Популярные темы

Абай облысында интернет-дүкенде діни атрибутика сатқан тұрғындар жауапкершілікке тартылған

Дата: 11 ноября 2023 в 18:38 Категория: Новости интернета


Абай облысында интернет-дүкенде діни атрибутика сатқан тұрғындар жауапкершілікке тартылған
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында ОЛХ.kz интернет-дүкенінде діни заттарды сатқан азаматтар жауапкершілікке тартылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Облыстық Қоғамдық даму басқармасы Дін істері бөлімі мамандарының айтуы бойынша «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы осы бағыттағы әдебиет пен атрибутиканы сатуға қатысты бірқатар нормаларды көздейді. Бірақ, белгілі болғандай, көптеген адамдар ол туралы әлі білмейді.

Мысалы, жыл басынан бері облыс аумағында үш азаматқа қатысты сот шешімі шықан. Оның екеуі ОЛХ.kz интернет-дүкенінде діни заттарды сатқаны үшін 30 және 35 АЕК мөлшерінде айппұл төледі.

Көктемде облыс тұрғынына қатысты сот отырысы өткен. Ол заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК 490-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен азаматқа 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Біз әлеуметтік желілерге, интернет-дүкендерге жүйелі түрде мониторинг жүргіземіз. Сондай-ақ, құқық қорғау саласының қызметкерлерімен сауда үйлерінде рейдтік шаралар өткіземіз. Бүгінде діни әдебиет пен атрибутканы сататын кәсіпкерлер толыққанды қажетті ақпараттан хабардар, сондықтан олардың тарапынан соңғы жылдары заң бұзушылық анықталған жоқ»  — дейді бөлім басшысы Айбек Ғапуов.

Діни маңызы бар заттарды, әдебиеттер мен атрибутиканы заңсыз сатқаны  үшін жеке тұлғалар үшін 50 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі 3 айға тоқтатылады.  Мамандардың айтуы бойынша діни маңызы бар заттарды тек ғибадат ғимаратының аумағында сатуға рұқсат етілеген. Нақты айтсақ, бұл мешіттер, шіркеулер, арнайы рухани оқу орындары, сондай-ақ құзыретті органдардың рұқсаты бойынша жеке бөлінген орындар.

Бақытгүл ҚАЗЕЗ

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости интернета
Поделитесь новостью с друзьями