Популярные темы

Алматыда заңсыз бой көтерген 31 тұрғын үй кешені

Дата: 20 сентября 2023 в 16:07 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыда заңсыз бой көтерген 31 тұрғын үй кешені
Стоковые изображения от Depositphotos

Мегаполис әкімдігі пәтер алуға кеңес бермейтін тұрғын үй кешендерінің тізімін толықтырды. Бұлар құжатсыз, бақылаусыз және нысаналы мақсаты сәйкес келмейтін жерде салынып жатыр екен.

Билік құрылыс салушыларға шағымданып, сотқа жүгінген.

Қазір бұл тізімде 31 ТК бар:

Медеу ауданы, Фонвизин к-сі, 28.
Тапсырыс беруші — ABS Park ЖШС.
Компания құрылыс жұмысын бастар алдында ескертпеген, сараптама жүргізбеген және авторлық сүйемелдеу, техникалық бақылау жасамаған. Одан бөлек жобадан ауытқығаны анықталды.

Түрксіб ауданы, Қайрат ш/а, 23-көше, 4-уч.
Тапсырыс беруші — Premium Construction Co ЖШС.
Құрылыс салушының сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) қайтарып алған.

Түрксіб ауданы, Д. Қонаев ат. өндірістік кооператив, 27-уч.
Тапсырыс беруші — жеке тұлға.
СЖТ жоқ, эскиз жобасына келісім алмаған, құрылыс жұмысын бастайтынын ескертпеген. Өзіндік қосалқы шаруашылық үшін берілген жерге салынып жатыр.

Наурызбай ауданы, Құрамыс ш/а, Сейдімбек к-сі, 105/6-уч.
Тапсырыс беруші — Almaty Investment Group Construction ЖШС.
Эскиз жобасы бойынша үйлер үш қабатты болуға тиіс, ал іс жүзінде құрылыс салушы 5 қабатты ғимараттар тұрғызған.
Сотқа жоғарғы екі қабатын сүру туралы талап жолданды.

Наурызбай ауданы, Қарғалы ш/а, Қали Надыров к-сі, 71, 73, 75-уч.
Тапсырыс беруші — жеке тұлға.
СЖТ, эскиз жобасы, сараптама қорытындысы және құрылыс басталғаны туралы ескерту жоқ.
Жер телімінің нысаналы мақсаты — жеке тұрғын үй құрылысы.

Наурызбай ауданы, Құрамыс ш/а, Сейдімбек к-сі, 100/2, 100/3, 100/4-ул.
Тапсырыс беруші — Integra Construction KZ ЖШС.
Құрылыс салушы алты блокқа заңсыз қабат қосқан. Сотқа төртінші қабатын сүру туралы талап жолданды.

Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, 2-бөлім.
Иесі — жеке тұлғалар.
Таунхаусты қандай да бір рұқсат құжаттарын алмай салған.
Сотқа сүру туралы арыз түсті.

Бостандық ауданында, «Мамыр» БС, 138/2 және 138/3-уч.
Құрылыс салушы сараптама қорытындысын алмай, ескертусіз жұмыс бастапты. Ал жер телімдері бау-бақша өсіруге арналған.

Медеу ауданы, Жамақаев к-сі, 194.
Мұның да эскиз жобасы, сараптама қорытындысы және құрылыс-монтаж жұмысы басталғаны туралы ескертуі жоқ.
Жердің нысаналы мақсаты — тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету.

Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, «Чапаево» ШҚҚ, 1115/1-уч.
Құрылыс салушының сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен эскиз жобасы жоқ.
Таунхаус іргетасы қаланып жатқан жер өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған.

Алатау ауданы, Дархан ш/а, Сабатаев к-сі, 24.
СЖТ алмаған, эскиз жобасы мақұлданбаған, сараптама қорытындысы мен құрылыс бастау туралы ескертуі жоқ.
Компания өнеркәсіп-өндіріс ғимаратын салатын жерде құрылыс жүргізіп жатыр.

Медеу ауданы, Тайманов к-сі, 151.
Тапсырыс беруші — «Атриум Плюс» ЖШС.
Құрылыс салушының қолында қажет құжаттар жоқ.
Жер телімі әкімшілік ғимарат, қойма, асхана, гараж, ағаш өңдеу, ұсталық, дәнекерлеу цехтарын салуға және қызмет көрсетуге арналған.
Сол себепті кешенді сүру туралы сот шешімі шықты.

Медеу ауданы, Обсерватория к-сі, 104/4.
Тапсырыс беруші — жеке тұлға.
Алғашқы қатарын салғанда эскиз жобасынан ауытқығаны белгілі болды, құрылыс салушы оны өз бетінше қолданысқа беріпті. Екінші қатардағы ғимараттың рұқсат құжаты жоқ.
Нысанды пайдалану үшін қабылдау және өткізу актісінің күшін жою туралы сот шешімі шықты.

Медеу ауданы, Достық даңғ, 170/1.
Тапсырыс беруші — жеке тұлға.
СЖТ жоқ.
ЭЖ ұйғарымын алмаған.
Құрылыс-монтаж жұмысын бастау туралы ескертуі де жоқ.
Нысаналы мақсаты — көп қабатты тұрғын үй құрылысы.
Нысанды сүру туралы сот шешімі шыққан. Бірақ иесінің кассациялық шағым түсіруге мүмкіндігі бар.

Медеу ауданы, Шашкин к-сі, 42/1.
Тапсырыс беруші — жеке тұлға.
Медицина орталығын салу туралы СЖТ алып, орнына тұрғын үй кешенін салған. Эскиз жобасына келісім алмаған және құрылыс жұмысын бастайтынын ескертпеген.

Алатау ауданы, Теректі ш/а, Айналмалы к-сі, 183-уч.
Тапсырыс беруші — Investment Stroy ЖШС.
СЖТ, ЭЖ және құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.
Нысаналы мақсаты — ЖТҚ.
Сүріп, қазған жерді қайта көму туралы сот шешімі шықты.

Алатау ауданы, Мәдениет ш/а, 185/8.
Тапсырыс беруші — «Ашинов» ЖК.
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар, бірақ ЭЖ мақұлданбаған, құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.
Құрылыс жұмысы шұңқыр қазу кезеңінде тоқтады.

Бостандық ауданы, Ремизовка ш/а, 7-т.к, 71-уч.
Тапсырыс беруші — бес жеке тұлға.
Ешқандай рұқсат құжаты жоқ.

Медеу ауданы, Горный Гигант, 192-уч.
Тапсырыс беруші — Demeu Development.
СЖТ, ЭЖ және құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.
Жер телімі өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған.

Алмалы ауданы, Қарасай батыр к-сі, 183/19.
Тапсырыс беруші — Garant LTD Service ЖШС.
Ғимаратты қалпына келтіру туралы құжаттары бар.
СЖТ, ЭЖ және құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.

Алмалы ауданы, Аносов к-сі, 103Б.
Тапсырыс беруші — Adal Сity Stroy ЖШС.
СЖТ, ЭЖ және құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.

Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а, Көлсай к-сі, 31/3.
Тапсырыс беруші — «Эксперткомальянс» ЖШС.
Сәулет-жобалау тапсырмасын, эскиз жобасын және сараптама қорытындысын қайтарып алған, ал құрылыс-монтаж жұмысын бастау туралы ескерту реестрден жойылды.

Бостандық ауданы, Мирас ш/а, 24/1, 24/2, 25/5-уч.
Тапсырыс беруші — жеке тұлға.
ЭЖ мен құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.
Нысаналы мақсаты — ЖТҚ.

Бостандық ауданы, Витебская к-сі, 44/3, 44а.
Тапсырыс беруші — Tennis.kz ЖШС.
СЖТ, ЭЖ және құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.
Нысаналы мақсаты — ЖТҚ.
Нысанды сүру туралы іс сотта қаралып жатыр.

Бостандық ауданы, Ерменсай ш/а, 7-т.к, 7/71-уч.
Тапсырыс беруші — жеке тұлға.
СЖТ, ЭЖ және құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.
Нысаналы мақсаты: бірінші жер телімі — бұғатталған тұрғын үйлер, екіншісі — ӨҚШ.
Сотқа нысанды сүру туралы талап жолданды.

Медеу ауданы, 2-көше, 33-уч.
Құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттары жоқ.
Жер телімінің нысаналы мақсаты — ЖТҚ.

Медеу ауданы, 6-көше, 7, 9-уч.
Иесі — жеке тұлға.
СЖТ, ЭЖ және құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.

Медеу ауданы, Горный Гигант, Сызғанов к-сі/Шукшин к-сі.
Иесі — жеке тұлғалар.
СЖТ, ЭЖ және құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.
Нысаналы мақсаты — ЖТҚ.
Қазған жерді мәжбүрлі түрде қайта көму үшін талап жолданды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Наурызбай ауданы, Тастыбұлақ ш/а, Таутаған к-сі, 6, 8, 10-уч.
Иесі — жеке тұлға.
Құрылыс-монтаж жұмысын бастау туралы ескерту мен келісім жоқ.
Жер телімі өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған.

Наурызбай ауданы, Үлкен Алматы ауылдық округі.
Иесі — жеке тұлға.
Құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттары жоқ.
Жер телімінің нысаналы мақсаты — ЖТҚ.
Құрылыс жұмысы тоқтап тұр.

Тапсырыс беруші — жеке тұлға.
Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш/а, «Чапаево» ШҚҚ, 426-уч.
СЖТ, ЭЖ және құрылысты бастау туралы ескертуі жоқ.
Нысаналы мақсаты — шаруа қожалығын жүргізу.
Нысанды сүруге қатысты істі сот қарап жатыр.

Есіңізде болсын: құрылыс салушыдан пәтер алмас бұрын құжаты түгел екеніне көз жеткізіңіз.

Алматыда қала құрылысы басқармасының шұғыл желісі жұмыс істейді. 
+7 705 89 66 000 (WhatsApp) немесе +7 (727) 229-81-36 нөміріне хабарласып, қажет мәліметтің барлығын алуға болады.

По сообщению сайта Крыша

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями