![](/illustrations/b/2021/12/07/1638876185-204.jpg)
Желіде қазақша сөйлейтін роботтың видеосы тарап жатыр. Киімі танымал «Игра в кальмара» сериалындағы образға ұқсас. Tengrinews.kz тілшісі осы роботтың құрастырушысы Бауыржан Ақбарақовпен сөйлесіп, туындысы туралы сұрап білді. Бауыржан 31-жаста. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» театрында автоматизация жүйесінің әкімшісі қызметін атқарады.