19 қыркүйек – 4 қазан аралығында Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында XX Жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Спорт басқармасына сілтеме жасап.
Азияның ең ірі спорт додасында Абай облысының спортшылары Қазақстан Республикасының көк байрағын биік ұстап, ел намысын қорғайды. Дзюдодан Асхат Ажар – 70 кг және Қажыбаев Ерасыл – 100+ кг. Кураштан Сарипова Зарина – 57 кг, Семсерлесуден Калиев Тамирлан бақ сынайды.
Жерлестерімізге мықты дайындық, сәтті белдесулер, сенімді қадам және жарқын жеңістер тілейміз!
Фото: Спорт басқармасынан
По сообщению сайта Arna Press