Популярные темы

Семейліктердің аулаларына жасалған жөндеуге көңілдері толмайды

Дата: 14 ноября 2023 в 14:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейліктердің аулаларына жасалған жөндеуге көңілдері толмайды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулаларына салынған балалар ойын алаңдарына көңідері толмайдыдеп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Өңіріміз облыс мәртебесін алғаннан бері қалада көптеген оң өзгерістер орын алуда. Қала көркейіп, жаңа нысандар бөй көтеріп, қоғамдық орындар жөнделіп, ал кейбіреулері жаңадан салынып жатыр. Дегенмен, қоғамдық кеңес мүшелері аулаларды жөндеу жұмыстарына толыққанды көңілдері толмайтынын, ал қала тұрғындары наразылық білдіріп жатқанын айтты.

«Меніңше, аулаларды салу жобасы о бастан дұрыс жасалмаған. Себебі, әр бір аулаға бөлек жоба болған жоқ. Мердігер ұйымның өкілдері келіп, ауланы өздері қалағандай салатын. Тіпті сол ауланың аумағы нақтыланбаған. Соның себебінен аулалардың тендерлік бағасы да әр-түрлі болған. Мысалы, бір тендерде 12 аулаға 477 млн теңге бөлінген. Сонда, әр бір ауланы шамамен 40 млн теңгеге салу керек болатын. Бұл қарапайым математика. Бірақ мен 40 млн теңгеге тұрмақ, аталған 24 млн-ға жасалған ауланы көріп тұрғаным жоқ», дейді қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Илья Бороховский.

Қоғам белсендісінің айтуы бойынша бұл аулалардың көбісі аталған жобаға сәйкес келмейді. Жобада әткеншектерде арқаға сүйеніш, орындықтарда шатыры, жаттығу жасайтын құрылғылар болуы керек. Іс жүзінде мүлдем сәйкес келмейді.   

«Ауланы жасағандай болды, бірақ түк жоқ. Отыратын орындық жоқ, қоқыс тастайтын шәжік жоқ. Біз де біраз отырып демалғымыз келеді. Зейнеткерміз. Ал мысалы әткеншек сынып қалды. Оны ешкім жөндеген жоқ. Енді балалар ғой, отырады, ойнайды. Менің ойымша, осы дұрыс істелінбеген жұмысқа қандай да бір шара қолдану керек», дейді қала тұрғыны Жібек Мұстафинова.

Қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Ерназ Мұқатаевтың айтуы бойынша шара қабылдануда.

«Мысалы, «Алтын жаңбыр» мердігер ұйымы 50 млн теңгеге жуық шығын келтірді. Бүгінгі күні тергеу жүргізіліп, кейіннен мердігер ұйымды жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданады».

Сонымен қатар, Ерназ Мұқатаевтың айтуы бойынша басқа да мердігер ұйымдар жүргізген жұмыстарға жауапты бөлімнің көңілі толған жоқ. Мысалы, қаладағы 35 ауланы жөндеген «Жан-Ерке» мердігерлік ұйымға ескертулер жасалды.

«Аталған ескертулерді жөндегеннен кейін ғана төлем жүргізіледі. Бүгінде мердігер ұйымдарға тек қана жасалған нақты жұмыс үшін ғана төленді. Біз бұл мәселені қадағалаудамыз», деп қосты ТКШ бөлімінің басшысы.

Айта кетейік, биыл 70 ауланы жөндеуге 2.2 млрд теңге бөлінген.

Бақытгүл ҚАЗЕЗ

Сурет автордікі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями