Новости по теме "айти"

Айгүл Елшібаева эстрада әншілерін неге сынға алды? Ләйлә Сұлтанқызымен «The Эфир»

Источник: TengriNews Дата: вчера в 19:24

Айгүл Елшібаева эстрада әншілерін неге сынға алды? Ләйлә Сұлтанқызымен Дәстүрлі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Елшібаева сұхбат барысында дәстүрлі әншілердің бүгінгі жағдайы туралы айтты. Сондай-ақ ол эстрада әншілерінің орындап жүрген әндерін сынға алды.

Ұлы тұлғаны тану

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 13:22

Ұлы тұлғаны тану Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Абайтану және ұлттық руханият» орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.Шараға зиялы қауым өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер қатысты.Дөңгелек үстелді жүргізген университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров Мемлекет басшысының жариялаған мақаласы туралы өз ой-пікірін ортаға салып, биыл ұлы ақынның мерейтойына орай оқу орнында үлкен іс-шаралар апталығы ұйымдастырылатынын, осыған орай бүгінгі күні жоспар жасалып жатқанын жеткізді.— Өткен жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай іс-шаралардың бастауы ретінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Жұбановтан — Абайға» атты экспедиция ұйымдастырылып, Ақтөбе — Нұр-Сұлтан —Павлодар — Семей — Жидебай — Баянауыл — Қарқаралы — Қарағанды бағытындағы киелі жерлерде болып қайтты.

«Тойға 35 адам келді» — даниялық жігітпен отау құрған қазақ қызы

Источник: TengriNews Дата: 17 января 2020 в 12:33

Алима Төлешова Данияның Орхус қаласында тұрады. Халықаралық сауда бойынша магистр дәрежесі бар ол бүгінде даниялық ірі компанияда қызмет етеді. Алима 2016 жылы Йеппе есімді даниялық жігітке тұрмысқа шыққан. Бұған дейін 30 елді аралап үлгерген кейіпкеріміз Tengrinews.kz тілшісіне интернационал отбасы және Даниядағы өмірі туралы айтып берді.Даниядағы өміріАлиманың айтуынша, Дания — экономикасы қарқынды дамыған мемлекет.

Ла Лига 2. 23-й тур. Не самый удачный дебют Лунина, «Кадис» снова теряет очки, третья кряду победа «Депортиво»

Источник: FootBoom Дата: 17 января 2020 в 04:24

Ла Лига 2. 23-й тур. Не самый удачный дебют Лунина, 16 январяАльмерия. Стадион «Медитерранеос». 8 821 зритель Главный арбитр: Оливер Де Ла Фуэнте Ассистенты: Самуэль Гарсия, Рубен Ортега«Альмерия» — «Овьедо» 2:0Голы: Нуньес, 62 (пен.), Нуньес, 73«Альмерия»: Мартинес, Балью, Мараш, Мартос, Петрович, Вада, Ласо, Агуса (Каптум, 46), де ла Ос, Муньос (Жонатан, 73), Нуньес Тренер: Гути«Овьедо»: Лунин, Эрнандес, Мосса, Ньето, Аррибас, Санчес, Суарес, Луисми (Гонсалес, 77), Рамос (Бальде, 67), Барсенас (Обенг, 76), Ортуньо Тренер: Хави РосадаПредупреждены: Петрович, 34, Ласо, 71, Балью, 85Жирона.

Шетелдік көлікті сатып алу алдында не білу керек?

Источник: TengriNews Дата: 16 января 2020 в 17:03

Шетелдік көлікті сатып алу алдында не білу керек? Таяуда Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасаған болатын. Министрлік шетелде есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған еді. Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей, Армения және Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер күн сайын көбейіп барады.

«25 келі тастадым». Танымал актер Әбунасыр Серіков ауыр сырқаты жайлы айтты

Источник: TengriNews Дата: 16 января 2020 в 14:13

Желіде танымал актер Әбунасыр Серіков ауыр дертке шалдықты деген ақпараттар тарап кетті. Бұл туралы актердің өзі «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан еді. «Төрт жылдан бері емделіп, қатты науқастанғаннан кейін қазір гастрольге шыға алмаймын (...). Мен өзім науқастанғаннан кейін 25 келі тастадым.

Қайталанбас ерліктің үлгісі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 января 2020 в 11:32

Қайталанбас ерліктің үлгісі Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына — 95 жыл. Ал 14 қаңтар күні оның қаза тапқанына 76 жыл болды. Бұл күні қобдалықтар дәстүрден жаңылған жоқ. Әдеттегідей Әлиясын еске алды. Батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ пен Әлия ауылдарында орнатылған ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталған шарада ару қыздың аңызға айналған ерлігіне шырақ жағылды.

Маңызды мәселелер қозғалды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 января 2020 в 11:22

Маңызды мәселелер қозғалды Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев Жаңақоныс, Есет Көтібарұлы, Айшуақ ауылдық округтерінде болып, ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен биылғы жылға арналған міндеттері туралы есеп берді.Алдымен аталған округ әкімдері тұрғындар алдында есеп берді. Бұдан соң халықтың сауалдарына құлақ түрілді.Жаңақоныс ауылының тұрғындары биылғы жылы Айшуақ ауылдық округінің орталығына дейін асфальт жол тартылатынына қуанып, сол күре жолдың тұсынан ауылға дейінгі аралықтағы екі шақырым жерге де асфальт төселсе, Мәдениет үйінің құрылысы аяқталса, мектепте ән-би үйірмесі ашылса, сондай-ақ ұялы байланыс қондырғысы орнатылса деген тілектерін жеткізді.

Невидимая Феминнале. Скандал затмивший выставку

Источник: Новости Кыргызстана Дата: 16 января 2020 в 11:12

Невидимая Феминнале. Скандал затмивший выставку Автор колонки — арт-критик Георгий Мамедов. Тексты, опубликованные в рубрике «Мнения», отражают позицию их авторов.1-я Феминнале современного искусства, прошедшая в Кыргызском Национальном музее изобразительных искусств в Бишкеке с 27 ноября по 15 декабря 2019 стала одним из самых значимых политических и культурных событий прошлого года в Кыргызстане.

Абайдың аналары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 января 2020 в 10:12

Абайдың аналары Жидебайдағы Абай кесенесіне барған ел алдымен жолдан қиғаштау тұрған ақынның аналары Зере мен Ұлжанның басына барып бет сипағанды әдетке айналдырған…Күллі қазақ 175 жылдығын айрықша атап өтеміз деп жатқан жылдың әлқиссасын ақынды дүниеге әкелген анасы Ұлжан мен бауырына салып, әлдилеген Зере әжеден бастағанды жөн көрдік.Абай туралы алғаш классикалық ғылыми мақала жазған ғалым Құдайберген Жұбановтың мына бір пікіріне құлақ аспаса болмайды: «Бірі емшек сүтімен қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген ананың «әлди, әлди, ақ бөпем», атаның «сал-сал білегі», қойшының әні, қыздың сыңсуы, қаралы қатынның жоқтауынан бастап көркемдік сезімін шырбыдай шырмаған халық әдебиеті», — деген пікірі («Абай — қазақ әдебиетінің классигі» мақаласы) кеңірек сөз қозғауды қажет етеді.Абайдың өлең-жырға әуестігін шыңдаған — оның әжесі Зере.

Шапағатты шақ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 января 2020 в 10:02

Шапағатты шақ Еңбектің қай түрінің де қадірі жоқ емес. Әйтсе де біздің кейіпкеріміз таңдаған мамандықтың жөні бөлек-ау. Фәни мен бақидың арасын ұмытып кете беретін пенде шіркін ірілі-ұсақты дерт меңдегенде ең әуелі шыбын жанына араша болар медеу іздейді, дәрігерге жүгіреді. Дертіне ем тапқан соң әлгі барған ақ халатты адам өзін біржола кетіп бара жатқандай көрінген шамадан қайтіп кері қайтарып алғанын көңілін сұрап келгендерге сан мәрте қайталап айтудан жалықпайды.

«Елордада жол апатын екі есе азайтты». Алматылықтар «Сергек» туралы не білуі керек?

Источник: TengriNews Дата: 15 января 2020 в 12:33

1 қаңтардан бастап «Сергек» алматылықтарға жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл сала бастады. «Сергек» камералары жайлы алғаш рет 2017 жылы елордалық жүргізушілер айта бастаған еді. Ол кезде жоба қалада сынақтан өткізілген болатын. Соның нәтижесінде бір жылдан соң Нұр-Сұлтанда жол апаты екі есеге азайған екен.

Облыстың 848 212  тұрғыны тегін қызмет алады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2020 в 10:52

Облыстың 848 212  тұрғыны тегін қызмет алады Облыстық әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша аймақтық штаб отырысы өтті.Облыс әкімінің орынбасары, өңірлік штаб жетекшісі Марат Тоқжанов төрағалық еткен жиынға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары Манат Ысқақов, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ақпараттық жүйелерді дамыту департаментінің директоры Айдар Айтуев және штаб мүшелері, МӘМС қорының, денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен медициналық мекеме өкілдері қатысты.

Депутаттар геологтармен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2020 в 10:42

Депутаттар геологтармен кездесті Дүйсенбі күні Мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Дания Еспаева «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті жанындағы ғылыми-коллекциялық тас қоры және аймақтық геологиялық көрмесінде болды.1969 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан көрмеде геологиялық құрылымның ерекше белгілерін сипаттайтын 43186 тау-кен жыныстары мен кен, фауна және флора қалдықтарының қазба үлгілері бар 932 топтама, 126 000 шлифті 434 топтама, фототеканың 366 топтамасы сақталуда.«Батысқазжерқойнауы» өңіраралық департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерен Жекеевтің айтуынша, Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылы объектілік жоспарға сәйкес, мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен 16 орында, ал пайдалы қатты қазба бойынша 15 объектіде жұмыстар жүргізілген.

Мүгедектік кәсіпкерлікпен айналысуға кедергі емес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2020 в 10:42

Мүгедектік кәсіпкерлікпен айналысуға кедергі емес «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе филиалының өкілдері «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры мен облыстық кәсіпкерлік басқармасымен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдарға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру семинарын өткізді. Биылғы алғашқы семинар «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне арналды. — Біз оларда пайда болған кез келген мәселені шешуге атсалысып, жобаларын қолдауға дайынбыз.

Өндіріс көлемі өсті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2020 в 10:32

Өндіріс көлемі өсті Жылдағы үрдіс бойынша аудан тұрғындарына Мұғалжардың өткен жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы мен биылғы жылға межеленген міндеттері туралы есеп беру басталды. Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен есептік кездесуі Батпақкөл, Құмжарған ауылдық округтері мен Жем, Ембі қалаларында өтті.

Үздік тергеушілер анықталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2020 в 10:32

Үздік тергеушілер анықталды Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстық полиция департаментінде үздік тергеуші және үздік анықтаушы анықталды. Олар сотқа жолдаған қылмыстық істердің саны және сапасы жағынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Тергеуші мамандығы қашанда сауаттылық пен біліктілікті, төзімділік пен ыждаһаттылықты талап етеді.

Мақсат — 100 жолдама

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2020 в 10:22

Мақсат — 100 жолдама 2020 жылдың 24 шілдесінде Жапония астанасы Токиода ХХХІІ жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді. Жазғы Олимпиада ойындары 24 шілдеден 9 тамызға дейін жалғасады. Мұнда спорттың 33 түрі бойынша 339 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Токио Олимпиадасы бағдарламасына жаңадан бес спорт түрі енгізілді: бейсбол, шыңға өрмелеу, каратэ, скейтбординг және серфинг.

Аша Матай екінші баласын босанды

Источник: TengriNews Дата: 14 января 2020 в 09:13

Аша Матай екінші баласын босанды Әнші әрі актриса Аша Матай босанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде сүйіншіледі.Тележүргізуші қыз босанғанын айтты.«Сүйінші!!! Алланың қалауымен қазақ еліне + қазақ аруы. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн! Арман екеуіміз тағы да ата-ана атандық Құдайға шүкір.

Тәуекел Мүсілім биыл жазда үйленетінін айтты

Источник: TengriNews Дата: 13 января 2020 в 19:03

Тәуекел Мүсілім биыл жазда үйленетінін айтты Актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім биыл жазда үйленетінін жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Алланың алдында, ҚР алдында ерлі-зайыпты болдық. Альхамдулилах! Уайымдамаңыздар, үйлену тойы жазда өтеді», — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.Айта кетейік, актердің сүйіктісіне ұсыныс жасағаны және таңдауы қай қызға түскені туралы өткен жылдың қарашасында белгілі болған.

Танымал қазақстандықтар қандай темір тұлпар тізгіндеп жүр?

Источник: TengriNews Дата: 13 января 2020 в 17:33

Танымал қазақстандықтар қандай темір тұлпар тізгіндеп жүр? Бұрынғының көлігі ат болса, қазіргінің көлігі темір тұлпар. Жігіттің жеті қазынасы деп бұрын қазақтың жүйрік аты аталушы еді, ендігі серілердің тұлпары, анығы автомобилі қандай? Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық танымал тұлғалардың қандай темір тұлпар тізгіндегенін анықтап көрген еді. Әнші Төреғали Төреәлі атқа да, темір тұлпарға да қатты қызығады.

Абхазияда президент сайлауының қорытындысы күшін жойды. Халық неге наразы болды?

Источник: TengriNews Дата: 13 января 2020 в 14:03

Абхазияда президент сайлауының қорытындысы күшін жойды. Халық неге наразы болды? Осыдан бірнеше күн бұрын Абхазияда ереуілдеушілер президент әкімшілігіне шабуыл жасады. Олар президенттің отставкаға кетуін талап еткен. Бастапқыда президент Рауль Хаджимба отставкаға кетпейтінін мәлімдесе, бүгін оның қызметтен кеткені белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі Абхазияда ереуілдеушілердің не себепті отставканы талап еткенін анықтап, елдегі қазіргі жағдайға шолу жасады.«Президенттің отставкаға кетуін талап етеміз«Өткен аптада Абхазияда 800-ден аса адам наразылық акцияларын өткізді.

Ауыл шаруашылығы: өзекті мәселелер қозғалды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2020 в 11:32

Ауыл шаруашылығы: өзекті мәселелер қозғалды Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қазіргі уақытта күн тәртібінде ерекше тұрғандығы көпшілікке мәлім. Бұл тақырыптың Республика Парламенті қабырғасында да, салалық министрліктер тарапынан да кең ауқымда жиі сөз арқауына айналып, бірқатар күрделі проблемаларды шешудің нақты қадамдарын жасауға ұмтылыстар болып жатқаны да белгілі.

Мәжіліс депутаттары қобдалықтармен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2020 в 11:12

Мәжіліс депутаттары қобдалықтармен кездесті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Сергей Симонов, Асылбек Смағұлов бейсенбі күні Қобда ауданына қарасты Талдысай, Әлия ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.Алдымен халық қалаулылары Талдысай ауылынан 15 шақырым жерде жатқан «Бұлақ BEEF» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Садриддин Ахмедов «Канело», елдегі бокс және отбасы туралы. Ләйлә Сұлтанқызымен «The Эфир»

Источник: TengriNews Дата: 10 января 2020 в 22:03

Садриддин Ахмедов WBC Youth World және WBC Asia белбеулерінің иегері Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Сұхбатында қазақстандық боксшы спорттың бұл түріне қалай келгені, отбасы, жекпе-жектегі қорқынышы және ерекше есімінің мағынасы туралы әңгімелейді.

Жаңа технология және мемлекеттік қызмет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 января 2020 в 21:02

Жаңа технология және мемлекеттік қызмет Бүгінде жаңа технологиялар халық өмірінің бір бөлігіне айналып, жыл сайын олардың ұстанымы нығая бастады. Көптеген адамдар үшін жаңа технология өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Оның зияндығынан гөрі тиімді жақтары әлдеқайда көп.Сымсыз желі байланысы, күрделі бағдарламалар, серпін және басқа да адамдарға жат құрылғылар адамдардың өмірін жеңілдетуге, еңбегін азайтуға бағытталып жасалады.Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.Аталған пилотты жүзеге асыру жөніндегі бірлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қол қойды.

Биылдан бастап көлік жүргізушілері не білуі керек?

Источник: TengriNews Дата: 10 января 2020 в 11:23

Биылдан бастап көлік жүргізушілері не білуі керек? 2020 жыл қазақстандық жүргізушілерге айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Мысалы, жаңа жүргізуші куәлігі, айыппұлдар, жол жүру ережесі талаптарының күшейтілуі және тағы басқа. Жаңа жылдан бастап қазақстандық жүргізушілерді қандай өзгерістер күтетінін Tengrinews.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.Мас күйде көлік жүргізгені үшін 10 жылПрокуратура мәліметінше, елімізде жыл сайын 30 мыңнан аса мас күйде көлік жүргізу деректері анықталып жатады екен.

«Халық соғыстан қорықпайды». Ирандағы қазақ елде не болып жатқанын айтты

Источник: TengriNews Дата: 10 января 2020 в 10:53

Иран мен АҚШ арасындағы әскери қақтығыс ирандық халыққа ықпалын тигізбеген. Жұрт әдеттегідей тұрмыс-тіршілігін істеп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Иранда тұратын қазақ Жафар Шадкам баяндап берді. Қазақтар Жапарбай деп атап кеткен Жафар Шадкам Иранда дүниеге келген. 1966 жылы Гүлстан облысының Горган қаласында туған.

«Су бар, температурасы -50 градус». Ғалымдар тіршілік барын жоққа шығармайтын ғаламшарлар

Источник: TengriNews Дата: 09 января 2020 в 16:53

Таяуда NASA көлемі Жермен бірдей және өз жұлдызының орналасу аймағындағы алғашқы экзоғаламшарды ашқан. Бұған дейін де Жерге ұқсас, тіршілік белгісі бар ғаламшардың бірнешеуі анықталған. Tengrinews.kz порталы соңғы жылдары ашылған экзоғаламшарларға шолу жасайды.Биыл 7 қаңтарда NASA сайтында жаңа ғаламшар табылғаны хабарланған.

«Біздегідей қалың мал төленеді» — Африкада тұратын қазақ отбасының өмірі

Источник: TengriNews Дата: 09 января 2020 в 14:43

Гауһар мен Алмат Гана республикасының Аккра қаласында тұрып жатқан қазақ отбасы. Африкаға жарының қызметіне байланысты көшіп барған. Биыл бұл елде тұрып жатқандарына үш жыл болады. Гауһар отбасымен бұған дейін де шет елде тұрған екен. Кейіпкеріміздің айтуынша, африкалықтар мен қазақтардың ұқсастықтары да жоқ емес.
Показано 30 новостей из 4 211