Популярные темы

Абай облысында 100-ден аса оқушы «Құстарға үй сыйлады»

Дата: 13 апреля 2024 в 22:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында 100-ден аса оқушы “Құстарға үй сыйлады”
Стоковые изображения от Depositphotos

13 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясына Абай облысының білім беру ұйымдары да атсалысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Білім басқармасына сілтеме жасап.

Бейбітшілік аралында «Құстарға үй сыйла» экологиялық акциясы өткізілді.

Акция мақсаты — Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде оқушыларды құстарға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялауға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу. Акцияға Семей қаласының жүзден астам мектеп оқушысы мен интернат тәрбиеленушілері қатысты. 

Олар құстарға арналған 130-ға жуық ұя дайындады. 

Айта кетейік, акцияға қаланың жеті мектеп оқушылары жұмылдырылды.

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями