Arna Press,
30 мая 2023
в 19:29
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуы жақсылыққа апармағанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Салдарынан біз үлкен сұранысты жасап жібердік. Тұрғын үй бағасы көтерілді. Тек баспанаға ғана емес. Жалпы инфляция өсті.
Arna Press,
30 мая 2023
в 19:28
Семейлік полицей өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.15 мамыр күні сағат 18:53-те «101» пультіне Докучаев көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Сол уақытта жеке автокөлікпен жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан Абай облысы ПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы Ернұр Кұтамбаев көпқабатты үйде қатты түтін шығып жатқанын байқаған.Полиция қызметкері өрт сөндіру бөлімшелері әлі келмегенін түсініп, азаматтарға өз бетінше көмек көрсетуді шешкен.
Arna Press,
29 мая 2023
в 17:08
Ағымдағы жылғы 29 мамырда Астанада жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар, сот сарапшылары мен патенттік сенім білдірілген өкілдерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу бойынша пилоттық жобаның тұсаукесері өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының реинжиниринг және Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Әділет министрлігі МҚІА, ЦДИАӨМ және «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ — мен бірлесіп аттестаттау үдерістерін реинжиниринг және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді.
Arna Press,
29 мая 2023
в 16:18
27 мамырда оңтүстіккореялық Инчхон қаласында полиция Қазақстанның 39 жастағы азаматын бөлімшеге шақырды. Ол жергілікті жол жүру ережесін өрескел бұзған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сілтеме жасап.Herald басылымының ақпараты бойынша «А» есімді азамат 24 мамырда 18:15-те Инчхон қаласының жолдарының бірінде K5 автокөлігін өте қауіпті деңгейде жүргізген.Желіде жарияланған видеода қазақстандық қыздар 27 жастағы «Б» және 22 жастағы «С» есімді қыздар көліктің артқы бөлігіндегі терезелерден шығып, қолын көтерген», — дейді оңтүстіккореялық полицейлер.Қазақстандық жігітке қатысты тергеу шаралары басталған.«Полиция тергеуі нәтижесінде жүргізуші қыздардан олай істемеуін өтінгенгенін және бұл қауіпті екенін айтқан».
Arna Press,
29 мая 2023
в 16:18
Шымкентте сот нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнография таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушыны 12 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Еске салайық, 2021 жылдың шілдесінде криминалдық полицияның жедел уәкілдері әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында онлайн трансляция жасайтын порностудияны анықтаған болатын.
Arna Press,
29 мая 2023
в 16:18
Правительство включило новые проекты в план развития Мангистауской области на 2021-2025 годы, передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу премьер-министра РК.Меры по реализации ряда новых проектов внесены в Комплексный план социально-экономического развития Мангистауской области на 2021-2025 годы.
Arna Press,
29 мая 2023
в 15:08
Биыл Құрбан айт мейрамы сәрсенбіге, 28 маусымға түсіп тұр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.5 күн жұмыс істейтінтер 26, 27 маусымда жұмыс істеп, 28 маусымда демалады, 29-30 маусымда қайта жұмыс істейді.Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 26-27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусымда демалып, 29-30 маусымда және 1 шілдеде қайта жұмыс істейді.Сурет: pixabay
Arna Press,
29 мая 2023
в 14:18
Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу мен тұрғын үй сатып алу үшін ала алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында еңбек өтілі бар зейнеткерлерге жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсау құқығы берілгені хабарланды.«Былтырғы 1 шілдеден бастап еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған қаражатқа жүгіне алады.Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану үшін жоғарыда аталған интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ғана жүгіну қажет», — делінген хабарламада.Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделіп, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығын берді.Бұл құқықты келесі санаттағылар пайдалана алады:Бұл ереже жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
29 мая 2023
в 13:38
Сенбі, 27 мамырда, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дың жалпы көлемі 3,8 трлн теңге болды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.
Arna Press,
29 мая 2023
в 13:38
Тараған ақпаратта Қазақстанда 1 маусымнан бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы айтылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.БЖЗҚ мәліметінше, зейнет жасына толған адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.
Arna Press,
29 мая 2023
в 12:18
Өскеменде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы елорда тұрғыны ұсталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Норкокурьерді ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері облыс прокуратурасымен бірлесіп қолға түсірді.
Tengrinews,
28 мая 2023
в 12:33
Түркістан облысында егістік қурап барады. Басқа жағын айтпай-ақ, бір ғана Жетісай ауданында алты бірдей ауылдық округке су жетпей, диқандар тарығып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған себеп — Шардара өзенінен су жіберетін каналдың насосостары істен шығуы.
Arna Press,
26 мая 2023
в 14:38
Биыл, 1 маусым күні, қаламыздағы барлық мектептерде 9:00-12:00 аралығында соңғы қоңырау өтеді. Сондай-ақ, Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 маусым күні түрлі мерекелік бағдарламалар өткізу жоспарлануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Атап айтқанда, музейлерге экскурсия жасау, Ертістің оң жағалауында флешмоб, спорттық ойындар, балаларға арналған викториналық конкурстар, пікірсайыс турнирі ұйымдастырылады, делінген хабарламда.
Arna Press,
26 мая 2023
в 13:58
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Абай облысына сапары аясында өңірдің елді мекендерінің интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына қол қойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы Жол картасын іске асыру аясында 2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын интернетке сапалы кең көлемді қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарлануда.Интернетпен қамтамасыз ету, әсіресе шалғай ауылдардың тұрғындары үшін маңызды мәселе.
Arna Press,
26 мая 2023
в 12:48
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған.Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, делінген ресми хабарламада.Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Айта кету керек, кезекті Германияның күдікті адамды Қазақстанға бергені елдеріміз арасындағы сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Arna Press,
26 мая 2023
в 11:48
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астананың білім басқармасымен бірлесіп, қаладағы мектептердің бірінде тексеруді бастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Мектеп оқушыларының айтуынша, 2022-2023 оқу жылында олар «Абайтану», «Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы», «Жаһандық құзыреттілік» факультативтік пәндерін оқуға тиіс болған.
Arna Press,
26 мая 2023
в 10:58
Ұлттық ғарыш орталығы Қазақстан мен Ресей шекарасындағы орман өртінің суреттерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің жалпы аумағы 3500 гектарға жуық екенін хабарлаған болатын.Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда кешке Абай облысы аумағындағы орман өрті ауыздықталды.25 мамырда премьер-министр Әлихан Смайылов Абай ауданындағы орман өртінің қаупі туралы айтты.«Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары.
Arna Press,
25 мая 2023
в 21:08
Абай облысының аумағында орман өрті 18:32-де оқшауланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алайда қауіп әлі де бар. Өрт оқшауланғанымен, сөндірілген жоқ. «Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында секундына 15-20 метрге дейін екпіні бар солтүстік-шығыс жел күтіледі.Өрттің таралуын тежеу жұмыстары жалғасуда.
Arna Press,
25 мая 2023
в 19:38
Үш күн ішінде ШҚО ПД процессингтік орталығына 226 автокөлік иесі конструктор — автокөліктерді заңдастыруға өтінімдермен жүгінген, оның ішінде 29 көлік иесі өз көлік құралдарын сәтті заңдастырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осындай үлгідегі автокөлікті алғашқылардың бірі болып заңдастырған Самар ауданың тұрғыны Хайруллин Рафхат Рашатұлы.«Мен барлық қажетті құжаттарды жинап, заңдастыруға өтініш бердім, өтінішім мақұлданды.
Arna Press,
25 мая 2023
в 19:38
Абай облысындағы орман өртіне 10 тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен-5, Қорғаныс министрлігінен-3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен-2, яғни барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды.
Arna Press,
25 мая 2023
в 18:28
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің астанасы Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-ари кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.Отандық спортшы 8-турда Грузия өкілі Белла Хотенашвилимен ойнады. Тартысты ойында Бибісара Асаубаева қарсыласынан басым түсті.
Arna Press,
25 мая 2023
в 17:18
2023 жылғы 1 шілдеден бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс минимумы 40 567 теңгені құрайды.
Arna Press,
25 мая 2023
в 16:28
Алматыда такси жүргізушісі 21 мамырда үндістандық туристерді 355 мың теңгеге әуежайдан қонақүйге жеткізген. Осындай алаяқтық жолмен ол мамырдың басында Германиядан келген туристен 200 мың теңге иемденген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.«21 мамырда жеке тасымалдау ісімен айналысатын ер адам Алматы халықаралық әуежайында Үндістаннан келген туристерді көлігіне отырғызып, қонақүйге мың теңгеге жеткізетінін айтқан.
Arna Press,
25 мая 2023
в 14:48
Үкімет отырысында министр оқу жылын ұзарту және соңғы қоңырауды 25 мамырдан 1 маусымға ауыстыру туралы шешімнің қаншалықты орынды екеніне жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазір біз стандарттар мен бағдарламаларды сәйкестендіру, оқытудың сапасы мен әдістерін жақсарту шараларын қолға алып жатырмыз.
Arna Press,
25 мая 2023
в 14:48
Биыл 1 маусым күні Семей қаласы бойынша 11 сыныпты 1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны — 60, үздік аттестатқа — 155, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы «Алтын белгі» белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1417 (73,1%) оқушы қатысты.Орташа балл — 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады», − деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.
Arna Press,
25 мая 2023
в 13:58
24 мамыр күні Семейде көпқабатты үйдің 4-ші қабатының терезесінен ер адам секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға орнына Әуезов полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Мырзаханов Медет, полиция лейтенанты Рамазан Темірлан және полиция капитаны Сәрсебаев Ержан келіп, дереу құтқару операциясына кірісті, делінген ресми хабарламада.ТЖ қызметкерлерінің қолдауымен дереу қажетті шаралар қабылданып, суицид әрекетінің алды алынды.Белгілі болғандай, облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны масаң күйде өз-өзіне қол жұмсамақ болған.Сурет: видеодан скриншот
Arna Press,
25 мая 2023
в 12:58
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысының Бородулиха ауданындағы ірі табиғи өртті жою мәселесі қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі таңда жағдай ерекше бақылауға алынып, өртті сөндіру үшін жедел штаб жұмылдырылғанын хабарлады.
Arna Press,
24 мая 2023
в 11:48
Қазақстандық және шетелдік жүргізушілердің ұзын-сонар кезекте тәуліктеп тұрғанына бірнеше ай болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Аlmaty.tv ақпараты бойынша Түркістан облысы «Қазығұрт» кеден бекетінде шақырымдап созылған кезекте Өзбекстанға бет алған жүк көлігінің жүргізушілері тұр.
Arna Press,
24 мая 2023
в 11:48
Талдықорған соты пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы облысы білім басқармасының бір топ қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, төрт айыпталушыға сот үкімі шығарылған, олардың арасында облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова да бар.
Arna Press,
24 мая 2023
в 11:48
Кеше кешкісін ашынған Астана тұрғындары көлік көп жүретін тас жолдардың бірінде көлік қозғалысын тоқтатып тастады. Халықтың айтуынша, бірнеше күн бойы судың жоқтығы оларды осындай қадамға баруға мәжбүр еткен, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.КТК телеарнасының эфирінде өткен бейнесюжетте, оқиға орнына келген су арнасының мамандары тұрғын үй кешеніне құбыр тарту технологиясын бұзылған оған құрылыс мамандарын кінәлады, деп хабарланған.