Arna Press,
22 августа 2023
в 17:58
Білім министрі Ғани Бейсембаев 22 тамызда үкімет отырысында Қазақстан мектептерінде хиджаб кию туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Сіз мұны жақсы білесіз. Бұл білім алуға тең мүмкіндіктер беру аясында жасалып жатыр. Бұл тұрғыда ешбір өзгеріс жоқ – барлығы заң аясында және бекітілген талаптар аясында.
Arna Press,
22 августа 2023
в 17:18
Түркістан облысы әкімдігі өкілі Сырдария өзенінде 11 адам қаза тапқан оқиғаның мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 21 тамызда сағат 18:00 шамасында тұрғындардан адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Arna Press,
22 августа 2023
в 15:38
Үлкен ауылында атом электр стансасының құрылысын қоғам боп талқылап жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Түрлі көзқарас арасындағы қызу тартыс Жамбыл облысының әкімі Нұрлан Ертастың сөзін бұзып жібере жаздады.Қоғам белсенділері плакаттармен шығып, құрылысқа қарсылық білдірді.
Arna Press,
22 августа 2023
в 13:48
Қарағанды қаласында 17-19 тамыз аралығында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы ІІМ чемпионаты өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған еліміздің күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының құрама командалары қатысты — барлығы 34 команда, 350-ден астам қатысушы бақтарын сынады.Абай облысы Полиция департаментінің 3 санатты аға инспекторы полиция капитаны Ринат Махмутов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.Жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Ербота Нұртасов 80 кг салмақ дәрежесінде күміс, жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Бекзат Қайдаров үшінші орынға ие болып, 97 кг салмақ дәрежесінде қола жүлде арқалады.«Абай облысының Полиция департаменті спортты дамытуға, оның ішінде қоян-қолтық ұрысқа көп көңіл бөлуде.
Arna Press,
22 августа 2023
в 13:48
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жол апатынан 7 адам зардап шеккен:«Бір ересек адам оқиға орнында ауруханаға жатқызудан бас тартты, екеуін жедел жәрдем бригадасы қалалық клиникалық аурухана мен орталық клиникалық ауруханаға жеткізді.
Arna Press,
22 августа 2023
в 12:48
Кірістер комитеті әрбір кері қайтарылған құжатқа нақты себеп бар деп отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Несие төлеуге мүмкіндігім жоқ», — деген кейбір борышкерлердің депозитте жиғаны бар болып шыққан, деп жазады qazaqstan.tvКредит төлей алмайтындарды құтқаратын арнайы заң қабылданғаннан кейін алғашқылардың бірі болып өтініш берген алматылық Гауһар Дауылжанқызы.
Arna Press,
21 августа 2023
в 18:18
Өткен демалыс күндері ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Рейд барысында 20 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, ал кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жазаға тартылған».
Arna Press,
21 августа 2023
в 17:08
Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны кешкі уақытта белгісіз біреудің оның пәтерінің терезесіне оқ атқандығы туралы шағым түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады.
Arna Press,
21 августа 2023
в 17:08
Қазақстанда кейінгі 5 жыл ішінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайда тұрақты оң динамика байқалады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Туберкулезбен сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіші 2018 жылы 81,7-ден 2022 жылы 100 мың халыққа шаққанда 36,5-ке дейін төмендеді, таралуы бойынша 2018 жылы 69,2-ден 2022 жылы 49,6-ға дейін төмендеді, өлім-жітім де 2018 жылы 7,4-тен 2022 жылы 1,6-ға дейін төмендегені айтылды.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатры Мәлік Әденовтің айтуынша, 2023 жылдың 1-жартыжылдығындағы көрсеткіштерді талдау кезінде сырқаттанушылықтың, таралудың және өлім-жітімнің төмендеуі байқалады.
Arna Press,
21 августа 2023
в 15:28
Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз етуге өз резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатқа сай, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталады.Бүгінде ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.
Arna Press,
21 августа 2023
в 14:38
Алматыда автобустарда, метрода және троллейбустарда жол жүру ақысы өсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Соған орай картамен немесе SMS код арқылы төлегенде, 100 теңге болса, ал қолма-қол төлеу кезінде жолақысы 200 теңгеге жетті. Бұрын жол жүру құны 80 және 150 теңге болған еді.Тегін жүруге кімдер құқылы?Кімге 50 пайыз жеңілдік беріледі?Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге жаңа тарифтер бекітілгені хабарланған еді.Сурет: Tengrinews.kz
Arna Press,
21 августа 2023
в 14:38
Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қанша болатыны көрсетілген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Заң жобасына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:АЕК жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.
Arna Press,
21 августа 2023
в 13:48
Ақтауда екі демалыс орнында қыз бен ер адам суға батып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Лада» басылымының ақпараты бойынша, жедел жәрдем дәрігерлері 14 жастағы қыз «Монтажник» демалыс базасында сағат 11:47-де қаза болды деп айтты.Екінші қайғылы оқиға кешкі уақытта «Бриз» демалыс орталығында болды.
Arna Press,
21 августа 2023
в 12:58
Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан облыстың түкпір-түкпіріндегі көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Inaktau.kz сайтының хабарлауынша, нөсер жаңбыр салдарынан Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің төбесінен су атқылаған.
Arna Press,
17 августа 2023
в 17:48
Биыл наурызда Өскеменде болған оқиға үлкен қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ойын-сауық орталығында кәмелетке толмаған қызды қатігездікпен ұрып-соққан видео Желіге сәуірде ғана шыққан еді.Қыздың әжетханада қатыгездікпен соққыға жығылған сәтін сол жерде болған қыздардың бірі видеоға түсіріп алған.
Arna Press,
17 августа 2023
в 13:58
Алдыңғы түні полиция қызметкері «ВАЗ» жүргізушісінен тоқтауды талап еткен еді. Алайда тоқтаудың орнына жас жігіт жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқандықтан оның артынан қуу басталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Автөкөлік қозғалысын 20 минут бойы жалғастыра берген.
Arna Press,
17 августа 2023
в 13:28
2022 жылы Қазақстан бюджетіне туризмнен 389 миллиард теңге түсіпті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық банк мәліметінше, алыс шетелден Қазақстанға келген бір турист орташа есеппен 1500 доллар пайда әкеледі екен. Осылайша, әрбір шетелдік демалушы елімізде 2 жұмыс орнын қамтамассыз ететін болып шықты.Былтыр Қазақстанға 1 миллион шетелдік турист келіпті.
Arna Press,
16 августа 2023
в 19:08
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің барлық өңірінде жер телімін беру және оларға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекетіне сырттай талдау жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Алматы облысында берілген ұсыныстарды орындау мақсатында мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен жалпы ауданы 11 мың гектар 19 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Басқарма талдау барысында облыста 65 мың гектардан астам жер учаскесі анықталғанын, оларды бергенде сыбайлас жемқорлық болғанын айтты.«Жайылым жерлерін жосықсыз жеке меншікке беру салдарынан облыстың негізгі тұрғындары арасында мал жаю үлкен мәселеге айналды.
Arna Press,
16 августа 2023
в 18:18
Қазақстанның теннис федерациясы АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Цинциннати турнирінде Елена Рыбакинаның қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.Елена Рыбакина 2017 жылғы «Ролан Гаррос» чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Остапенко WTA рейтингінде 20-орында тұрса, Рыбакина әлемнің 4-ракеткасы саналады.
Arna Press,
16 августа 2023
в 17:18
eGov.kz «Электрондық үкімет» порталында қазақстандықтардың өздері туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, некеге тұру және ажырасуға, бала асырап алуға өзгерістер енгізе алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жаңа қызмет құжаттарға әдейі өзгертулер енгізуді (қате енгізілмеген өзгертулерді) қарастырады, егер жеткілікті негіздер болса және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаса.
Arna Press,
16 августа 2023
в 16:18
Алматыда «Маугли» балалар табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Дабыл қаққан Медеу аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы бірнеше күн бойы полицияда есепте тұрған 41 жастағы Х. есімді азаматшаның отбасын тексеруге әрекеттенген.«Бұл отбасын биылғы жылдың мамыр айында тіркедік, балалардың анасы Павлодардан келген.
Arna Press,
16 августа 2023
в 13:38
Бүгін қала әкімі мердігер ұйымдарының басшыларымен Крайняя, Жангелдин, Тұрғанбаев және Степной кентіне кіреберіс жолы Би Боранбай көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын тексерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Айта кетейік, бүгін Степной кентіне апаратын Би Боранбай көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталды.«Ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстардың 50%-ы аяқталды.
Arna Press,
16 августа 2023
в 12:38
Абай облысының білім беру ұйымдарында 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік жағдайына қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп, ас мәзірі бекітіліп жатыр.
Arna Press,
16 августа 2023
в 11:38
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Qazaq kuresi Ассоциациясы қазақ күресін дамытуға және оны мектеп бағдарламасына енгізу бағытында кешенді жұмыс жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.Ұлттық спорт түрін пән ретінде оқыту ең алғаш 2021 жылы Астана қаласындағы мектептерде апробациядан өтті.
Arna Press,
16 августа 2023
в 11:38
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.16 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 102,7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Arna Press,
15 августа 2023
в 17:28
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты даулы жағдайға пікір білдірді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазір оқу жылының ұзақтығы мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.«Кез келген шешім балалардың мүддесі үшін қабылдануы керек.
Arna Press,
15 августа 2023
в 15:38
Таразда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жамбыл облысы полиция депратменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тараз қаласының полицейлеріне қала тұрғыны хабарласып, алаяқтық құрбаны болғанын хабарлаған. Ол 2022-2023 жылдары пәтерін жалға алған азаматқа алданып қалғанын айтқан.Жалға алушы әйелге өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған.
Arna Press,
15 августа 2023
в 14:48
Бүгін ҚР Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осы жылдың қаңтар-шілде айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінен Қазақстан өңірлері арасында Абай облысы алдыңғы орында екенін атап өтті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдітің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«7 экономикалық көрсеткіштен өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай: барлық көрсеткіштерден оң өсім 6 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды», — деді Әлібек Қуантыров.Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 12,4%-ды құрады.
Arna Press,
14 августа 2023
в 15:18
Өскеменде психотроптық заттарды қойып кетумен айналысқан 20 жастағы күдікті ұсталды, – деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. .ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдеріне Өскемен қаласында психотроптық заттарды қойып кетуді жүзеге асыратын облыс орталығының тұрғынына қатысты ақпарат келіп түскен.Осы ақпаратты тексеру барысында тәртіп сақшылары ШҚО ПД ОЖВ арнайы бөлінісімен бірлесіп, облыс прокуратурасының қатысуымен аталған ер адамды ұстады.Ұсталған 20 жастағы күдікті дереу жеке тінту кезінде 12 полимерлі ұнтақ және түйіршік түріндегі зат табылып, тәркіленді.
Arna Press,
14 августа 2023
в 14:18
Қазақстанда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасына ақшалай төлемдер беріледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігу (жарақат, контузия) салдарынан қаза тапқан мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жасау қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы қаулының жобасын ұсынды.Ережеге сәйкес, мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің отбасы мүшелері, атап айтқанда олардың жұбайы, балалары, оның ішінде асырап алған балалары, өгей балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен кәмелетке толғанға дейінгі өгей қыздары төлемақы ала алады.Төлемдерді алу үшін бірқатар құжат пен өтініш беру қажет: қызметкердің қайтыс болғаны туралы куәлік, некені немесе тууды тіркеу туралы куәлік және басқалар. Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс.