Популярные темы

Абай облысында 230-дан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Дата: 20 июля 2023 в 16:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында 230-дан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының полицейлері ағымдағы жылдың 17-19 шілдесі аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған іс-шара жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілуде» – деп хабарлады полиция департаментінде.

Жедел-алдын алу іс-шарасының  өткізілуі барысында ювеналды полиция қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар жасаған 250-ден астам әкімшілік құқық  бұзушылықтың жолы кесілді.

«Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 23 заңды өкілі жауапқа тартылды. 3 бала «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылды. 3 жасөспірім және 12 қолайсыз отбасы анықталып, олар дереу ішкі істер  органдарына есепке алынды. Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 231 фактісі анықталды», — деп қосты баспасөз қызметінде.  

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және жасөспірімдер қылмысының жолын кесуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру тұрақты негізде жүргізіледі.

Сурет: Абай облысы ПБ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями