SportInfo,
21 августа 2026
в 15:07
Алматыдағы «Gorky Tennis Park» кешенінің топырақ корттарында 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында «Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» халықаралық іріктеу турнирі жалғасуда. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
20 августа 2026
в 11:47
Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы командалық Қазақстан Кубогы жалғасуда. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған мерейтойлық жарыс Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында өтіп жатыр және 22 тамызда аяқталады. Турнирге еліміздің 16 өңірінің құрамалары қатысуда. Әр команданың құрамында үш ұл, үш қыз және екі капитан бар.
Arna Press,
18 августа 2026
в 13:18
13–16 маусым аралығында Қытайдың Бейжің қаласында өткен 2026 FIRST® LEGO® League Asia Open Championship халықаралық робототехника чемпионатында Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің SBIL•LION•AIRES командасы жүлделі II орынға ие болды.Ауқымды додаға әлемнің 25 елінен 375 команда қатысып, 3500-ге жуық оқушы өзара бақ сынады. Қазақстан атынан Астана мен Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Абай облыстарынан 20-ға жуық команда қатысты.Жарыс қорытындысында Семейлік оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионаттың күміс жүлдесін иеленді.
SportInfo,
22 июля 2026
в 10:56
29 шілдеден бастап Астана бірнеше күнге әлемдік киберспорттың басты орталықтарының біріне айналады. Елордаға өнерін миллиондаған жанкүйерлер осы уақытқа дейін тек ірі халықаралық турнирлердің тікелей эфирлері арқылы ғана тамашалап келген әлемнің үздік командалары келеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Қазспортинвест» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
21 июля 2026
в 11:28
27–30 шілде аралығында Абай облысы, Мақаншы ауданының Қабанбай ауылындағы Алакөл жағалауында алғаш рет «Абай Барысы — 2026» облыстық іріктеу турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының ұлттық ат спорты түрлері бойынша спорт клубына сілтеме жасап. Додаға облыстың барлық қала-аудандарынан келген балуандар қатысып, «Абай Барысы» атағы үшін бақ сынайды.
SportInfo,
14 июля 2026
в 08:36
Астанада Ұлттық теннис орталығының Beeline Arena ашық хард корттарында өткен World Tennis W15 санатындағы халықаралық турнирдің алғашқы жарыс аптасы өз мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыстар 6–12 шілде аралығында өтті. Жекелей сында 64 теннисші (32-сі негізгі кезеңде, 32-сі іріктеу кезеңінде) бақ сынаса, жұптық сында 16 жұп чемпиондық атақ үшін таласты. Қазақстандық теннисшілер арасындағы ең үздік нәтиже Аружан Сағандықованың финалға дейін жетуі болды.
SportInfo,
09 июля 2026
в 06:46
Кеше Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 8 шілдеде U23 жас санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде төрт бұрымды боксшымыз жартылай финалға шықты.
SportInfo,
07 июля 2026
в 07:36
Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 2026 жылғы Уимблдон турнирінің үшінші айналымында жеңіліс тапты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әлемдік жұптық рейтингте алтыншы орында тұрған қазақстандық теннисші шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінде сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде.
SportInfo,
27 июня 2026
в 09:36
Астанада таеквондодан Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирінің екінші жарыс күні өтті. Бұл жолы бәсеке жастар арасында жалғасты. Қазақстан құрамасы 27 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
26 июня 2026
в 09:56
Астанада таеквондодан Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирінің алғашқы жарыс күні өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды: 3 алтын, 3 күміс және 7 қола. Сондай-ақ ұлттық құрама ересектер арасындағы жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
18 июня 2026
в 11:56
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні басталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
17 июня 2026
в 11:36
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының үшінші күні басталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 60 келіде ел чемпионы саналатын Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ-тың жас боксшысы Салим Еллис Беймен жолы түйісті.
SportInfo,
16 июня 2026
в 12:56
Бүгін елордалық «Дәулет» теннис орталығында арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шараға Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев және Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қатысып, жарысқа келген спортшыларға сәттілік тіледі.
SportInfo,
05 июня 2026
в 10:46
Отандасымыз Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті.
SportInfo,
04 июня 2026
в 11:06
2026 жылдың 3-11 маусым аралығында Ақтөбеде «Владимир Дворковичті еске алу – Aktobe Open 2026» халықаралық шахмат турнирі өтуде. Жарысқа әлемнің 21 елінен – Армения, Әзербайжан, Болгария, Қытай, Хорватия, Англия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Румыния, Ресей, Словения, Сербия, Швеция, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина және АҚШ-тан 210 қатысушы жиналды.
SportInfo,
25 мая 2026
в 12:26
Қазақстандық теннисші Айым Қанағатова Албания астанасы Тиранада өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30 Tirana) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Айта кетейік, бұл бәсекеде 18 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынаған болатын. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Жетісу» теннис орталығының 14 жасар тәрбиеленушісі жекелей сында бас жүлдені еншіледі.
Arna Press,
22 мая 2026
в 12:48
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Ұштаған ауылында дүниеге келген садақшы Рима Қайырғалиқызымен Arnapress.kz тілшісі сұхбаттасып, бұл спортқа қалай келгенін, өмір жолымен танысты.Ол бүгінде қазақ қыздарының қайсарлығы мен табандылығын дәлелдеп жүрген жас спортшылардың бірі. Табиғатпен біте қайнасқан ауыл өмірі, ұлттық рух пен қарапайым тәрбие оның мінезін ерте қалыптастырды. Әбіш Кекілбайұлы білім алған мектептен түлеп ұшқан Рима кейін Ш.Есенов атындағы университетте білім алып, өз жолын спортпен байланыстырған.
SportInfo,
22 мая 2026
в 10:56
Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы республикалық кезеңінің матчтары мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс 16-21 мамыр аралығында Футбол үйінде өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистеріндегі өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 17 үздік мектеп командасы қатысты.
Arna Press,
05 мая 2026
в 10:18
Семей қаласындағы «Арена» стадионында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарыс қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне ұйымдастырылған.«Турнирге 15 жасқа дейінгі (U15) жас балуандар қатысуда.
SportInfo,
29 апреля 2026
в 09:56
Спорттық құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин Қазақстан қоржынына 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының алтыншы медалін салды. Қытайдың Санья қаласында өткен жарыста спортшы үшінші орынға ие болыр, Қазақстан рекордын жаңартты. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында өз өнеріне баға беріп, жекелей сынды қорытындылады.
SportInfo,
27 апреля 2026
в 17:36
Марокконың Рабат қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-приде қазақстандық пара спортшылар 1 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, диск лақтырудан F-53 класында өнер көрсеткен Махамбет Серикалиев жеңімпаз, ал Санат Есмахамбет қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
21 апреля 2026
в 12:26
Әр алтын медаль — бөлек спортшыға тиесілі. Бірде-бір қайталау, тоғыз түрлі есім, бір құрамада тоғыз әлем чемпионы. Міне, сербиялық Врнячка-Баня қаласында өткен рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдердің көрсеткен нәтижесі осындай. Бұл — осындай турнирлер тарихындағы еліміздің ең үздік медальдық көрсеткіші.
SportInfo,
01 апреля 2026
в 11:06
Кеше Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
31 марта 2026
в 19:06
Бүгін Филиппин мемлекетінің Тагайтай қаласында велотректен Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыс қорытындысы бойынша ересектер санатында Қазақстан Ұлттық құрамасы 5 медаль иеленді:
SportInfo,
28 марта 2026
в 11:26
Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында жарыс аяқталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламадағы өнері үшін мәнерлеп сырғанаушы төрешілерден 120.58 ұпай алды.
SportInfo,
26 марта 2026
в 15:36
Филиппинде пара велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық пара велошабандоздар Кенжеғұл Сейтжан (стокер), Сұлтанмұрат Миралиев (пилот), Анастасия Калаус (стокер), Полина Братчикова (пилот) командалық микс дисциплинасында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап хабарлайды. «Азия біріншілігі рейтингтік жарыс болып табылады.
SportInfo,
13 марта 2026
в 22:56
Қазақстандық Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды.
Arna Press,
09 марта 2026
в 17:58
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында дзюдодан Ұлыбритания университеттері арасындағы ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жарысқа «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жүрген Еркебұлан Мәдениетұлы да қатысып, Лидс университетінің атынан өнер көрсетті.
SportInfo,
07 марта 2026
в 11:16
XIV қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Италияның Верона қаласында өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Туризм жəне спорт министрлігінің ресми сілтеме жасап хабарлайды. Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысады. Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды.
Arna Press,
04 марта 2026
в 16:18
Семей қаласында Senat Open турнирінің 1/8 финалы аясында атқарушы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шахматтан тартысты сайыс өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жоба 2026 жылдың 7 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында ҚР Парламенті санатының бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясы қолдауымен ұйымдастырылып жатқан республикалық турнир.