Популярные темы

Тараз тұрғыны «ҰҚК қызметкеріне» 16 млн теңге берген

Дата: 15 августа 2023 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тараз тұрғыны
Стоковые изображения от Depositphotos

Таразда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция депратменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тараз қаласының полицейлеріне қала тұрғыны хабарласып, алаяқтық құрбаны болғанын хабарлаған. Ол 2022-2023 жылдары пәтерін жалға алған азаматқа алданып қалғанын айтқан.

Жалға алушы әйелге өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған. Ол ұлын мемлекеттік қызметке алуға көмектесуге уәде беріп,16 миллион теңге сұраған. Біраз уақыттан кейін ғана әйел «ҰҚК қызметкерінің» құқық қорғау органына еш қатысы жоқ екенін сезе бастаған.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері 26 жастағы жұмыссыз облыс орталығының тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажет жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Түркістан облысында да осындай оқиға болды: онда ҰҚК-нің жалған қызметкері жергілікті тұрғынның 1,5 миллион теңгесін алып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями