Популярные темы

Абай облысында сотталған ұлымен алғаш рет кездесті

Дата: 07 ноября 2023 в 13:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында сотталған ұлымен алғаш рет кездесті
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының коллониясында драммаға әрі бақытқа толы кездесу болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Семей қаласында 2020 жылдан бастап жазасын Қылмыстық-атқару жүйесінің №19 мекемесінде өтеп жатқан 48 жастағы Тараз қаласының тумасы үш жасар ұлын алғаш рет көрді.

Сотталған азамат есірткі таратқаны үшін, сот үкімімен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Аталған азамат қамауға алынғанда, оның әйелі бес баласымен жалғыз қалған, олардың ең кішісі бүгінде үш жаста.

Сотталған М. колонияда жұмысқа орналасқан. Сол кезден бастап мекеменің бухгалтериясы арқылы жалақысын әйеліне жүйелі түрде аударып отырған. Бұл қаражатқа зайыбы Семейге келіп, ұлын көрсетуге мүмкіндік берген.

 «Біз әрқашан сотталғандардың әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдаймыз. Олардың, өздерінің жақындарымен, туыстарымен байланыста болғандары жақсы. Бұл сотталған М-нің  әйелінің колонияға алғаш рет келуі. Сотталушы М.-ның мінез-құлқы оң, қазіргі уақытта жазасы жоқ», — деді мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Бес баланы жалғыз бағып отырған келіншекке жиі кездесуге келу оңай емес. Көп балалы ана, мекеме басшылығына күйеуінің колония қабырғасында жұмысқа орналасуға, сол арқылы олардың отбасыларына көмек көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Бүгінгі таңда елімізде сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалар бар. Сондай-ақ, жаңа мамандықтарды қайта оқыту және игеру үшін жағдайлар жасалуда.

Бақытгүл ҚАЗЕЗ

Сурет: Абай облысы ҚАЖД баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями