Популярные темы

Үкімет ТЖМ-ның бөлімшелеріне арнайы құрылғылар алу үшін 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Дата: 21 августа 2023 в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Үкімет ТЖМ-ның бөлімшелеріне арнайы құрылғылар алу үшін 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді
Стоковые изображения от Depositphotos

Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз етуге өз резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сай, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталады.

Бүгінде ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биыл болған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олардың санының жеткіліксіз екенін көрсетті. Сонымен қатар қазір ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады. 

«Жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — делінген үкімет хабарламасында.

Еске салайық, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрттері, 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями