге тағы кешіктірілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семей тағы да қоқысқа «батып» жатыр: контейнерлер аузы-мұрынынан қалдыққа толы, ал қоқыс алаңдары бірнеше апта бойы тазаланбайды.
Arna Press,
14 ноября 2022
в 13:48
Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау тобының полициейлері 2022 жылдың 10 айында браконьерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс атқарып, нәтижесінде 33 экологиялық қылмысты тіркеді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мобильдік топтар құрамындағы полицейлер «Браконьер», «Уылдырық» және басқа да жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде қазіргі заманғы техникалық құралдарды, квадроциклдерді, қайықтарды және қызметтік автокөліктерді пайдалана отырып, бүкіл аумақты және қорғалатын табиғи аймақтарды қамти отырып, рейд жүргізді.«Жыл басынан бері заңсыз балық аулау дерегі бойынша 18 қылмыс тіркеліп, балық аулау ережелерін бұзған 457 азамат анықталды.
Tengrinews,
23 февраля 2022
в 17:33
ДДСҰ мәліметінше, былтыр әлем бойынша 20 миллионға жуық обыр ауруы тіркелген және оның тең жартысы дер кезінде анықталмай, қайғылы жағдаймен аяқталған. Мұны медицина мамандары бір ауыздан диагностиканың кеш жасалуымен байланыстырады. Германияның жоғары санатты терапевті, медицина докторы Амир Надери Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында денсаулықты бақылау үшін жыл сайын қандай анализдер тапсыру керегін айтты.
Tengrinews,
15 февраля 2022
в 14:43
Tengrinews.kz тілшісі «5:32» сериалының авторы әрі режиссері Әлішер Үтевпен сұхбаттасып, сценарий қалай жазылғанын, ондағы цензура мен ерекшеліктер туралы сұрады. Сонымен қатар, режиссер жобаны жарты жолда тастап, көп шығынға ұшыратқан танымал актер туралы және Қазақстандағы ең танымал каннибал туралы сөз қозғады.
Tengrinews,
09 февраля 2022
в 14:13
Бүгінде тамақ дайындау технологиясы көз ілестірмес жылдамдықпен дамып, бөлек өнеркәсіпке айналды. Күнделікті тұтынатын өнімдеріміз консерванттарға, бояғыштарға, хош иістер мен басқа да химиялық қосындыларға толды. Ал сол тағам химиясы қаншалықты қауіпсіз және біз ол туралы не білуіміз керек? Tengrinews.kz тілшісі химик Гүлжан Хамитовадан сұрап көрді.
Tengrinews,
01 февраля 2022
в 11:13
ДДСҰ мәліметінше, жыл сайын 700 000 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Иә, жантүршігерлік статистика. Ең өкініштісі, суицид деңгейі бойынша рейтинг жылына 4 рет жаңарып отырады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Германияның медицина ғылымдарының докторы, психотерапевт Хайо Хейнмен сұхбаттасып, суицидтің психотипі және оның алдын алу жолдарын сұрады.
Tengrinews,
01 февраля 2022
в 09:33
Желіде Илон Маск дайындап жатыр деген Tesla Phone туралы қауесет әлі де басылар емес. Смартфонның алғашқы үлгілері Желіде бес жыл бұрын, 2017 жылы пайда болды. Алайда ол компания ресми түрде таныстырған ұялы телефон емес, тек түрлі сарапшылардың ұсынған үлгісі еді. Масктың компаниясы ұялы телефон шығаратынын әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ.
Tengrinews,
26 января 2022
в 11:03
Кешеден бері БАҚ АҚШ президенті Джо Байденнің журналиске тіл тигізгенін жарыса жазып жатыр. Президенттер мен басқа да шенеуніктердің журналиске дөрекі сөйлеуі алғаш емес. Ондай жағдай Қазақстанда да болған. Tengrinews.kz тілшісі осындай оқиғаларды еске түсірді. АҚШ президенті журналиске тіл тигізді АҚШ президенті Джо Байден Fox News телеарнасының журналисі туралы дөрекі сөзге жол берді.
Tengrinews,
21 января 2022
в 17:33
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Tengrinews.kz тілшісі кездесу барысында Президент көтерген маңызды мәлімдемелерге шолу жасады. «162 адам байлықтың жартысын иеленген» Тоқаев халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын, жағдайды шұғыл өзгерту керек екенін айтты.
Tengrinews,
30 декабря 2021
в 16:43
2021 жылы қазақстандықтар қызу талқылаған оқиғалар болды. Қызметтен кеткен, қызметі ауысқан лауазымды тұлғалар ел назарында болды. Tengrinews.kz тілшісі биыл талқыға түскен қызметтен кету оқиғаларын еске түсіреді. Алексей Цой Фото: primeminister.kz 20 желтоқсанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кетті.
Tengrinews,
28 декабря 2021
в 10:43
Жыл аяқталар тұста дүние жүзінде түрлі ұйым «жыл сөзін» таңдайды. Бұл сөз күнтізбедегі бір жылдың бейнесі іспеттес. Биыл көп жерде жыл сөзі ретінде вакцина танылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі биыл дүние жүзінде аталған жыл сөзі туралы жазып, оның қазақша нұсқасын да анықтап көрді. Оксфорд ағылшын тілі сөздігі биыл қолданыста ең көп қолданыста болған сөзді таңдады.
Tengrinews,
24 декабря 2021
в 09:33
Нұр-Сұлтанда арқан арқылы көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен ішке еніп, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтаған Аяз ата желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қауіпті трюктерді шебер орындап, көпшіліктің ықыласына бөленген Қайратбек Тұрғанжановтың жасы 34-те, Семей қаласының тумасы.
Tengrinews,
20 декабря 2021
в 17:43
Бүгін Алексей Цой денсаулық сақтау министрі лауазымынан кетті. Ол бұл қызметті 2020 жылдың маусымынан бері атқарып келген. Tengrinews.kz тілшісі экс-министрдің бір жарым жылдық жұмысына көз жүгіртіп, айтқан мәлімдемелеріне шолу жасады. Алексей Цой министр қызметінде шамамен 900 мың теңге жалақы алып келді.
Tengrinews,
10 декабря 2021
в 15:33
Кейінгі жылдары қазақстандықтардың Түркиядан пәтер алуға деген сұранысы артып кеткен. Түркияның статистика институтының мәліметінше, елде баспана сатып алатын шетелдіктердің ішінде қазақстандықтар тоғызыншы орында екен. Былтырдың өзінде 1117 қазақстандық Түркиядан пәтер сатып алған. Бұл былтыр елден баспана алғандардың 2,8 пайызы.
Banker.kz,
26 ноября 2021
в 00:41
Цифрландырудың дамуымен халықтың қашықтан қаржылық сервистерге сұранысы артуда Цифрландырудың дамуымен халықтың қашықтан қаржылық сервистерге сұранысы артуда. Қазақстандықтар үйден немесе кеңседен депозиттерін рәсімдейді, несиелерін төлейді, ақшалай аударымдар жасайды, сақтандыру полистерін сатып алады. Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін онлайн режимінде сатып алуға болады. Қашықтан қызмет көрсету түрі уақытты және материалдық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді: ешқандай жол жүріп, кезекте тұрудың қажеті жоқ, бұл карантиндік шаралар жағдайында өте маңызды.
Tengrinews,
22 ноября 2021
в 14:33
Таяуда Жапония ғалымдары темекі өнімдерінің коронавирус инфекциясына қарсы жасалған екпеге кері әсері барын мәлімдеді. Медицина мамандарының айтуынша, темекі адам ағзасындағы антидененің мөлшерін азайтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еліміздің танымал терапевті Анжела Ашихмина да бұл тұжырыммен келісіп отыр.
Tengrinews,
17 ноября 2021
в 17:03
Коронавируспен дүниежүзі күресіп жатыр. Күн сайын оған қарсы әлемде вакцинация мәселесі көтеріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да ескерту, сын, кеңесін айтып, ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесін бөлісіп жүр. Tengrinews.kz тілшісі пандемияның аяқталуы, ревакцинация мен оның проблемаларына қатысты айтылған мәлімдемелерге шолу жасады.
Tengrinews,
11 ноября 2021
в 11:03
Қазақстандық оқушы Қайсар Жәрдем қазір АҚШ-тағы мектепте білім алып жатыр. 16 жастағы қазақстандық Сиэтлде тұрады. Ол Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тағы мектептері мен елделі білім туралы айтып берді. «Алты пән таңдап, бір семестр бойы соны ғана оқисың» Қайсар Жәрдем биылғы 1 қыркүйектен бері АҚШ-та оқиды.
Tengrinews,
21 октября 2021
в 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар мәлімдеме жасады. Tengrinews.kz тілшісі Тоқаев ҚХА отырысында қандай тапсырмалар бергенін жазды. «Отбасылық жанжалға аса мән беру керек» Президент отбасылық жанжал ұлттық сипатқа ұласпауы керегін айтты.
Tengrinews,
13 октября 2021
в 17:13
Кейінгі кездері ревакцинация мәселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл тек Қазақстанда емес, дүние жүзі елдері талқылап жатқан процесс. Тіпті ревакцинацияны бастап кеткен елдер де бар. Алайда мамандар ревакцинацияның қажеті бар-жоғына қатысты бір тұжырымға келе алмай отыр. Tengrinews.kz тілшісі сарапшылардың ревакцинацияға қатысты пікірлеріне шолу жасады.
Tengrinews,
11 октября 2021
в 12:13
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жалған вакцинация паспортын жасауды тоқтату бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Білесіздер ме, шектеу құқығы бар құжаттарға байланысты өз ісіне адал қарамайтын әріптестеріміз де бар болып жатады, ол бизнес индустрияға айналып кеткен.
Ақтөбе газеті,
02 октября 2021
в 22:52
Әдеп жөніндегі кеңес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысында Алға ауданы әкімдігінің бөлім басшыларына қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және қаржылық жұмыстар бөлімінің басшысы Бауыржан Досымов және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ескендір Бекіш мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды.Қызметтік тексеру барысында конкурстық рәсімдердің бұзылғаны анықталды.
Tengrinews,
28 сентября 2021
в 14:53
Apple компаниясы жаңа iPhone 13 смартфонын шығарды. Бүгінде АҚШ пен әлемнің көптеген елінде жаңа смартфонның сатылымы басталып кетті. Бірақ Қазақстанда телефонды қазанның ортасынан бастап сатып алуға болады. Бүгінде бағасы бекітілмеген. Дегенмен бұл смартфонның ең қымбат нұсқасының бағасы миллион теңгеге жуықтайды.
Tengrinews,
02 сентября 2021
в 14:03
Ақ сақалды ата мен ақ жаулықты ананың, жасы үлкеннің алдынан кесіп өтпейтін қазақ халқы сәлемдесуге аса мән берген. Амандасу, хал сұрау әдептіліктің, ізгі ниеттің белгісі саналады. Содан болар, «Сәлем — сөздің атасы» дейміз. Дегенмен, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Бабақұмар Хинаяттың айтуынша, қазір сәлемдесудің де, сөздің де, сәлем айтудың да қадірі кеткен.
Магнолия,
10 июня 2021
в 12:38
Қазіргі уақытта азаматтардың өз меншігіндегі жылжымайтын мүліктерін тіркеу мүмкіндіктері жоғарылап, кедергілері мен айыппұл ретіндегі жауапкершіліктері жеңілдетілген. Бұл орайда, Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалық) мемлекеттік тіркеу барысында меншік иелерінің ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының талаптарына сәйкес, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті болатын.