Популярные темы

Әйелді қорлап, өлтіруге ешкімнің қақы жоқ: депутаттар жазаны күшейтуді талап етті

Дата: 15 ноября 2023 в 15:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Әйелді қорлап, өлтіруге ешкімнің қақы жоқ: депутаттар жазаны күшейтуді талап етті
Стоковые изображения от Depositphotos

«AMANAT» Фракциясының депутатары әйелдерге қарсы жасалған қылмыс үшін жазаны күшейтуді талап етті, —  деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың сөзінше, «жемқорлықпен сотталып, рақымшылыққа ие болған экс-шенеунік өз әйелін өлтірді» деген жантүршіктірер ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті. Жығылғанға жұдырық демекші, араға 1 апта уақыт салмай, Талдықорғандағы полицияның қызды зорлау фактісі есеңгіреген қоғамға одан сайын соққы болды. 

Депутаттардың ұсынысымен 3 жыл бұрын бірнеше қатаң өзгерістер заңнамаға енгізілген. Оның ішінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда, қазір хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары жеткілікті. Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталынып, енді сотта татуласу мүмкіндігі жоқ.

«Бірақ аталған нақты өзгерістердің өзі отбасындағы әйелдерді қорлауға қажет деңгейде тоқтау салмай отырғаны қынжылтады. Соның салдарынан жүздеген қазақстандық әйелдер өмірінен, денсаулығынан және болашаққа деген үмітінен айырылып отыр. Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең әйелдің халін түзе!» деп айтқан. Ол сөзі бүгінге дейін әлі өзекті. Зерттеулерге сай 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40%-ы жеткен екен. Ал ондай абьюзерлердің көбіне кешірім беріліп, босаған. Ал олардың тек 39%-ы ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауда отырған».Депутат Жұлдыз Сүлейменова

Депутат қазақ әйелдерінің ендігі тағдыры бәрімізге тікелей байланысты деп баса айтты.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірінші елімізде құндылықтарға негізделген мәдениетті қалыптастыру, идеологияны жетілдіру, жауапкершілікті күшейту, ең бастысы заңды қатаңдату және оның сапалы орындалуын жүзеге асыруымыз қажет. Дегенмен небір «қыңыр мүдделі» топтардың араласуымен аталған заң тұжырымдасындағы нормаларды үкімет қолдамай отыр. Түрлі эксперт ортаға салып, түсініксіз себептермен заң әлі мәжіліске келген жоқ. Өзіміз жасаған, әйелдер мен балаларды нақты қорғайтын заң жобасына қажет қорытындыны үкімет созып жатыр. Сонда тағы да қаншама әйелдің тағдыры сынғанын күтеміз бе?!» — деп қосты ол.

Сондықтан «AMANAT» Фракциясының депутатары мыналарды ұсынды:

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями