Стоковые изображения от Depositphotos
Алдыңғы түні полиция қызметкері «ВАЗ» жүргізушісінен тоқтауды талап еткен еді. Алайда тоқтаудың орнына жас жігіт жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқандықтан оның артынан қуу басталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автөкөлік қозғалысын 20 минут бойы жалғастыра берген. Инспекторлар қызметтік УАЗ-бен жолды жауып, көлікті тоқтата алды.
Тізгінде 17 жасар жасөспірім мас күйінде болған.
Жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірім үшін ата-анасы жауапкершіліктен босатылмайды.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press