Стоковые изображения от Depositphotos
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты даулы жағдайға пікір білдірді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазір оқу жылының ұзақтығы мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.
«Кез келген шешім балалардың мүддесі үшін қабылдануы керек. Біз барлық сарапшының пікірін ескеруіміз керек. Сондықтан мен түрлі сараптамалық пікір білдіретін адамдармен кездестім. Осы аптада барлық сарапшы жиналып, бір шешімге келуі керек».Ғани Бейсембаев
2022 жылы Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзартылды. Бұл өзгерістер қазақстандықтар арасында қызу пікірталас тудырды.
Білім министрі 25 шілдеде сарапшылардың оқу жылының ұзақтығына келісіп, ол 36 апта болуы керек деген шешімге келгенін хабарлады. Бірақ соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Қоғам қайраткерлері оқу жылының ұзартылуын сынға алды.
Сурет: primeminister.kz
По сообщению сайта Arna Press