Популярные темы

ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды

Дата: 21 августа 2023 в 17:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО-да көршісінің терезесіне оқ атқан ер адам ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны кешкі уақытта белгісіз біреудің оның пәтерінің терезесіне оқ атқандығы туралы шағым түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Күдікті көрші подъездте тұратын 23 жастағы жас жігіт болып шықты.

«Ұсталған адамның үйіне шұғыл тінту жүргізу барысында полицейлер 12 калибрлі екі патронды, «ИЖ-18 ЕМ-М» маркалы бір ұңғылы аңшылық мылтық пен 12 калибрлі үш гильза, сондай-ақ 12 калибрлі 8 патрон тапқан».

Белгілі болғандай, сол күні кешке ұсталған ер адам жәбірленушіден бір қабат жоғары тұратын көршісімен сөзге келіп қалған. Күдікті аулаға шығып, қарама-қарсы үйдегі сол көршісінің терезесін көздеген. Көршісіне ренжіген жас жігіт мылтықты нысанаға бағыттаған, алайда атылған оқ еш кінәсі жоқ басқа тұрғынның терезесіне тиіп кеткен. Кейінірек, сөзге келіп қалған көршісінің терезелері ауланың басқа жағына қарайтыны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің  293-бабы 3-бөлігімен «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаны көздейді.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями