SportInfo,
16 марта 2026
в 11:46
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында маусымның ең ірі теннис турнирлерінің бірі мәресіне жетті. Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина титул үшін таласта рейтинг көшбасшысы Арина Соболенкоға жол берді. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған бұл матч турнирдің нағыз көркіне айналды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚТФ сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
13 марта 2026
в 22:56
Қазақстандық Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды.
Arna Press,
12 марта 2026
в 17:58
Абай облысында «Қаладан ауылға» пилоттық жобасына арналған Auylga.kz сайты іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz.Бұған дейін сайтымызда бұл жобаның ресми сайты әзірленіп жатқанын жазған едік. Қазір платформа толық іске қосылып, бағдарламаға қатысты барлық қажетті ақпарат жүктелген.Жобаның жұмыс тобының мүшесі Қанат Тұрардың айтуынша, бастама облыс әкімі Берік Уәлиұлының ұсынысымен қолға алынған «Қаладан — Ауылға» қанатқақты жобасын іске асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
Arna Press,
11 марта 2026
в 18:38
Алматыдағы «Радио үйі» ғимаратында «Шалқар» радиосының толық жөндеуден өткен жаңа студиясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа студияға қазақ радиосының тұңғыш дикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітованың есімі берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz turkystan.kz сілтеме жасапСалтанатты шараға радио саласының ардагерлері, қазіргі қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Arna Press,
10 марта 2026
в 20:08
Әлеуметтік желілерде Семей қаласында су басу жағдайына қатысты тұрғындардың шағымдары көбейіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kzЖеліде тараған жазбалардың бірінде қала тұрғыны өзі тұратын үйдің шатыры ағып, пәтерін су басып жатқанын айтып, көмек сұраған. Оның айтуынша, ол Дулата Бабатайұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің 10-қабатында тұрады. Қазіргі уақытта төбеден су ағып, пәтердің бірнеше бөлмесіне — ванна, зал және дәлізге су кетіп жатқанын жеткізген.Сондай-ақ тұрғын үйінде кішкентай екі баласы бар екенін айтқан.
SportInfo,
10 марта 2026
в 18:56
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп өтіп, қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК сілтеме жасап хабарлайды.
Arna Press,
10 марта 2026
в 18:08
Семей қаласында қоғамдық орында тәртіп бұзған шетелдік азаматтарға Қазақстан аумағына кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы Arnapress.kz Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.Әлеуметтік желілерде Абай даңғылы бойындағы бір мекеменің жанында күндізгі уақытта екі шетелдік азаматтың қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеп жатқан сәті түсірілген видео тараған.
Arna Press,
09 марта 2026
в 16:58
Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр деп хабарлайды Arnapress.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасапРепатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:KC2264 Маскат-Алматы рейсі ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.
SportInfo,
09 марта 2026
в 00:06
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.
SportInfo,
07 марта 2026
в 11:16
XIV қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Италияның Верона қаласында өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Туризм жəне спорт министрлігінің ресми сілтеме жасап хабарлайды. Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысады. Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды.
Arna Press,
05 марта 2026
в 11:08
Bala Park ойын-сауық орталығының бутиктерін жалдап отырған кәсіпкерлер Arnapress.kz редакциясына өз мәселелерін жеткізді.Еске сала кетейік, 3 наурыз күні орталық ғимаратынан өрт шығып, шатыры опырылған болатын. Қазіргі уақытта нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалған.
Arna Press,
04 марта 2026
в 16:18
Семей қаласында Senat Open турнирінің 1/8 финалы аясында атқарушы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шахматтан тартысты сайыс өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.Аталған жоба 2026 жылдың 7 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында ҚР Парламенті санатының бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясы қолдауымен ұйымдастырылып жатқан республикалық турнир.
Arna Press,
04 марта 2026
в 14:58
Бұған дейін ата-аналар балалардың мектеп асханасындағы тамақ сапасына қатысты түрлі пікір білдіріп, кейбірі дәміне көңілі толмайтынын айтқан болатын. Осыған байланысты Arnapress.kz тілшісі Семей қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия асханасына арнайы барып, таңғы ас барысымен танысып, оқушылармен тілдесіп қайтты.Таңғы ас уақыты – сағат 10:00.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 19:18
Абай облысында «Қаладан ауылға» жобасы ауыл тұрғындарын тұрақтандыруға және елді мекендерге жаңа тұрғындарды тартуға бағытталған. Жоба шарты, міндеті және сайт та жасалып жатыр деп хабарлайды Arnapress.kz «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы жайлы анық-қанығын білу үшін осы жоба бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі Қанат Тұрармен байланысқа шықтық.
Arna Press,
27 февраля 2026
в 10:48
Щучинск қаласында орналасқан «Центр плова» дәмханасында жарылыс болып, соның салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, 26 ақпан күні кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелген.
SportInfo,
25 февраля 2026
в 16:56
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша отандасымызға ризашылығын білдірді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Aqorda сілтеме жасап хабарлайды. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұл кездесуге Олимпиада чемпионы ретінде қатысу – мен үшін зор мәртебе.
Arna Press,
23 февраля 2026
в 18:58
15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша референдумға арналған бюллетень үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сілтеме жасапБюллетеньде: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ берілген.Дауыс берушілерге екі жауап нұсқасы ұсынылады: «Иә, қабылдаймын» және «Жоқ, қабылдамаймын».
SportInfo,
23 февраля 2026
в 12:36
Жезқазғанда Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы шахматтан чемпионаты өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясы сілтеме жасап хабарлайды. Жарыс үш түрден тұрды: классика, рапид және блиц. Жас жігіттер мен қыздар бөлек сайысты.
SportInfo,
21 февраля 2026
в 21:36
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Елизавета Голубева Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Спортшы әйелдер арасындағы масс-старт жарысында ел намысын қорғауда.
SportInfo,
21 февраля 2026
в 11:06
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадада шорт-тректен 1500 қашықтықта ширек финалдық сайыстар өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Бұл сында ел намысын Ольга Тихонова және Яна Хан қорғады. Айта кетейік, жартылай финалға шығу үшін 1–3-орын алу немесе төртінші орын иегерлері арасында ең үздік уақыт көрсеткішін тіркеу қажет еді.
SportInfo,
21 февраля 2026
в 10:16
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада киген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Салтанатты рәсім Италияның Милан қаласындағы Конькимен жүгіру спорты үйінде өтті. Іс-шараға Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президенті Ким Чжэ Ёль, Олимпиада мұражайы директорының орынбасары Ясмин Майхтри, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты. ҚР ҰОК басшысы Шайдоровтың жеңісі Қазақстан мәнерлеп сырғанауының тарихындағы алғашқы олимпиадалық алтын медаль екенін атап өтті.
SportInfo,
20 февраля 2026
в 18:16
Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиадада сынға түсті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев алғашқы іріктеу кезеңінде бақ сынады.
SportInfo,
20 февраля 2026
в 03:06
Софья Самоделкина өз мансабындағы жаңа рекордты орнатты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды. Еркін бағдарламада сынға түскен спортшымыз жалпы 207.46 ұпай жинады. Бұған дейінгі оның рекорды 205.67 (2021 жыл) ұпай еді.
Arna Press,
18 февраля 2026
в 12:48
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады деп хабарлайды Аrnapress.kz Тенгринюсқа сілтеме жасап.«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады комитет өкілдері.Жақсылық Омарға нақты қандай күдік тағылғаны әзірге нақтыланбады.
SportInfo,
18 февраля 2026
в 06:46
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, аралық 12-орынға тұрақтады.
SportInfo,
17 февраля 2026
в 21:46
Қазақстандық спортшы Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз тұғырдан секіру нәтижесі бойынша 35-орынға жайғасты. Шаңғы жарысында спортшы дәл осы орыннан, көшбасшыдан 4 минут 6 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шықты.
SportInfo,
15 февраля 2026
в 01:56
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен биік тұғырдан секіру жарысы аяқталды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Ақтық бәсекеде ел намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғады. Нәтижесінде Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орынмен жарысты аяқтаса, Даниль Васильев 235,9 ұпай жинап, 27-орынға тұрақтады.
SportInfo,
15 февраля 2026
в 00:06
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында конькимен жүгіруден әйелдер арасында командалық із кесу жарысының ширек финалы өтті. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапында Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко өнер көрсетті.
SportInfo,
14 февраля 2026
в 22:56
Тау шаңғысынан Қазақстан құрамасының өкілі Ростислав Хохлов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Отандасымыз слалом-гигантта ел намысын қорғады. Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар жүлдеге ие болады.
SportInfo,
14 февраля 2026
в 19:56
Қазақстан әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында бұл сында ел намысын Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Надежда Степашкина және Дарья Ряжко қорғады. Қазақстандық шаңғышы қыздар 15-орынға ие болды.