Популярные темы

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, оқушылар қашықтықтан оқуға көшті

Дата: 05 декабря 2023 в 10:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Стоковые изображения от Depositphotos

Елордада ауа райының нашарлауына байланысты 5 желтоқсанда жолдар жабылып, бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Көктайғаққа байланысты келесі бағыттар уақытша жабылды:

Сондай-ақ, көлік ағындары мен қоғамдық көліктердің жылдамдығы төмендейді. Автобус бағыттарында кідіріс орын алып, кей жерлерде қоғамдық көлікке қатынау қиынға соғады.

Сонымен қатар, елордадағы бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшуде.

Осыған дейін Астана қалалық полиция департаменті елорда тұрғындарына күтілетін қар жауып, көру мүмкіндігінің нашарлауына және көктайғаққа байланысты үндеу айтқан болатын.

Сондай-ақ, 5 желтоқсанда Астанада және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями