Популярные темы

Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына екі айдан аз уақыт қалды

Дата: 08 ноября 2023 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына екі айдан аз уақыт қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына екі айдан аз уақыт қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады.

Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды. Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.

– Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз, – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

 

Сурет: Tengrinews.kz 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями