Популярные темы

Абай облысында пәтер жалдау сылтауымен адамдарды алдаған адамдар ұсталды

Дата: сегодня в 17:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында пәтер жалдау сылтауымен адамдарды алдаған адамдар ұсталды

Абай облысының полицейлері пәтер жалдау сылтауымен жасалған интернет-алаяқтықтың бірқатарын ашты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Қаскөй танымал интернет-платформаларға тәуліктік жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Қызығушылық танытқан азаматтардан алдын ала төлем мен кепілақы алған соң, байланысын үзген.

Алайда көрсетілген мекенжайға барған жәбірленушілер пәтерлердің шын мәнінде жалға берілмейтінін анықтаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 22 жастағы Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында оның осыған ұқсас 40-тан астам қылмыс эпизодына қатысы бар екені анықталған. Жәбірленушілерге келтірілген алдын ала шығын көлемі 750 мың теңгеден асады.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстан зардап шеккен басқа да азаматтар анықталуда.

Фото: ПД

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями