Популярные темы

депо: новости — страница 56

Қазақстан 9 миллион долларға жуық ақшаға қарбыз мен қауын сатып алды

Arna Press, 08 сентября 2023 в 18:48

Қазақстан 9 миллион долларға жуық ақшаға қарбыз мен қауын сатып алды
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың жеті айындағы қауын-қарбыз импорты мен экспорты туралы қызық деректерді айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Комитеттің мәліметінше, осы кезеңде Қазақстанға 8 911,1 мың доллар болатын 43,5 мың тонна қарбыз мен қауын импортталған:Сарапшылардың айтуынша, жеті айда Қазақстаннан 959,6 мың доллар болатын 2,9 мың тонна асқабақ мына елдерге экспортталды:Бір қызығы, экспорттың негізгі бөлігі қауын-қарбыз болды.2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл экспорт 1,8 мың тоннаға өскені айтылады.Сурет: unsplash

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі террористік актінің алдын алды

Arna Press, 08 сентября 2023 в 17:58

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі террористік актінің алдын алды
Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі шабуылдың алдын алды. Олар Астанада және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі шабуылдың алдын алынатынын айтты.«Биылдың өзінде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде дайындықтың бастапқы кезеңінде болған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жасалатын жарылыстың, сондай-ақ, Астанадағы жұрт жиналатын орындарындағы қарулы шабуыл тоқтатылды», — деді ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында.Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстанда күзде 19 мың адам әскери қызметке шақырылады

Arna Press, 08 сентября 2023 в 17:08

Қазақстанда күзде 19 мың адам әскери қызметке шақырылады
Күзгі шақыру кезінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 19 мыңнан астам қазақстандық толықтырады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Департамент басшысы облыстарда жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарлары басқаратын қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысына тоқталды.«Биыл 1 қыркүйек пен 28 желтоқсан аралығында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы он тоғыз мыңнан астам мерзімді әскери міндеттілер толықтырады».

ШҚО темір жол қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты

Arna Press, 08 сентября 2023 в 13:08

ШҚО темір жол қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты
Шығыс Қазақстан облысындағы темір жол қызметкерлері жаппай жұмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап. Шар бекеті мен Өскемен бағыты бойынша жүретін пойыздардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін теміржолшылар бірнеше күннен бері жұмысқа шықпаған.

Абай облысында жаңа сот ғимараты салынуда

Arna Press, 08 сентября 2023 в 12:28

Абай облысында жаңа сот ғимараты салынуда
Абай облысында жаңа сот ғимаратының құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сот ғимараттарын жаңарту аясында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Еліміздің бірқатар өңірлерінде заманауи стандарттарға сай облыстық және аудандық соттардың жаңа ғимараттары салынды.

Электрсамокат мен мопедтерге талапты күшейту: Қазақстанда жол қозғалысы ережесі жаңарды

Arna Press, 08 сентября 2023 в 11:38

Электрсамокат мен мопедтерге талапты күшейту: Қазақстанда жол қозғалысы ережесі жаңарды
Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен Жол қозғалысы ережелеріне электрсамокаттар мен мопедтерді басқаруға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, электрсамокат — бұл екі немесе үш дөңгелегі бар, бір адамды электр қозғалтқышы (электр қозғалтқыштары) арқылы жылжытуға арналған, отырғышсыз, максималды жобалық жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын жеке қозғалмалы көлік құралы.Өз кезегінде шағын электрлі көлік – электр қозғалтқышымен жабдықталған, электр қозғалтқышы бар мотороллер мен мопедтерді қоспағанда, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар, жеке қозғалысқа арналған көлік құралы.Сонымен қатар шағылыстыратын объект тұжырымдамасы енгізілді.

«Мерейлі отбасы»: семья Амриных победила за звание самой образцовой в Карагандинской области

EKaraganda.kz, 08 сентября 2023 в 10:35

«Мерейлі отбасы»: семья Амриных победила за звание самой образцовой в Карагандинской области
Елубай Амрин – труженик тыла и ветеран труда. 89-летний глава семьи работает с детства. Праздность в этой семье не приветствуют. Его жена Шакитай Жумабек – обладательница знака «Алтын алка». Супруги воспитали 9 детей.Елубай Амрин, ветеран труда: — Ответственность – главное качество в нашей семье. Мы с младшим братом всегда помогали своим родителям.

Қазақстанда асырап алынған баланы қайта балалар үйіне қайтару жиілеген

Arna Press, 07 сентября 2023 в 16:18

Қазақстанда асырап алынған баланы қайта балалар үйіне қайтару жиілеген
Сенат депутаты Амангелді Толамісов 7 қыркүйекте палатаның жалпы отырысында Қазақстанда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті болып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Елімізде бала асырап алғысы келетіндер санының азаймай отырғанына қарамастан, асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті күйінде қалып отыр: кейінгі бес жылда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару жағдайы көбейген.

Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарысы өтеді

Arna Press, 07 сентября 2023 в 15:28

Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарысы өтеді
Қала күніне орай Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарыс өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы уақытқа дейін мұндай жарыстардың мәртебесі қалада заңды түрде қабылданбаған. Сондықтан, Семей қаласының автокөлік жүргізушілері, ҚР автомотоспорт федерациясымен бірлесіп, аталған іс-шараның өткізуге келісім алды.Автожарыс Қарағайлы ауданында өтеді деп жоспарланған.«Семейліктер мен өзге аймақтардан келген қатысушылардың ең қуатты көліктері сынға түсетін алғашқы жарыс 9 қыркүйекте өтеді.

Академик РАН Сергей Нетесов — о самых смертоносных, «хитрых» и быстро мутирующих вирусах

Газета.ru, 07 сентября 2023 в 11:26

Академик РАН Сергей Нетесов - о самых смертоносных,
— Давайте начнем с самых смертоносных вирусов. Можете назвать три рекордсмена в этой «весовой категории»?— На первое место я, наверное, поставил бы ВИЧ. Но сразу оговорюсь, что это не самый страшный патоген в мире, так как его опережают в качестве причин смертности бактерии и паразиты, в том числе микобактерии — возбудители туберкулеза, паразиты – возбудители малярии, ну и, конечно, пневмококки.

В Темиртау работникам трамвайного парка, судьба которого повисла в воздухе, предлагают устроиться на металлургический комбинат

Радио "Азаттык", 06 сентября 2023 в 23:23

В Темиртау работникам трамвайного парка, судьба которого повисла в воздухе, предлагают устроиться на металлургический комбинат
В Темиртау работникам трамвайного парка, который уже более полугода не функционирует в городе как вид общественного пассажирского транспорта, предлагают трудоустроиться на металлургический комбинат. При этом конкретики о судьбе трамваев, которые находятся в собственности компании «АрселорМиттал Темиртау», ничего не сообщается, в связи с чем работники трамвайного парка и жители выражают обеспокоенность.

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді

Arna Press, 06 сентября 2023 в 18:48

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді
Тергеушілер Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев пен кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ісін сотқа жіберді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қалалық соттың мәліметінше, айыпталушылар 2022 жылдың басында Алматыда болған қаңтар оқиғалары кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілінді.

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді

Arna Press, 06 сентября 2023 в 17:48

Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі 1,8 миллионға жуық азаматқа әсер етеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, барлық түрлі саладағы меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаймақ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты.

Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылды

Arna Press, 06 сентября 2023 в 16:38

Абай облысында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігі ашылды
Кез-келген салада өз құқықтарының бұзылуына тап болған қала тұрғындары енді көмекті Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдігінен сұрай алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Азаматтар олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеліп соқтырған лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне немесе шешімдеріне шағымдана алады.Сондай-ақ, өкілдікке қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар жүгіне алады.Омбудсмен уәкілетті органдардың функцияларын алмастырмайды, бірақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесетінін атап өткен жөн.Облыс бойынша орталық өкілдігін Дулат Ертұғанұлы Жұмагелдин басқарады.Өкілдік Семей қаласы, Затаевич көшесі, 4 мекенжайында орналасқан.Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстанда жаз мезгілінде 177 адам суға батып кеткен

Arna Press, 06 сентября 2023 в 15:08

Қазақстанда жаз мезгілінде 177 адам суға батып кеткен
ТЖМ ақпаратына сәйкес, шомылу маусымы кезінде 1 маусымнан бастап 136 адам, оның ішінде 51 бала құтқарылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.Тұрғындармен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмаған бала суға батып кетті.Былтыр шомылу маусымында 184 адам (-4 пайыз), оның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала (-15 пайыз) суға батып кеткен.

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты
Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы.

Ғани Бейсембаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Ғани Бейсембаев мұғалімдерге қатысты жаңа өзгеріс туралы айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестаттау жүйесінің жеңілдетілгенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы министр «Хабар 24» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатта мәлімдеді.«Педагог мәртебесін көтеруде біз ұстаздарға деген көзқарасты өзгертуіміз керек.

Қазақстанда күн күрт ысиды

Arna Press, 06 сентября 2023 в 13:38

Қазақстанда күн күрт ысиды
Синоптиктер 7-9 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Болжамға сәйкес, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ұрып, екпінді желмен жаңбырлы ауа-райы сақталады. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.«Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 жылуға дейін көтеріледі деп болжанады.

«Ұлтаралық араздықты қоздырдың». «Немо» дельфинарийі қазақша қызмет көрсетуді талап еткен журналисті кінәлаған 06 сентября 2023, 09:35

Tengrinews, 06 сентября 2023 в 09:43

Қазақстанда кәсібін дөңгелеткендердің қазақ тіліндегі қызметі ақсап тұр. Мәселен, Алматыдағы «Немо» дельфинарийіне 9 бірдей бүлдіршінді ертіп барған Жазира Байдалы есімді қала тұрғыны қойылымның қазақ тілінде болмағанын айтып шағымданды. Massaget.kz тілшісі мәселені зерттеп көрді. Оның сөзінше, билетте қойылымның қай тілде көрсетілетіні жазылмаған.

Үржар ауданында 46 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталған

Arna Press, 05 сентября 2023 в 19:18

Үржар ауданында 46 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталған
Абай облысы әкімдігінің Ішкі аудит қызметі қаржылық бақылау жүргізіп жатыр -, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы әкімі аппаратында Ішкі аудит қызметі құрылған сәттен бастап 6 бірдей тексеріс жүргізді. Құны 4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты мен мемлекет активтері тексерілді.

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді

Arna Press, 05 сентября 2023 в 13:18

Қазақстан президенті Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді
Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды», – деді Президент.Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.«Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс», – деді Президент.Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды«Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды», – деді Президент.Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.Сурет: Aqorda.kz

Франциядан Қасым ханның отбасылық қолжазбасы табылды

Arna Press, 05 сентября 2023 в 12:08

Франциядан Қасым ханның отбасылық қолжазбасы табылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Франциядан табылған Қасым ханның әйелі Айша ханымның қолжазба көшірмесін басып шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ғалымдар белгілі шығыстанушы В.П.Юдиннің XVI ғасырдың басындағы «Таварих гузида Нусрат нама» қолжазбасын көне қазақ тілінде жазылған деп сипаттағанына сүйене отырып, бұл жазбаны да аталған туындыға жақын деп тұжырымдайды.«Қолжазба жеті тараудан тұрады. Әрбір бөлім исламның қасиетті кейіпкерлеріне қатысты бір немесе бірнеше хикаялармен толықтырылған.

Қазақстандықтарға пойыздарда суперинтернет уәде етілді

Arna Press, 05 сентября 2023 в 11:38

Қазақстандықтарға пойыздарда суперинтернет уәде етілді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, таяуда жолаушыларға барлық темір жол бағытында, тіпті алыс аймақтарда да интернет қолжетімді болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның темір жолында спутниктік OneWeb терминалы іске қосылады.«Сигнал қабылдау төменорбиталды спутниктік топтың арқасында қабылданады, соның нәтижесінде байланыс тұрақталады және оны бекеттерде қосымша канал ретінде пайдалануға болады», — дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегия және цифровизация төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.Спутниктік байланыс пен интернет қашан болатыны нақтыланбады.OneWeb LLC — Грег Уайлер негізін қалаған телекоммуникациялық компания.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже әзірленді

Arna Press, 04 сентября 2023 в 17:08

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже әзірленді
Үкімет «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжат бойынша, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып саналады.Министрліктің мынадай ведомстволары бар:Міндеттері:Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:Құжат 18 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін қайта құру Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес іске асырылады.2 қыркүйекте Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.Сурет: Zakon.kz

Қазақстанда 2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған жандарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері артады

Arna Press, 04 сентября 2023 в 16:18

Қазақстанда 2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған жандарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері артады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», – делінген құжатта.Қаулы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.Жоба 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.Сурет: Zakon.kz

Ыстамбұлда туристерге ішімдік ішуге тыйым салынды

Arna Press, 04 сентября 2023 в 14:58

Ыстамбұлда туристерге ішімдік ішуге тыйым салынды
Енді Ыстамбұлда туристерге ішімдік ішуге болмайды. Тыйымды елемегендерге 617 түрік лирасы (шамамен 10 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Ыстамбұл губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, бұл жаңа тыйым емес, тек қолданыстағы заңды ескерту, кейінгі кездері бұл ереже сақталмай кеткен.

Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды

Arna Press, 04 сентября 2023 в 13:48

Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды
Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қалада 3500-ден аса кәсіпкерлік нысандары бар. Ағымдағы жылы 30-дан артық нысанның қасбеттері күрделі жөндеуден өтті.«Көктемде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, ғимараттардың қасбеттерін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру бойынша тапсырмалар берген болатын», деп жазылған хабарламада.Бұдан бөлек, қаңтар айынан бастап 3000 дана хабарламалар таратылып, учаскелік полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша 2 366 хаттама толтырылды.Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысының тұрғыны құрбысына 1,5 млн теңгеден астам несие рәсімдеді

Arna Press, 04 сентября 2023 в 12:48

Абай облысының тұрғыны құрбысына 1,5 млн теңгеден астам несие рәсімдеді
Ақсуат ауданының 35 жастағы тұрғыны танысының атынан микроқаржы ұйымдарының бірінің сайтында тіркеліп, құрбысына 1 558 659 мың теңге көлемінде микрокредит беруге өтінім берген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Танысының сауалнамалық деректерін, оның банктік шотының және ұялы телефонының нөмірін көрсете отырып, қарыз алушының сауалнамасын толтырған.«Сол күні ақшалай қаражат шотқа аударылды.

Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйіне жарылғыш зат «қойылды»

Arna Press, 04 сентября 2023 в 12:48

Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйіне жарылғыш зат
2023 жылғы 3 қыркүйек кешке белгісіз біреу қоңырау шалып, Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйіне «бомба қойылғанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы полициясының баспасөз қызметі 3 қыркүйек күні сағат 23:51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақүйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскенін нақтылады.«Қаланың барлық жедел қызметтері дереу көрсетілген нысанға тартылды. Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды.
Показано 30 новостей из 2 528