Популярные темы

Абай облысының бірқатар ауылын су басты

Дата: 28 марта 2024 в 13:38


Абай облысының бірқатар ауылын су басты
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының бірқатар ауылын су басты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарма ауданында қардың қарқынды еруі нәтижесінде еріген су даладан келіп Үшбиік ауылындағы екі шеткі көше су астында қалды.

Барлығы 12 аула аумақтары су астында қалды, оның ішінде 9 пәтерге су кірді. Су басқан 9 пәтердің 4-і тұрғын жайлар емес.

Су басқан үйлердің тұрғындары өздіктерінен эвакуацияланып, туыстарының үйлеріне орналасқан

ЖАО күшімен 15 адам және 5 бірлік техника еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта су деңгейінің 40 см-ге төмендеуі байқалады, сондай-ақ 4 пәтерден еріген су шығарылды.

Оқиға орнында Абай облысының ТЖД күштері мен құралдарынан

54 адам, 9 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 4 мотопомпасы, Полиция департаментінің жеке құрамнан 10 адам және 4 бірлік техника жұмыс атқаруда.

Айта кетейік, қызыл су Аягөз, Ақсуат, Жарма аудандарына келді.  Аягөз ауданында жоғалған үш азаматты іздестіру жұмыстары жүргізулуде. 

Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями