Популярные темы

Қазақстан былтыр туризмнен рекордты табыс көрді

Дата: 17 августа 2023 в 13:28 Категория: Новости туризма


Қазақстан былтыр туризмнен рекордты табыс көрді
Стоковые изображения от Depositphotos

 2022 жылы Қазақстан бюджетіне туризмнен 389 миллиард теңге түсіпті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz  сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк мәліметінше, алыс шетелден Қазақстанға келген бір турист орташа есеппен 1500 доллар пайда әкеледі екен. Осылайша, әрбір шетелдік демалушы елімізде 2 жұмыс орнын қамтамассыз ететін болып шықты.

Былтыр Қазақстанға 1 миллион шетелдік турист келіпті. Ал туризмнен түскен пайда рекордқа жетіп, 389 миллиард теңгені құраған.

Демалушыларды күтетін орындар 183 миллиард теңге көлемінде табысқа кенелген.

«Кейінгі екі жылда елімізде туризм саласында еңбектенетін адамдар саны артып, 500 мың адамға дейін жетті. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін 800 мың адамды туризм саласындағы жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр», — дейді мәдениет вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Сурет: pixabay.com/visitalmatykz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости туризма
Поделитесь новостью с друзьями