Қазақстандық теннисші Айым Қанағатова Албания астанасы Тиранада өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30 Tirana) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Айта кетейік, бұл бәсекеде 18 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынаған болатын. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Жетісу» теннис орталығының 14 жасар тәрбиеленушісі жекелей сында бас жүлдені еншіледі. Шешуші матчта отандасымыз австриялық Юлия Эренбергермен шеберлік байқасты. Үш сетке созылған тартысты финал 6:4, 3:6, 6:1 есебімен Айымның пайдасына аяқталды.
Бұл трофей Айым Қанағатованың кәсіби карьерасындағы ITF Juniors сериясы бойынша алғашқы жүлдесі. Жарыс барысында жас отандасымыздың тек өзінен жасы үлкен әрі тәжірибелі қарсыластарды қапы қалдырып, жеңіске жетуі маңызды жетістік болды.
TELEGRAM
По сообщению сайта SportInfo