Популярные темы

Абай облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған

Дата: 10 ноября 2023 в 16:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесқарағай ауданының криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп, Жыланды кентінің 32 жастағы тұрғынын ұстады. Тұрғын үй тінту барысында ерекше иісі бар қара-жасыл түсті өсімдік тектес заттары бар бес полиэтилен пакет, көміртегі бар 2 пластикалық бөтелке табылды.

Сараптама нәтижелері көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы -78,18 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Абай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Тілек Қамза.


ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады. 

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями