Популярные темы

Нөмірсіз әрі мас күйде: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Дата: 07 сентября 2026 в 14:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Нөмірсіз әрі мас күйде: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Абай облысының полицейлері жол қозғалысына қауіп төндірген жүргізушінің жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Оқиға сағат 21:30 шамасында болған. Құқық қорғау қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалып келе жатқан RECER маркалы мотоциклді тоқтатқан.

Тексеру барысында 40 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Осылайша, азамат бірден бірнеше талапты бұзған.  Мотоцикл мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалған және көлік масаң күйде басқарылған.

Мас күйінде рөлге отыру — жай ғана жол ережесін бұзу емес. Бұл жүргізушінің ғана емес, жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және жолдағы басқа да азаматтардың өміріне нақты қауіп төндіреді.

Полицейлер жүргізушіні жол қозғалысынан шеттетіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті процессуалдық шараларды қабылдады.

Фото: ПД

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями