Популярные темы

Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды

Дата: 13 ноября 2023 в 19:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің ғимараты салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік паркін жаңарту қосымша өрт сөндіру бекеттерін құру және шалғай елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл өрт сөндіру бекеті жалпы саны 2400 адам тұратын үш елді мекенге қызмет көрсетеді.

«Осылайша қолданыстағы өрт сөндіру бекеттерінің техникасын жаңарту және жаңадан бекет құру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға Департамент тарапынан биыл 13 өрт сөндіру техникасы берілді», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні  облыста 70 бірлік техникамен жабдықталған 61 өрт сөндіру бекеті бар. Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына және 2023 жылға арналған кезеңдік жоспарға сәйкес екі жаңа өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями